Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүттің бала ағзасына пайдасы

Автор:   •  Октябрь 4, 2022  •  Курсовая работа  •  4,274 Слов (18 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 18

Мазмұны

1

Кіріспе

3

2

Негізгі бөлім

6

2.1

Сүттің бала ағзасына пайдасы

6

2.2

«Нарине» ашытылған сүт өнімдерін өндіру әдісі

11

2.3

Құрғақ сүзбе «Құрт»

16

2.4

Йогурт сияқты ашытылған сүт сусынын өндіру әдісі

17

3

Қорытынды

20

4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

21

1 Кіріспе

        

Сүт және сүт қышқылды өнімдері адам үшін өте маңызды рөл атқарады деген ойдамын. Олар ағзаны оңай сіңетін көмірсулар,  майлар, ақуыздар, дәрумендер мен минералды заттармен қамтамасыз ететіні туралы білеміз.

Сүттің тағамдық және биологиялық құндылығы. Ақуыздар – ағзамыз үшін  құнды заттардың бірі болып табылады. Сүт ақуыздары май алмасуын реттеуге көмектеседі, тағамның тепе-теңдігін арттыруымен қатар, басқа ақуыздардың сіңірілуін қамтамассыз етеді. Сүт ақуызы ағзаны улы заттардан қорғау қабілетіне ие.

Лактоза (cүт қанты) ағзадағы барлық биохимиялық үрдістер үшін негізгі энергия көзі болып табылады да, фосфор, кальций, барий, магнийдің сіңірілуіне ықпал етеді.

Сүттің құрамындағы  минералды заттары фермент, дәрумендер, гормондар және ұлпалардың жаңа жасушаларын қалыптастыру үрдістерінде, сондай-ақ ағза заттарының минералдық алмасуында өте маңызды рөл атқарады.

Біздің білуімізше, сүттің биологиялық құндылығы белгілі. Сүттегі дәрумендердің құрамы жануарларды азықтандыру рационына байланысты өзгереді; әдетте, жазғы кезеңде жасыл жайылымдарда мал ұстау кезінде жоғарылайды.

Сүттің бір литрі ересек адамның жануар майы, кальция, фосфор, 12,6%-ға – фосфолипидтер, 35%-ға – биологиялық жағынан белсенді болатын алмастырмайтын май қышқылдары және А, С дәрумендері тиамин, 53%-ға – жануар ақуызы және 26%-ға – энергияға қажеттілігін қанағаттандырады. Сүттің энергетикалық құндылығы 2720*10 Дж/кг құрайды.

Барлық компоненттердің оңтайлы үйлесімінде және оңай сіңірілетін түрде болуы сүтті құнды, емдік және диеталық тамақтану үшін, әсіресе асқазан-ішек аурулары, бауыр, жүрек және қан тамырлары,  семіздік,  қант диабеті, бүйрек, жіті гастриттер кезінде орны толмас азық-түлік етеді. Ол әр  күн сайын тонусты сақтау үшін теңдестірілген диетаның маңызды бір бөлігі ретінде және өмір сүру ұзақтығын арттыру факторы ретінде тұтынылуы тиіс.

Сүт балалардың тамақтануында, әсіресе олардың өмірінің алғашқы кезеңінде ерекше маңызға ие. Сүт ақуызында фосфолипидтер, аргинин және треонин - аминқышқылдарының едәуір мөлшері бар. Сүт-сүйек ұлпаларын құру үшін оңай сіңетін фосфор мен кальций деген коспоненттерінің негізгі көзі болып табылады.

Сүттің биологиялық құндылығы ішек жолында қышқыл ортаның пайда болуына және шіріген микрофлораның дамуын бәсеңдетуге ықпал ететіндігімен толықтырылады.

Сондықтан сүт және сүт өнімдері ағзаны шіріген микрофлораның улы өнімдерімен уландырғанда емдік құрал ретінде кеңінен қолданылатының білеміз. Ересек адам үшін сүт тұтынудың тәуліктік нормасы – 0,5 литр, ал бала үшін – 1 литр [1].

Біздің білуімізше, сүттен  сүт  қышқылды өнімдері жасалады. Ежелден халқымыз сүт  қышқылды өнімдері  ағзаны аурудан жазылады деп есептеген. Микробиологияның дамуы және антибиотиктердің ашылуымен, осы өнімдердің диеталық пен емдік қасиеттері ғылыми жағынан негізделген. Бұны ұлы орыс физиологы мен микробиолог И. И. Мечниковтың зор еңбегі ретінде білеміз. Ұзақ өмір сүру мәселелерімен айналыса отырып, ХХ ғасырдың басында ғалым ерте қартаю себептерінің бірі ағзаның тамақ ыдырау өнімдерімен үнемі улануы болып табылады деген қорытындыға келді. «Осыдан - жалғыз қорытынды, – деп жазды И. И. – Ішектегі микробтардың саны көп болса,  ол өмір сүруді қысқартатын зұлымдық көзіне айналады».

...

Скачать:   txt (58.3 Kb)   pdf (711.4 Kb)   docx (597 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club