Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атом спекторы

Автор:   •  Март 30, 2024  •  Реферат  •  882 Слов (4 Страниц)  •  104 Просмотры

Страница 1 из 4

                                           Жоспары:

      Кіріспе

     Негізгі бөлім

1.Атом спекторы

2.Сызықтық спектр сериялары

3.Бальмер,Лайман,Пашер,Брэкет сериялары

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

                                                     

                                               Кіріспе

Ең алдымен атомдар туралы айта кетсек,негізінде әр бір атом тек өзі шығара алатындай ғана мөлшерде сызықтық спектрлерді жұтады.Спектр дегеніміз-физикалық шаманың тек өзі қабылдай алатын мәндер жиынтығын айтамыз.Атомдық спектрлер - еркін немесе өзара бірімен-бірі әлсіз әсерлесетін атомдардың электрондық энергия деңгейлері арасында кванттық ауысулар кезінде пайда болатын шығару және жұтылу спектрлері; а.с .-сызықтық,яғни жеке сызықтардан тұрады.Атомдар электромагниттік сәулені шығарған және жұтқан жағдайда сәуле жұтқан немесе шығарған әрбір атомның ішкі энергиясы өзгереді.Атомның ішкі энергиясы оның ядросының энергиясы мен электрондарының энергиясынан құралады.Егер атомға сырттан әсер етілмесе, онда оның ядросы мен электрондары атомның ішкі энергиясы ең аз болатындай энергетикалық күйлерге жайғасады, яғни атом қозбаған болады.Бір элементтің барлық атомдарының ішкі энергиялары бірдей болады.Атомды оған сырттан қосымша энергия беру арқылы ғана қоздыруға болады.Ядроны қоздыру үшін 10^5 эВ шамасындағы үлкен энергия қажет,бұл γ-сәулесі кванттарына сәйкес келеді.Оптикалық ж/е рентген спектрлері алынатын жағдайларда атом ядроларының энергиясы өзгермейді де,атомдардың ішкі энергиясы тек электрондардың энергетикалық күйлеріне тәуелді болады.Ядромен берік байланысқан толған ішкі электрондық қабықтағы электронды қоздыру н/е жқлып шығару үшін едәуір жоғары мөлшерде энергия қажет.Ішкі электрондық қабықтар өзгеріске ұшырағанда атомдар рентген сәулесі кванттарын жұтып н/е шығаратын болады,бұлар элементтің рентгендік спектрін береді.Атомның сыртқы ж/е толмаған ішкі электрондық қабықтарының электрондары ядромен едәуір әлсіз байланысқан.Бұларды қоздыру үшін,тіпті жұлып шығару үшін бар болғаны бірнеше эВ энергия жеткілікті.Көрінетін,ультракүлгін,инфрақызыл сәуле фотондарының энергиясы осы шамалас болады және де осындай энергияны атомдар доғалық,ұшқындық разряд сияқты жарық көздерінде қабылдай алады.

               

                                                   1.Атом спекторы

Атомдық спектр — еркін немесе әлсіз әсерлесетін атомдардың (мыс., газ, бу) жұтылу және шығару спектрі. Ол атомның энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысулар нәтижесінде пайда болады. Атомдық спектр сызықтық спектр болып есептеледі, яғни олар жеке-жеке спектрлік сызықтардан тұрады. Спектрлік сызықтардың әр қайсысы Бордың жиіліктер шарты бойынша һ= Еі - Eк, (мұндағы h — Планк тұрақтысы) атомның Еі және Ек екі энергия деңгейі арасындағы ауысуға сәйкес келеді. Спектрлік сызықтар толқын ұзындығы (=), жиілік ()с/с, мұндағы с — жарық жылдамдығы) және фотон энергиясы (h) арқылы сипатталады. Атомдық спектр-лерге энергиясының айырымы бірнеше эВ-тан аспайтын сыртқы электрондардың энергиялық деңгейіндегі ауысулар нәтижесінде пайда болатын, инфрақызыл (толқын ұзындығы бірнеше нм-ге дейінгі) және ультракүлгін спектрлер, сондай-ақ энергиясының айырмасы 1031104 эВ-қа жететін ішкі электрондардың энергиялық деңгейіндегі ауысулар кезінде пайда болатын рентгендік спектрлер, радиожиіліктегі спектрлер (атомның нәзік түзілісі мен аса нәзік түзілісі деңгейлеріндегі ауысуға сәйкес келетін) жатады. Атомдық спектрдің түрі берілген элемент атомының құрылысына ғана емес, сыртқы факторларға да (температура, қысым, электр және магнит өрістері) тәуелді. Ең қарапайым Атомдық спектр белгілі заңдылық бойынша орналасқан спектрлік сызықтар — спектрлік серияларды түзеді. Екі не одан да көп сыртқы электрондары бар атомдардың Атомдық спектрі күрделі болып келеді. Күрделі спектрлерде серияларды бір-бірінен ажырату қиын. Атомдық спектр сызықтарының нәзік түзілісі және аса нәзік түзілістері болады. Бұлар электронның спинімен (нәзік түзіліс) және атом ядросының магниттік және электрлік моменттерімен (аса нәзік түзіліс) байланысты. Электронның спиндік және орбиталық магниттік моменттерінің әсерлесуі атомның энергия деңгейлерінің бірнеше деңгейшеге жіктелуін (нәзік түзіліс) тудырады. Осының нәтижесінде атомның спектрлік сызығы бірнеше құраушыға жіктеледі. Осы сызықтар тобын мультиплет деп атайды. Атомдық спектрді зерттеу атом құрылысын анықтау кезінде, спектроскопия мәселелерін шешуде т.б. маңызды рөл атқарады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (107.4 Kb)   docx (840.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club