Байланыс арнасы туралы жалпы мәліметтер
Автор: Эрнест Ким • Апрель 25, 2023 • Реферат • 968 Слов (4 Страниц) • 259 Просмотры
1.Байланыс арнасы туралы жалпы мәліметтер
Байланыс жүйесі өте ауқымды да күрделі ғылым саласы. Байланыс арнасы, хабар жеткізу арнасы — таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпарат қабылдағышқа) кез келген хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылардың жиынтығы не физикалық орта. Деректерді бір жерден екінші жерге жіберу үшін қандай да бір жол немесе орта қажет. Байланыс арналары деп аталатын бұл жолдарда екі түрдегі медиа қолданылады: кабель (бұралған жұп сым, кабель және талшықты-оптикалық кабель) және хабар тарату (микротолқынды, спутниктік, радио және инфрақызыл). Кабельдік немесе сымды желі тасымалдаушылары деректер мен ақпаратты беру үшін кабельдердің физикалық сымдарын қолданады. Бұралған жұп сым және коаксиалды кабельдер мыстан, ал оптикалық-оптикалық кабель шыныдан жасалған.
Сигналдарды жеткізіп беретін арналар олардың кірісі мен шығысындағы сигналдардың сипаттамасына қарай да бөлінеді:
а) үзілісті сигналдар арнасының кірісіндегі сигнал да, шығысындағы сигнал да үзілісті (дискретті) болады;
ә) үзіліссіз сигналдар арнасының кірісіндегі де, шығысындағы да сигналдар үзіліссіз болады;
б) арнаның кірісіндегі сигнал үзілісті де, шығысындағы сигнал үзіліссіз болып немесе керісінше болса, ондай арналар аралас сигналдар арнасы делінеді.
Байланыс арнасының сыйымдылығы (Емкость канала связи; communication channel capacity) — берілген арна бойынша белгілі бір уақыт бірлігі ішінде жеткізілетін ақпараттың ең жоғарғы мөлшерімен анықталатын байланыс желісінің сипаттамасы.
Сым арналары
Телефондық желі дыбыстық сигналды, сондай-ақ деректерді және бейнесигналдарды жіберу үшін сымдық жолақты пайдаланады. Виттелген сымдық булар және коаксальді кабель негізінен шектелген жиіліктік жолақтың кеңдігінің келуін қадағалайтын электромагнитті арна береді. Кәдімгідей қолданылатын телефондық сым клиентті орталық стансамен қосу үшін бірнеше мың килогерц жолақ кеңдігі бар. Басқа жағынан, коаксальді кәбільді көбінесе пайдаланылатын жолақ кеңдігінде бірнеше мегагерц жиілігі бар. 2.1-сурет толқынсуды және оптикалық кабельді қосатын электромагниттік арнада қолданылатын жиіліктік диапазонды түсіндіреді.
Осындай арнамен жіберілетін сигналдар амплитуда және фаза бойынша азаяды, одан басқа оларға аддитивтік шуыл қосылады. Сымдық арна байланыс арналары арасында бүкіл қалааралық және дүние жүзі бойынша үлкен пайыз алатындықтан кең көлемді зерттеулер олардың беріліс құрылысын және амплитудалық фазалық азайту және фазалық өзгерістерін зерттеуге бағытталған.
2.1 сурет-Бағыттағыш жүйелерімен байланыс арналарына арналған жиіліктік диапазон
Талшықты оптикалық арналар
Оптикалык кабельдер сигнал үшін қатысты төмен өшуден жне сигналды генерациялау жане детектерлеу үшін жогғарғы сенімділікті оптикалық құрылғылардан тұрады. Бұл технологиянын жетістіктері арқылы қазіргі кезде ішкі электробайланыс жүйесінін, сондай-ак дүние жүзілік байланыс жүйесінін дамуына ықпал етті. Опто-талшыктық арналардағы жиілік жолағынын кендігінен қазіргі кездегі телефондық компаниялар тұтынушылар үшін электробайланыстын кең диапозонды қызметін ұсына алды, бұған дауыс тарату, мәліметтерді видиосигналдар сияқтыларды таратуға мүмкіндік берді. Жарык көзі, жарықтаратушы диод немесе лазер – оптоталшыктық жүйеде модулятор немесе таратқыш ретінде қолданылады. Хабар сигналы көмегімен жарық көзінін интенсивтілігін өзгерту көмегімен ақпарат беріледі.
Сымсыз (радио) арналар
Сымсыз байланыс жүйелерінде (радиобайланыс) электромагниттік энергия жіберіліс ортаға жарықтандыру орнын атқаратын антенна арқылы жіберіледі. Антеннаның физикалық өлшемі және құрылымы, ең алдымен, жұмыс жиілігіне байланысты.
...