Механикалық жүйе динамикасы
Автор: dariga1991 • Ноябрь 18, 2018 • Курсовая работа • 16,818 Слов (68 Страниц) • 1,266 Просмотры
Жоспары I Кіріспе 1.Қатты дене статикасы 1.1 Статиканың негізгі ұғымдары және аксиомалары 1.2 Байланыс және оның түрлері, байланыс реакциялары 1.3 Жинақталған күштер жүйесі 1.4 Параллель күштер жүйесі 1.5 Күштердің кез келген жазық жүйесі 1.6 С-1 есебі 1.7 Кез келген кеңістік күштер жүйесі 1.8 С-4 есебі 2.Катты дене кинематикасы 2.1 Қатты дененің ілгермелі қозғалысы 2.2 Қатты дененің тұрақты өстен айналмалы қозғалысы 2.3 К-2 есебі 2.4 Қатты дененің жазық-параллель қозғалысы 3.Механикалық жүйе динамикасы 3.1 Қатты дененің инерция моменті 3.2 Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері 3.3 Механикалық жүйенің кинетикалық знергиясы 3.4 Д-3 есебі 4.Деформациялардың негізгі түрлері 4.1 Созылу және сығылу 4.2 Бұралау 4.3 Ығысу 4.4 Иілу 5.Механизмдер қозғалысын талдау 5.1 Кинематикалық жұптар мен звенолар және олардың түрлері 5.2 Берілістердің түрлері 5.3 Біліктер мен осьтер II Қорытынды III Қолданылған әдебиеттер тізімі | ||||||||
Өлш | Бет | Құжат№ | Қолы | Күні | ||||
Орындаған | Әдебиет | Бет | Беттер | |||||
Тексерген | 1 | |||||||
БҚАТУ 2010 | ||||||||
Теориялық механика - материялық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Өзара механикалық әсерлесу нәтижесінде бір материялық денелер басқа материялық денеге қарағанда козғалысқа келтіріледі, яғни материялық денелер өзінің бастапқы қалпын өзгертеді (деформацияланады) немесе жоғарыда аталған екі жағдай қатар байқалады. Мысалы, Күн мен Жердің өзара механикалық әсерлесуі нәтижесінде Жердің Күнге қарағандағы қозғалатынын байқаймыз. Үстел бетінде жатқан дене үстел және Жер мен механикалық әсерлесуінің нәтижесінде Жерге қарағанда тыныштық күйде болады, ал балғамен ұрылған дене бөлшектері өзінің бастапқы қалпын өзгертеді. Материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуінің өлшемдерін анықтау үшін күш ұғымы енгізіледі. Материялық денелердін бір-біріне өзара механикалық әсерлесуінің сандық мөлшерін анықтайтын шаманы куш деп атайды. Сонымен, күш материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуінің нәтижесінде пайда болады. Теориялық механикада күшті 11 физикалық табиғаты ескерілмейді. Қозғалып бара жатқан денеге әсер ететін күштің шамасы мен бағытын және күштің денеге қай нүктеде әсер ететінін білу қажет. Күш векторлық шама болғандықтан, ол графикалық түрде стрелкамен (бағыттамамен) кескінделеді, ал осы вектордың ұзындығы күш модуліне пропорционал болады. Механи¬калық қозғалыстың анықтамасы бойынша, материялық дененің орын ауысуы басқа бір материялық денеге қатысты анықталады деп айтуға болады. Осы соңғы денені санақ жуйесі деп атайды. Материялық дене нүктелерінің орны санақ жүйесіне қарағанда өзгермесе, онда материялық дене осы санақ жүйесіне қарағанда тыныштық күйде болады. Егер материялық дененің кейбір нүктелерінің орны уақытқа байланысты өзгеріп отырса, онда осы дене берілген санақ жүйесіне қарағанда қозғалыста болады. Дененің механикалық қозғалысын зерттеу кезінде, оның қандай санақ жүйесінде қозғалатынын білу қажет. Егер санақ жүйесі берілмесе, онда механикалық қозғалысты зерттеу мақсаты белгісіз болып қалады. Абсолют қатты дене деп кез-келген екі нүктесінін арақашықтығы тұрақты болатын денені айтады. Абсолют қатты дене, материялық нүкте, механикалық жүйе (система) ұғымдары денелердің тепе-теділігі мен қозғалыстарын зерттеу үшін теориялық механикада кеңінен қолданылады. Абстракция әдісін және күнделікті тәжірибелердің жинақтап қорытылған нәтижелерінпайдаланудың арқасында теориялық механиканың негізгі зандары немесе аксиомалары тұжырымдалды.
