Музыканың бала өміріндегі рөлі мен пайдасы
Автор: Aida Sadenbay • Сентябрь 15, 2022 • Реферат • 285 Слов (2 Страниц) • 238 Просмотры
Музыканың бала өміріндегі рөлі мен пайдасы
Соңғы кездері ата-аналар балаларының музыкалық білімі туралы аз ойлайды. Ата-аналардың көбісі балаға өмірде білім беру ғана пайдалы деп санайды. Аудармашы болғың келсе – тіл үйрен, заңгер болғың келсе – тарих, ережелерді үйрен деп айтады. Бірақ көбінесе ата аналар балаларының қызығушылықтарын ескере бермейді. Баласымен отырып, балам саған не ұнайды? Спорт па, әлде музыкалық шығармашылық па деп сұрап көңіл бөле бермейді. Негізі Музыка адамға жақсы қарым қатынас жасауға көмектеседі. шығарманы орындау, композитордың ойлары мен сезімдерін жеткізуге тырысу арқылы Орындаушы тыңдаушылармен байланыс орнатуды үйренеді.
Музыка баланы күнделікті іс әрекетке дағдыландырады, баланы шыдамдылыққа, ерік-жігер мен табандылықтылыққа тәрбиелейді, эмоцияларды жақсартады, қоршаған әлемге ерекше көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Музыка тек тыңдауға ғана емес, көруге де, естуге де, сезінуге де үйретеді. Адамның бақыты оның айналасындағылардың әлемді қандай көзімен көретініне және көрген нәрселерінен қандай эмоциялар алатынымен байланысты. Балалардағы музыкалық дамудың ең қолайлы кезеңі ол мектепке дейінгі кезең болып табылады. Ол кезеңде барлық балабақшаларда баланың музыкалық мәдениетінің негіздері қаланады. Музыка баланың рухани әлемін байытып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер етеді.
Нәрестелер көңілді музыканы көңілсіз музыкадан ажырата алады. АҚШ-тағы Бригам Янг университетінде жүргізілген зерттеу бойынша 9 айлық балалар бақытты және қайғылы эмоцияларын ажырата алатынындай дәл солай көңілді және қайғылы музыканы ажырата алатындығын көрсеткен. Нәрестелер сонымен қатар әртүрлі музыкалық аспаптарды ажырата алатынын айтқан.
Менің ойымша, музыка әлемі баланың ішкі әлеміне өте жақын болып келеді. Балалар өз ойларын сөзбен жеткізе алмайды, алайда баланың көңіл-күйі, интонациясы, қозғалыстарын балалардың музыкалық аспаптарында ойнағанында, сурет салуы арқылы байқауға болады. Кішкентай баланың балалық шағынан бастап музыкаға деген сүйіспеншілігін, сонымен қатар қазіргі заманғы шығармаларды тыңдатып тәрбиелеу керек. Әсіресе-халық әнін, өз халқының музыкасына деген махаббатын молайту қажет. Кім біледі мүмкін кішкетай бала өсе келе халық өлеңдерін одан сайын дамытып, басқа елдерге де танымал етер?!
...