Қазандық қондырғылар туралы жалпы мәліметтер
Автор: ЗAdmin Admin • Февраль 29, 2020 • Реферат • 773 Слов (4 Страниц) • 1,594 Просмотры
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Реферат
Тақырыбы: «Қазандық қондырғылар туралы жалпы мәліметтер»
Орындаған: ТТ-17-9 тобының студенті
Нұржанова Айзат
Тексерген: Саржанова И.О.
Балқаш 2020 ж.
Қазандық қондырғы – ыстық су мен бу өндіру үшін қолданылатын механизмдер мен қондырғылар жиынтығы.
Жүктелген міндетіне қарай бу генераторлары мынадай түрлерге бөлінеді:
- энергетикалық - бу турбогенераторларына керекті бу шығарады;
- аралас қондырғылар – өндірісітің технологиясына, жылытуға, желдетуге және ыстық сумен қамтамасыз ететін бу және су өндіреді.
Жылу тасымалдайтын ортаға байланысты бу генераторы бу өндіретін, су жылытатын және аралас судан өнім алатын болып бөлінеді.
Бу генераторы негізгі бу агрегаты және қосымша жабдықтардан тұрады. Бу агрегатының құрамы оттық, бу генераторы, бу қыздырғыш, су эконамайзер, ауа жылытқыш, қанқа қаптама, жылуды қорғайтын изоляция, арматура, гарнитура және газ аранасынан тұрады. Қосымша жабдықтарға үрлейтін желдеткіштер, ауасорғыштар, қоректендіретін, қосымша және циркуляциондық сорғылар, су және көмір шаңын дайындайтын қондырғылар, отын тасымалдайтын, күл ұстайтын және қожды тазартатын қондырғылар жатады. Сұйық отын қолданғанда қосымша жабдықтарға мазут шаруашылығы, газ отынын қолданғанда газ реттеуші пункттері кіреді.
Бу генераторының оттық құрылымы отынның химиялық қуатын жылуға алмастыруға арналған. Ол - бу генераторы қаңқаның металл құрылымын қорғауға, қызуды сыртқа шығармауға, газ тығыздығын сақтауға арналған огнеупорлы материалдан жасалған жүйе. Бу агрегатының салмағын, қосымша жабдықтарын орналастыру, уақытша және тұрақты салмақтарды көтеріп тұру үшін қолданған металл құрылымды қаңқа деп айтады.
Шығарылған будың қызуын арттыру үшін қолданатын ирек түтіктерді бу қыздырғыш деп атайды. Бу қыздырғыштардың бір шеті барабанға, қатты қыздырылған екінші бу шеті камераға қосылады.
Бу агрегетының гарнитурасы газ торабына, оттықта техникалық қызмет көрсету үшін қолданатын жабдықтар: лаздар, терезешілер, бункерлерді ашып-жабатын, жарылу қақпашалары, тағыда басқа.
Лаздар - қыздыру жазықтарын тексеруге, жөндеуге арналған, терезешілер - оттықтың бетін, газ тораптарын сырттан қарауға арналған, ал бункерлер - күл мен шлакты уақытылы шығарылуын байқауға, жарылу қақпашалары ошақтағы газ қысымы мөлшерден тыс артқанда ашылатын қондырғылар.
Қоректендіретін қондырғылар – бу генераторын немесе тұтынушыларды сумен қамтитын жабдықтар болып табылады. Оларға сорғыштар, бактар, құбырлар жатады.
...