Жер ғаламшары туралы жалпы мәліметтер
Автор: Kukon Sikon • Январь 30, 2024 • Практическая работа • 3,430 Слов (14 Страниц) • 140 Просмотры
Дәріс тақырыбы: 3.1 Жер ғаламшары туралы жалпы мәліметтер.
Жоспары:
- Жердің фигурасы мен көлемі.
- Оның географиялық маңызы.
- Жердің қозғалысы.
Дәріс мақсаты: Жердің фигурасы мен көлемін қарастыру және оның географиялық маңыздылығын анықтау. Жердің қозғалысы, жердің айналуы оның салдарын қарастыру. Кориолисово үдемесі. Тәуліктік ритмика. Магнитосфера. Географиялық қабықтың горизонтальды және вертикальды әркелкілігі және оның себептерін анықтау.
3.1. Жер ғаламшары туралы жалпы мəліметтер
Жер. Жер – Күннен үшінші орналасқан жəне Жер тобындағы ең ірі ғаламшар. Жердің пішіні шар тəрізді екендігі туралы ең алғаш рет Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.) айтқан болатын. Ол Ай тұтылуы кезінде пайда болатын көлеңкенің шар тəрізді екенін байқаған.
Жердің ең алғашқы фотосуреті 1940 жылы АҚШ автоматты зы- мыранынан түсірілді. 1959 жылы америка аппараты «Эксплорер-6» жасанды Жер серігі арқылы Жердің өте дəл фотосуретін түсірді.
Жердің шар тəрізді екенін өз көзімен көрген ең бірінші адам, алғашқы ғарышкер – Ю. А. Гагарин болды (33-сурет).
[pic 1]
33-сурет. Жердің ғарыштан түсірілген фотосуреттері
Жердің пішінінің шар тəрізді екендігінің қарапайым дəлелдері:
1. Күн шыққан кезде оның сəулесі ең алдымен бұлттар мен биік тау бастарына түседі;
2. Ашық кеңістікте алыстап бара жатқан денелер көкжиектен біртіндеп ғайып болса, керісінше жақындайтын денелер көкжиектен біртіндеп көтеріледі;
3. Биікке көтерілген сайын көкжиек ауқымы кеңейе береді, тегіс жерде түрған адам өзінің айналасында 4 км қашықтықтағы заттарды айқын көре алады. Егер 20 метр биіктікке көтерілсе, көкжиек 16 км қашықтыққа, ал 100 метр биіктіктен көкжиек 36 километр қашықтыққа кеңейеді. Ю.А.Гагарин алғаш ғарышқа ұшқан кезінде 327 километр биіктіктен 4 000 км көкжиекті айқын бағдарлай алған.
4. Ай тұтылуы кезіндегі Жердің көлеңкесі шар тəрізді болып көрінеді;
5. Ұлы географиялық ашылулар кезіндегі саяхаттар Жердің шар тəрізді екендігі бірнеше рет дəлелденді;
6. Бүгінгі таңда Жердің шар тəрізді пішіні ғарыштан түсірілген фотосуреттер арқылы толығымен дəлелденді.
Жер өзінің табиғи серігі Аймен бірге Жер – Ай қосарлы ғаламшар жүйесін құрап, Күн айналасындағы орбита бойымен үнемі қозғалыста жүреді. Жер мен Күн арасындағы қашықтық жыл ішінде өзгеріп отырады: перигелий нүктесінде – (грек тілінде, peri – жақында, маңында, helios – Күн деген мағына береді), 147 117 000 км, ал афелий нүктесінде – (грек тілінде, apo – алыста, helios – Күн деген мағынаны білдіреді) 152 083 000 км қашықтықта орналасады.
Астрономиялық өлшем бірлігі ретінде 149 598 000 км тең Жердің орташа орбита қашықтығы алынады. Бұл өлшем халықаралық келісім бойынша астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталатыны баршамызға белгілі.
Жердің орбита бойымен жылдамдығы 29,765 км/с, ал айналу пе- риоды 365,26 орташа күн тəулігіне тең. Осы уақыт астрономиялық жыл деп атайды. Жердің орбита бойымен жылдамдығы Жердің Күннен қашықтығына байланысты болады. Жер перигелийде болған кезде (2 қаңтар) оның орбита бойымен жылдамдығы артады, сондықтан Солтүстік жарты шардағы қыс маусымы Оңтүстік жарты шардағы қыс маусымымен салыстырғанда қысқа болып келеді.
Жер өз білігі бойымен орбита жазықтығына 23о45’ бұрыш жасай орналасады, оның айналу периоды 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Жер шар пішінді, нақтырақ айтсақ, өз білігі бойымен айналу кезінде екі полюс маңынан сығылып, сопақша пішінге айнала- ды. Бұл ерекшелікті кеңес ғалым-астрономы Ф. Н. Красовский анықтап, Жердің экваторлық жəне полюстік радиусы арасындағы айырмашылықты есептеп шығарды, оның экваторлық радиу- сы полярлық радиустан 21,4 км артық, осындай полюс маңында сығылған шар – сфероид немесе эллипсоид деп аталады.
...