| ||||||||
Бет | ||||||||
Өзг | Бет | № құжат | Қолы | Күні | 2 | |||
1.1 СТАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ АКСИОМАЛАРЫ Абсолют қатты дене, күш, күштер жүйесі. Статиканың мақсаттары Статика - теориялық механиканың күштер (күштер жүйесі) туралы ілім баяндалатын және осы күштер әсер еткендегі материялық денелердің салыстырмалы тепе-теңдік шарттары мен тендеулері зерттелетін бөлімі. Егер дене баска денелермен салыстырғанда тыныштық күйде болса, онда дене тепе-тендікте болады деп айтуға болады. Дененің тепе-тендік шарты дененің күйіне байланысты. Сұйық және газ тәрізді денелердің тепе-тендігі гидростатика және аэростатика пәндерінде қарастырылады. Теориялық механикада тек қана қатты денелердің тепе-тендігі туралы мәселелер қарастырылады. Қатты денелер өзара әсерлесу-лерінің нәтижесінде өздерінің пішіндерін (формасын) өзгертуі (деформациялануы) мүмкін. Инженерлік құрылма бөлшектерінің деформациялары өте аз болса, онда оның беріктілігі камтамасыз етіледі. Сондықтан тепе-тендік шарттарын қарастырғанда қатты денелердің осындай аз шамада болатын деформацияларын ескермей оларды абсолют қатты дене деп алуға болады. Абсолют қатты дене деп кез келген екі нүктесінің арақашықтығы тұрақты болатын денені айтады. Дененің тепе-тендік күйі немесе қозғалысы оның басқа денелермен механикалық әсерлесуіне байланысты. Материялық денелердің бір-біріне өзара әсерлерінің сандық мөлшерімен аныкталатын шаманы күш деп атайды. Күш бағытталған векторлык шама, сондықтан ол үш көрсеткішпен бейнеленеді (1.1-сурет): әсер ету сызығы (ЕД түзуі), әсер ету нүктесі (А нүктесі) және модулі. [pic 1] Күш шамасы (модулі) бірлік күш ретінде алынған басқа күшпен салыстыру арқылы анықталады.
| ||||||||
Өлш | Бет | Құжат№ | Қолы | Күні | ||||
Орындаған | Әдебиет | Бет | Беттер | |||||
Тексерген | 3 | |||||||
БҚАТУ 2010 | ||||||||
Күштің өлшем бірлігі ретінде халықаралық SI жүйесінде ньютон (Н), ал техникалық МКГСС жүйесінде килограмм (кГ) алынады. Күш векторлық шама болгандықтан үстінде сызығы бар әріппен, мысалы Ғ символымен бейнеленеді. Осы күштің модулін үстінде сызығы жоқ Ғ әрпімен немесе | Ғ | символымен белгілеуге болады. Абсолют қатты денеге әсер ететін (Ғ1,Ғ2... ,Ғп) күштер жиынтығын күштер жүйесі (системасы) деп атайды. Егер дене басқа денемен байланыста болмаса, еш нәрсемен бекітілмесе, онда мұндай дене еркін дене деп аталады. Мұндай дене кңістіктің кез келген орнында бола алады және кез келген бағытта орын ауыстыра алады. Егер еркін дене, түсірілген күштер жүйесінін әсерінен тыныштық күйде болса, онда мұндай күштер жиынатығы тепе-тендіктегі жүйе деп немесе нөлге балама болады деп аталады: (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) <=> 0. Егер (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) және (Q1, Q2,... Qm) күштер жүйесінің әрқайсысы еркін қатты денені тыныштық күйінен бірдей қозғалысқа келтіретін болса, онда олар бір-біріне балама (эквивалентті) жүйелер болады. (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) <=>(Q1, Q2,... Qm) Бұл анықтама бойынша (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) күштер жүйесі еркін қатты денеге әсер еткенде оған қандай қозғалыс берсе, не оны тыныштық күйінде ұстаса, оған балама екінші (Q1, Q2,... Qm) күштер жүйесі бұл денені дәл сондай қозғалысқа келтіреді немесе тыныштық күйінде ұстайды, яғни бір-біріне балама екі күштер жүйесінің бір денеге жасайтын әсерлері бірдей болады. Сондықтан осындай екі күштер жүйесінін бірін екіншісімен алмастыруға болады. Қатты денеге тусірілген (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) куштер жуйесі бір К кушіне балама болса, онда К куші куштер жуйесінің тең әсер етуші куші деп аталады: (Ғ1, Ғ2,... ,Ғп) <=>R. Шамасы тең әсер етуші күшке тең, бір түзудің бойымен оған қарама-қарсы бағытталған R1 күші теңестіруші күш деп аталады, яғни R = R1. Жоғарыда қарастырылған күштер дене нүктелеріне түсіріледі деп аламыз. Кейбір жагдайларда дененің белгілі бір ұзындығына әсер ететін таралған (жайылған) күштер де кездеседі. Бұл тұрақты, сызықты және айнымалы заңдылықтармен таралған күштер q(Н/м) интенсивтілігімен (ұзындықтың бірлік өлшеміне келетін күш) сипатталады.
| ||||||||
Бет | ||||||||
Өзг | Бет | № құжат | Қолы | Күні | 4 |
...