Қысымды өлшеу туралы жалпы мәліметтер
Автор: Gulnaz020103 • Октябрь 6, 2022 • Лабораторная работа • 265 Слов (2 Страниц) • 582 Просмотры
5.5.1 Қысымды өлшеу туралы жалпы мәліметтер.
Қысым – бетке перпендикуляр әсер етуші күштің осы беттің ауданына қатынасы. Қысым – заттың термодинамикалық күйін анықтайтын негізгі шамаларының бірі. Қысымды өлшеу есебі кейбір технологиялық параметрлерін, мысалы, газдың немесе будың шығынын, сұйықтықтың деңгейін және т.б.өлшеу кезінде пайда болады
5.5.2 Қысым түрлері.
Қысым түрлері: атмосфералық, абсолютті, артық, вакуумдық.
Атмосфералық қысымның әсерін есепке алмау болмайтын жағдайда абсолютті қысымды ескеру керек, мәселең, жұмыс денелерінің күйлері туралы сұрақтармен танысу кезінде, әртүрлі сұйықтықтардың қайнау температураларын анықтау кезінде және т.б.
Технологиялық процестерді бақылау және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде көбінесе артық және вакуумдық қысымдармен және қысымдар айырымдарымен жұмыс істейді.
Атмосфералық қысым – жер атмосфераның ауа бағанасыныңмассасымен жасалатын қысым. Абсолютті қысым – абсолют нөлден есептеп табылған қысым. Абсолютті қысымның есептеу басы деп ішінен толығымен ауа сорып алынған дененің ішіндегі қысымды қабылдайды. Абсолютті қысым Р деп төменгі жағында сұйықтық, газ және бу орналасқан толық қысымды айтады. Ол артық қысым Ра мен атмосфералық қысымның Ратм қосындысына тең:
Р = Ра + Ратм. (2.1)
Асқын қысым – атмосфералық қысымнан жоғары болатын абсолютті қысым мен атмосфералық қысымның айырмасы:
Ра = Р – Ратм. (2.2)
Вакуум – атмосфералық қысым мен одан аз болатын абсолютті қысымның айырмасы:
Рв = Ратм – Р. (2.3)
СИ жүйесінде қысымның өлшем бірлігі ретінде ауданы 1 м 2 бетте біркелкі тараған және оған нормалды бағытталған 1 Ньютон (Н) күшімен жасалатын қысым - 1 Паскаль (Па) қабылданған
5.5.3 Қысым өлшеу деформациялық құралдарының сезгіш элементтері.
5.5.4 Қысым өлшеу деформациялық құралдары. Әрекет принциптері мен сұлбалары.
...