Қалпына келмейтін табиғат ресурстары
Автор: Zhaniya Demeuova • Апрель 17, 2018 • Реферат • 1,701 Слов (7 Страниц) • 42,819 Просмотры
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы:Қалпына келмейтін табиғат ресурстары
Орындаған:Демеуова Ж.Е.
Тексерген:Салимбаева Р.А.
Мазмұны:
- Кіріспе
- Қалпына келмейтін ресурстар
- Қалпына келмейтін ресурстардың маңызыдығы мен болашағы
- Қортынды
- Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың тіршілігі мен күн-көрісі табиғатты құрайтын жаратылыс дүниелеріне байланысты.Оларды біз табиғат қорлары деп атаймыз.Олардың түрлері көп және әрқайсының адам өмірінде өзіндік қайталанбас орны бар.
Барлығымызға табиғат ресурсы негізіне қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінетін белгілі.Әрине адам пайдаланатын табиғат қорларының түрлері көп,мысалы өсімдік пен жануарлар әлемі,бірақ олардың ішінде адамның ең көп тұтынатыны-қалпына келмейтін табиғат ресустары.
Қалпына келмейтін ресурстар –миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін,радиоактивты металдар рудалары,мұнай,газ және т.б.).Қалпына келмейтін ресурстар экономикалық маңыздылығы жоғары және онай жолмен алмастыруға келмейді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзаттың әлеуметтік-экономикалық дамуы табиғи ресурстардың таусылуы мен табиғи ортаны ластау, халықтың өлім-жітімі мен аурудың жалпы деңгейін жоғарылату арқылы үшінші мыңжылдықтың басынан бері жалғасып келеді.
Ауыр экологиялық рационалды емес басқару жүйесі арқылы басқарылады және табиғат байлықтарын ысырап қылу біздің елімізде де, бүкіл әлемде де әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани және мәдени дағдарыстың маңызды сипаты мен ажырамас элементі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты ресурстарының таусылмайтын көзі ретінде қарастырды. Дегенмен, олардың әсерінің теріс салдарымен бетпе-бет келіп, олар бірте-бірте ұтымды пайдалану мен қорғау қажеттігін түсінді.
Қазіргі таңда қалпына келмейтін ресурстар экономиканың,өндірістердің өсуімен,дамумен ресурстардың қарқынды түрде көлемі азайып барады.Қалпына келмейтін ресустардың көлемінің төмендеуі көптеген экологиялық,экономикалық проблемаларға алып келуде.
Қалпына келмейтін ресурстар
Қалпына келмейтін ресурс бұл тез уақытта қалпына келмейтін ресурс түрі.Қалпына келмейті қазба байлықтары қаншама жылдар бойы адам өміріне қажетті шикізаттың бір болып отыр.Олардың орны аса ерекше,маңызды болғанына не бәрі 2 ғасыр болғанымен айтарлықтар маңызды.Қалпына келмейтін ресурстар арзандылығымен негізінен альтернативті энергияға қарағанда жоғары бағаланады.Дегенмен қалпына келмейтін ресурстардың тағы бір ерекшелігі оның шектеулігінде.Ресурстарды дер кезінде ұтымды пайдаланбау ендігі кезекте оның қарқынды сарқылуна алып келуде.
Кендердің және тау жыныстарының қалыптасу үдерісі үздіксіз, бірақ оның жылдамдығы жердің ішкі бөлігінен минералдардың экстракция жылдамдығынан әлдеқайда аз, бірақ бұл іс жүзіндегі үрдіс жиі ескерілмейді
Қалпына келмейтін ресурстраға пайдалы қазба байлықтары көп бөлігі жатады.Оның үлесі жалпы пайдалынатын қорлардың 70 пайызы тиеді.Бүткіл әлемде экономикалық салалары үшін пайдалы қазбаларды тұтыну тиімділігін көтеру,оларға ұқыптылықпен қарау,қоршаған ортаны минерал шикізат өндірісінің зиянды зардаптарынан қорғау үлкен проблема.
Минералды қорлар мен металл рудаларына тоқталатын болсақ,бұл ресурстар ең көп және ең көп өңделтін ресурстардың бір түрі.Бұл пайдалы қазбалар жер қойнауында үлкен көлемде кездеседі.
Қалпына келмейтін табиғат қорлары толығымен таусылғаннан кейін қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл жерге барлық пайдалы қазбалар жатады . Өнделген мұнай, мыс немесе темір рудасының резервтері ешқашан қайта жандана алмайды, өйткені олардың арнайы қалыптасуы кен орындары қазіргі кезде жойылып кеткен .Сонымен қатар кендер арнайы бейімдеген геологиялық жағдайларға байланысты және миллиондаған жылдар бойы түзілген.
...