Практика туралы жалпы мәліметтер және техника қауіпсіздігі
Автор: Kazhusheva_O • Май 19, 2020 • Лекция • 1,806 Слов (8 Страниц) • 790 Просмотры
Нұсқаулық карта №1
Тақырыбы: «Практика туралы жалпы мәліметтер және техника қауіпсіздігі
Мақсаты:
Оқулық: Студенттердің техника қауіпсіздігі жұмыстарымен таныстыру, меңгерту және үйрету
Тәрбиелік: Студенттерді пәнге деген қызығушылығын қызықтыра білу, тәрбиелік жұмыстарға баулу
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру сәті:
- студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
- студенттердің қатысын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау.
Техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігіне нұсқау
Мамандыққа өткізілетін практикаларға қысқаша түсінік
Оларға қолданылатын аймақтарға түсінік
ІІІ Ағымдағы нұсқау
Жалпы түсінік
Электр тоғынан жарақаттанудың басты себептері
Электр жарақаты туралы
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
Электр тоғы соққан кезде адамға алғашқы көмек көрсету тәртібі
ІV Қорытынды нұсқау
Қауіпсіздік техникасын оқытудың мақсаты
Практиканы оқу барысында студенттердің техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық
V. Сабақты қорытындылау
Практиканы қорытындылау сұрақтар арқылы бекіту.
VІ. Үй тапсырмасы
Практиканы оқу барысында студенттердің техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқу
Жалпы түсінік
Электр қауіпсіздігі – бұл адамды электр тоғы әсерінен жарақаттанудан қорғайтын техникалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы.
Электр жабдықтарын қолданатын кез келген оқу орнында электр тоғынан жарақат алу қауіптілігі өте жоғары. Электр
жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін білу мұғалімдер, әкімшілік және студенттер үшін басты міндет болып табылады. Адам денесі электр тоғын жақсы өткізеді.
Сондықтан электр тоғы адам денесіне әсері жылулық, электрлік және биологиялық әсер етеді.Электр тоғының адам денесіне әсері оның әсер ету ұзақтығына, шамасына байланысты болады, сонымен бірге адам ағзасының жағдайына және қасиеттеріне де байланысты.Электр тоғына тартылудың екі жағдайын қарастыруға болады.Бірі электр тоғының әсері де, екіншісі жергілікті электр жарақаты.
Екінші жағдайда электр тоғының денеге әсері, яғни күю, механикалық жарақат, көрмей қалу т.б жатады.Адам денесі арқылы өтетін тоқ күші желі кернеуіне және дене кедергісіне тәуелді болады.Адам денесінің 8000-100000 ом аралығында, ал ылғал дененің кедергісі 1000 омнан кем болмайды.36 В – дан кем кернеу адам денесіне қауіпсіз, ал аса қауіпті бөлмелерде 12 В – дан кем.
Электр тоғынан жарақаттанудың басты себептері:
- кернеулі, тоқ жүріп тұрған желілерімен әсерлесу;
(жалаңаштанған желілер, электраспаптардың контактілері)
- қалыпты жағдайларда кернеу болмауы керек жерлерде
кернеудің пайда болуы;
- электржабдықтардың ажыратылған бөліктерінде
кенеттен кернеудің пайда болуы;(қосу кезіндегі қателіктер)
- желінің жермен әсерлесу нәтижесінде,жер бетінде кернеудің пайда болуы; (жабдықтарды қате жерлестіру).
Оқу орнындағы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Әдетте оқу орнындағы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына студенттер жіберілмейді.
Мұндай жұмыстарды арнайы оқытылған мамандар орындайды.Алайда тәжірибелі жүргізуші оқытушылары жабдықтар құрылысын ғана біліп қоймай, сонымен бірге қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын білуі қажет.
Электр машиналары мен электр құрылғылары оқу орындарындағы басты электр жабдықтары болып табылады.
...