Қарағанды көмір бассейні туралы жалпы мәліметтер
Автор: Qkish • Июнь 10, 2018 • Реферат • 20,382 Слов (82 Страниц) • 2,558 Просмотры
Кіріспе
Шақты құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар маркшейдерлік істің маңызды бөлігін құрайды. Олардың ерекшелігі – берілген бұрыштық және сызықтық көлемі бойынша болмысқа шығарылуы және қазбалар мен шақты үстіндегі кешеннің жобалық мөлшерлерінің бекітілуі. Оның үстіне, қазіргі заманғы шақты құрылысы кезінде көтерілудің үлкен жылдамдығын қамтамасыз ететін және көтергіш түтікшені бірнеше метр кубта қолданатын күрделі жер асты кешендері салынғанда монтаждың дәлдігіне өте қатаң талап қойылады. Бұның бәрі шақты құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарды маркшейдерлік қызметтің ең қиын бөлігі етіп көрсетеді.
Шақты құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстардың негізгі міндеттері: уату жұмыстары үшін жер бетінде тірек торларын құру, жер қазу жұмыстарының көлемін анықтау, ғимараттың, құрылыстыңгеометриялық элементтерін болмысқа шығару, арнайы өлшемдердің және ұңғыманы бақылау үшін түсіріс жасау және шақты оқпанын армирлеу, тау-кен қазбаларына бағыт беру және т.б.
Маркшейдерлік қызмет олардың құрылуы кезеңіндегі, сондай-ақ пайдалану кезеңіндегі тау-кен кәсіпорындарының қызметі кешенінің маңызды буындарының бірі болып табылады.
Тау-кенкәсіпорындары немесе ұйымдары қабылдаған құрылымдарға байланысты маркшейдерлік жұмыстарды орындау маркшейдерлік бөлімдерге жүктеледі.
Тау-барлау өндірісінің жоспарларындағы өндірілген, түсірілген және суреттелген орын көрсеткіштерінен басқа жер асты тау өндірісі кен орындарын барлау кезінде маркшейдерлік қызметтің алдында бір қатар міндеттер туындайды: өндіруге арналған бағыттарды көрсету, сынақ жүргізу орындарын, сонымен қатар геологиялық объектілерді түсіру.
Күзембаев атындағы шақтасының алаңы Қарағанды синклинінің шығыс бөлігіндегі Саран учаскесінде орналасқан және к18 – к7 қаттарында бөлінген. Шақтаның учаскесі Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы Ақтас кентінен 3 шақырым жерде орналасқан. Қарағанды қаласы шақта алаңынан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Шақта алаңынан солтүстікке қарай 2 шақырымнан 3 шақырымға дейінгі жерден Саран учаскесін өндірістік учаскесімен жалғайтын темір жол желісі өтеді. Сонымен қатар шақта жақын маңындағы елді мекендермен асфальтты тас жолмен жалғасып жатыр.
Шақта алаңының бетіндегі (үстіңгі) бедері Соқыр өзенінің аңғарына қарай оңтүстікке, оңтүстік-батысқа және Қарағанды өзенінің аңғарына қарай солтүстік-шығысқа жалпылай төмендеуімен аздап толқынды жазықтықты көрсетеді.
16.06.1998ж. КД АҚ «Арселор Миттал Теміртау» бойынша №64 бұйрығымен Күзембаев атындағы шақта және КСРО 50-жылдығы атындағы шақта 01.07.1998 жылдан бастап бір өндірістік бірлікКүзембаев атындағы шақтаға әкімшілік біріктірілді.
Шақтаны біріктіру КСРО 50-жылдығы атындағы шақтаның негізінде қарастырылған.
Панельдішақта алаңын дайындау және өңдеу. Шақтаны пайдалануға 1963 жылдың шілде айында берілді. Қазіргі уақытта Күзембаев атындағы шақта«Арселор Миттал Теміртау»КД АҚ кәсіпорындарының құрамына енеді.
КД АҚ «Арселор Миттал Теміртау» құрамына Қарағанды бассейнінің жеті шақтасы кіреді.
1 Кен орнының геологиясы
1.1 Қарағанды көмір бассейні туралы жалпы мәліметтер
Қарағанды көмір бассейні Қарағанды облысында орналасқан. Оның ендік бағыты 120 шақырымға, көлденеңінен 30 шақырымға созылған. Бассейннің алаңы 3600 шаршы метрді құрайды, оның ішінде таскөмір жүйесінің көмірлік түзілімдерінің үлесіне 2000 шаршы метр келеді.
Қарағанды көмір бассейні Ертіс-Балқаш суайырығының шегіндегі Нұра өзенінің ағынсыз бассейнінің орташа бөлігінде орналасқан. Жалпы аудан бедері салыстырмалы артуы 30 метрде шиеленіскен ұсақ құмтастолқынды жазықты білдіреді. Типті ұсақ құмтасәсіресебассейннің жиегін құрайтын
...