Топографиялық карталардың қолдану аясы
Автор: Aliyabatyrbek • Сентябрь 25, 2018 • Реферат • 2,791 Слов (12 Страниц) • 3,560 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Топографиялық карталардың қолдану аясы
Орындаған : Батырбек Ә
Тобы : Гг – 11
Қабылдаған : Арыкбаева К.М
Астана – 2018 ж
Жоспар
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Топографиялық карта дегеніміз не ?
Топографиялық карталардың номенклатурасы жəне жіктелуі туралы
түсінік.
Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.
Топографиялық карталардың қолдану аясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Топография (грек тілінен аударғанда topos-орын және графия) жер бетін планға және ірі масштабты картаға (1:100 000 масштабқа дейін) түсіру әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Ол әдетте геодезияның бір бөлімі ретінде де қарастырылады. Топография жер бетін зерттеуге физикалық және экономикалық географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (яғни топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық түсіру –белгілі бір участкенің топографиялық картасын жасау үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығы. Топографияға мензулалық түсіруден басқа тахеометриялық түсірулер, сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері де жатады.Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Мысалы, картаның масштабы неғұрлым ірірек алынса, онда картада жер беті элементтері (мөлшері кішкене болып бейнеленген) көбірек қамтиды. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі (картографиялық генерализация) артады. Яғни, мұндай жағдайда картаға география тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды роль атқарады.Аэрофототүсіру әдісінің шапшаң дамуына байланысты мензулалық түсіру өзінің бұрынғы атқаратын ролін төмендетті. Сөйтіп ол шағын аудандағы түсіру жұмыстарында қолданылатын болды. Дегенмен жер бетінде жүргізілетін түсірулердің көптеген тәсілдері мен әдістері аэрофототопографиялық түсіру үшін әлі де бұрынғы маңызын жойған жоқ. Топографиялық картаның мазмұнын толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық ұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемканемесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады. Топографиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы оның масштабында. Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілерімен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері – бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық және сандық сипаттамалары беріледі.
Топографиялық картаның масштабы ірі болғандықтан үлкен территорияны бейнелеуде бір бетте беру мүмкін емес, сондықтан оны бірнеше беттер түрінде бейнелейді. Картаның бірнеше беттерге бөлінуін жіктелу (разграфка) деп атаймыз. Әрбір бет меридиандар мен параллельдермен шектелген, Өйткені меридиандар полюстерде бір-бірімен қосылғандықтан, параллельдер мен меридиандармен шектелгендіктен трапециялық беттер құрайды. Бетің мөлшері ендіктер мен бойлықтар бойынша картаның масштабына байланысты болады. Картаның əрбір бетін белгілі бір белгімен немесе адресін белгілеу (Өйткені картаны беттері жəне оданда көп болып келеді) Cол үшін белгілі бір белгілеу жүйесін қолданады оны топографиялық картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның номенклатурасы картаның масштабына жəне бейнеленіп отырған территорияның орнына байланысты болады. Миллиондық масштабтағы карталардағы белгіленулер негізінен əріптік қатарлармен колонналар номерінен тұрады. Мысалы, екі параллель арсындағы 52º пен 56º с.е. орналасқан жəне екі меридиан арсындағы 30º пен 36º ш.б. орналасқан трапеция төмендегідей номенклатураға ие болады. N-36, яғни б)лар 14-ші белдікте (14 əріп N орналасан) жəне 30º жəне 36º меридиандар арасы 36 колоннаға сəйкес келеді. Масштабы 1: 500 000 картаның номенклатурасын алу үшін масштабы 1: 1 000 000 картаны бір беттік трапециясына меридиан жəне параллель жүргізу арқылы 4-ке бөледі. Әрбір беттің номенклатурасы бастапқы 1:1 000 000 масштабтағы номенклатураға тіркеліп жаз ылады. Мысалға, N-36- А. Масштабы 1: 50 000 картаның номенклатурасын алу Cшін, масштабы 1: 100 000 картаны амту трапециясын ке бөлу арқылы алады. Мысалға төмендегідей номенклатураны алуға болады N-36-54-Г. Масштабы 1: 25 000 картаның номенклатурасын алу үшін елу мыңдық масштабтағы картаның номенклатуралық бетін 4-ке бөлу арөылы алады. Алынған номенклатура елу мыңдық номенклатурадан кейін жазылады. Мысалы, N-36-54-Г- а..
...