Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеке бас гигиенасын сақтау

Автор:   •  Сентябрь 5, 2018  •  Лекция  •  2,535 Слов (11 Страниц)  •  3,680 Просмотры

Страница 1 из 11

Жеке бас гигиенасын сақтау

«Гигиенос» сөзі грек тілінен «емдік», «денсаулық әкелетін» деп аударылады. Адамның денсаулығы ішкі ортаның да, сыртқы ортаның да түрлі жағдайларына әсер етеді. Аурулардың пайда болуын қалайша болдырмауға, жұмыс қабілеттілікті ұзақ уақытқа сақтап қалуға болады – осы және басқа да сұрақтарға медицинаның арнайы бөлімі жауап береді, ол гигиена деп аталады. Гигиена – әрбір адамның өмірлік серігі. Ол негізгі санитарлық ережелерді орындауға деген берік әдетті қалыптастырады, өз денсаулығыңа дұрыс қарауға, бұл тек қана жеке басының игілігі емес екенін есте ұстауға үйретеді.

Жеке бас гигиенасы мыналардан құралады: ұтымды тәуліктік режим, дене күтімі және ауыз қуысының күтімі, киім және аяқ киім гигиенасы.

Ұтымды тәуліктік режим. Ұтымды тәуліктік режим ағзаның қызметі мен қалпына келуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Оның негізінде еңбек пен демалысты және қызметтің басқа да түрлерінің ырғақты және дұрыс кезектесуі жатыр.

Тәуліктік режим биологиялық ырғақтар туралы заңдарға негізделуі тиіс. Тәуліктік режим дұрыс және қатаң сақталған жағдайда, ағзаның жұмыс жасауының нақты ырғағы қалыптасады да, нәтижесінде балалар (студенттер, оқушылар) белгілі бір уақытта жұмыстардың нақты түрлерін неғұрлым нәтижелі орындай ала алады.

Ұтымды тәуліктік режим де уақытты жақсы жоспарлап, қызметтің табысты болуына мүмкіндік береді. Күн режимін ауытқымай сақтау ұйымдасуды, ерік күшін тәрбиелеуге көмектеседі, саналы тәртіпке үйретеді.  Өмірдің, еңбек пен тұрмыстың, түрлі жағдайларына, өмір сүрудің жеке ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай тәуліктік режим ұсыну мүмкін емес. Алайда оның негізгі ережелері кез келген жағдайда сақталуы тиіс. Тәуліктік режимге ең алдымен мыналар кіруі тиіс: кез келген қызмет түрлерін қатаң белгіленген уақытта орындау, оқу қызметін, жаттығу сабақтары мен демалысты дұрыс кезектестіру, тұрақты тамақтану, уақыт жағынан жеткілікті ұйқы.

 Тәуліктік режимді ұйымдастырудың негізгі ережелері:

  • белгілі бір уақытта ұйқыдан тұру;
  • таңғы гимнастика мен шынықтыру емшараларын орындау
  • белгіленген уақытта ас қабылдау (дұрысы күніне 4-5 рет);
  • белгіленген уақытта оқу пәндері бойынша өзбетімен дайындалу;
  • аптасына 3-5 реттен сирек емес 1,5-2 сағаттан оңтайлы дене-күш жүктемесімен дене-күш жаттығуларымен немесе сортпен айналысу;
  • оқу қызметіндегі үзілістер (3-5 минуттық дене күш жаттығулары);
  • күн сайын таза ауада болу:;
  • белгіленген уақытта ұйықтау және ұйқыдан тұру, толыққанды ұйқы (8 сағаттан кем емес);

Тәуліктік режимде ерекше орын ұйқыға берілуі тиіс. Ұйқы – демалысты негізгі және теңдессіз түрі. Ол денсаулық пен жоғары ақыл-ой қабілетін және дене күштің жұмысқа қабілеттілігін сақтауға ықпал етеді.

Дене тазалығы.Тері – адамның барлық органдары мен жүйелерінің жай-күйін көрсетіп тұратын айна. Ішкі органдардың ауруы, зат алмасудағы бұзылыстар барлық кезде дерлік теріде де көрініс табады. Жастық шақ кезінде ішкі секреция бездері қызметінің сипаты өзгереді де, соған байланысты терінің қасиеттері де өзгереді. Терінің функциялары алуан түрлі. Ол өзін-өзі залалсыздандыру қасиетіне ие: ондағы ерекше зат көптеген ауру туғызғыш микробтарды өлтіреді. Жүйке талшықтары ауруды, суықты, жылуды, қабылдауға көмектеседі. Терінің арқасында дененің тұрақты температурасы сақталады: жылдың ыстық мезгілінде жылы орынжайда терінің тамырлары кеңейеді – жылу шығарылады, салқын орынжайда, керісінше, қан тамырлары тарылады да жылу сақталады. Ыстықта тер бөлінуге сондай-ақ дененің суықтауы ықпал етеді. Ағзадан шығарылатын жылудың 80 пайызы терінің үлесіне тиеді. Терідегі майды май бездері бөледі, яғни теріні икемді етеді.

Тері құрғақ, майлы және қалыпты, сондай-ақ аралас болады. Сондықтан әрбір жекеленген жағдайда түрліше күтім жасауды талап етеді. Қалыпты тері таза, икемді, майлылығы үйлесімді, онда кеңейген саңылаулар, қара нүктелер болмайды, ол қабыршақтанбайды. Құрғақ тері жұқа, жараланғыш келеді, көбінесе қабыршақтанып тұрады, желге төзімсіз және тітіркенгіш болады. Майлы тері тез майланып кетеді, іріңді жаралардың болуы мүмкін, жылтырап тұрады, безеу, қара нүктелер болады. Безеумен күрестегі сенімді жолдас – дұрыс күн режимі мен тамақтану.

...

Скачать:   txt (34.2 Kb)   pdf (178.3 Kb)   docx (21.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club