Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұқаралық коммуникация туралы жалпы түсінік және бұқаралық коммуникацияның зерттелуі

Автор:   •  Март 24, 2024  •  Курсовая работа  •  17,819 Слов (72 Страниц)  •  36 Просмотры

Страница 1 из 72

                                           КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары дейтін едік. Қазір де осы атау қолданылады. Мәселен, БАҚ туралы заң осылай жазылды. Бірақ шет тіліндегі ғылыми еңбектерде Бұқаралық коммуникация атауы танымал бола бастады. Себебі екіншісінің аясы кең және әлеуметтік желінің қосылуына байланысты жаңа түсініктер пайда болды. Қазір енді бәріміз БАҚ деп жүрген кезде, кейбір ғалымдар, әсіресе шетелде Бұқаралық коммуникация деп айта бастады. Ғылыми еңбектерде де Бұқаралық коммуникация деп жазыла бастады. Бұқаралық коммуникацияның ішіне бәрі кіреді. Газет-журнал, теледидар, радио, әлеуметтік желі, сайттар, барлығы кіреді. Қандай жолмен ақпарат таратасыз, сол Бұқаралық коммуникацияның ішіне кіреді. Қазір жоғарғы жақтан ақпарат тарамайды. Ақпарат қазір төменгі жақтан тарайды. Бұрын жаңалықтарды, тағы да басқа идеяларды билік ақпарат құралдары арқылы жоғарыдан таратып отыратын. Ал қазір керісінше, ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы төменнен тарайды. Оны жоғарыдан, билік таратып жатқан жоқ. Басым бөлігі төменнен тарап жатыр, халық таратып жатыр. Бұл, әсіресе кешегі қанды қаңтар оқиғасының кезінде анық көрінді. Бұқаралық коммуникацияның БАҚ- тан ерекшелігі де осында.  

Бұқаралық коммуникацияның бүгінде маңызы артып, аясы кеңейіп келеді. Кейбір орыс ғалымдары Бұқаралық коммуникацияға театр, ғаламтор, әлеуметтік желі, кескіндеме, опера, балет, дін, түрлі насихаттарды, пропаганда, тіпті кітап оқуды да жатқызады. Кеңес заманында Мұқағали Мақатаевтың Фариза Оңғарсыноваға айтқан атақты сөзі бар, тіпті қазір мәтел болып кетті. «Шеңберден шығайық, Фариза!.. Шеңберден шығу керек, қара қыз!..» Расыменде, біртіндеп бүгінгі бұқараның тілі шеңберден, БАҚ тіліндегі стандарттан шығып келеді. Бұқаралық коммуникация әлі толықтай зерттеле қоймаған тақырып. Біз ұсынып отырған диплом жұмысында Бұқаралық коммуникацияның бағыты мен ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Сонымен қоса, Бұқаралық коммуникацияның формалары шетел ғалымдарының еңбектері негізінде талдайтын боламыз.

Зерттеу жұмысымыз, Бұқаралық коммуникация турасында алғаш шетел ғалымдарының еңбектері негізінде жазылған,Бұқаралық коммуникацияның бағытын, ерекшеліктерін, формаларын, саяси процестердегі көрінісін қамтитын, ғаламтор, әлеуметтік желілер лингвистикасын  қарастыратын алғашқы еңбек болмақ.

Дипломдық жұмыстың нысаны  ретінде БАҚ құралдарын, әлеуметтік желілерді, ғаламторды, театр мен балет, кескіндеме өнерін алдық.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – Бұқаралық коммуникация ұғымының бағыты мен ерекшеліктеріне талдау жасау, формаларына сипаттама беру арқылы Бұқаралық коммуникация ұғымының аясын кеңінен ашып көрсету. Ғаламтор, әлеуметтік желілер арқылы таралатын комммуникацияны зерттеу барысында бүгінгі күннің Бұқаралық коммуникациясы қалай жүзеге асатындығын көрсету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Бұқаралық коммуникацияны формаларға жіктеу, жүйелеу;
  • Бұқаралық коммуникацияның лингвистикалық сипатына, тілдік бірліктерінің ерекшеліктеріне тоқталу, БАҚ-тың, әлеуметтік желілердің, ғаламтор жүйесінің лингвистикалық сипатын айқындау;
  • орыс, ағылшын ғалымдары еңбектерін пайдалана отырып, Бұқаралық коммуникацияда кездесетін терминдерді жүйелеп, анықтамалар беру;
  • әр салада қызымет атқаратын адамдардан, түрлі оқу орындарында білім алатын студенттер мен оқушылардан Бұқаралық коммуникация шеңберінде  сауалнама алу;
  • Бұқаралық коммуникацияның негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру, бағытын жіктеу, саралау.

Дипломдық жұмыстың дереккөздері. Зерттеу жұмысына     М.Назаров, И.А.Зосименко, И.А.Полуэхтова, Ә.О.Ыбырайым, В.Ф.Иванов,  Г.С.Сұлтанбаева, Р.Ә.Нұртазина т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын журналистика, масс-медиа саласына қызығатын студенттер қолдана алады. Сонымен қатар Бұқаралық коммуникация саласындағы зерттеулерді толықтырып, жаңа зерттеулерге бағыт-бағдар беру құралы  ретінде де септігін тигізеді.

...

Скачать:   txt (248 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (898.7 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club