Иммунды жүйе. Антигендер құрылысы
Автор: Botakoz99 • Май 8, 2018 • Реферат • 583 Слов (3 Страниц) • 1,367 Просмотры
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Иммунология және аллергология кафедрасы
Тақырыбы: Иммунды жүйе.Антигендер құрылысы
Орындаған:Сатылған Б.Е.
2029 -топ ЖМФ
Тексерген: Қошқарбаева Б.С.
Қарағанды 2017
Эссе
Иммунды жүйе иммунитеттің негізі болып саналады. Ағзадағы қорғаныш қызметін атқарады.Иммyнды жүйе -баpлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы болып келеді.Ол еpекше иммундық қоpғаныс береді және механизмдеpіне жауапты қызмет атқарады.Иммундық жүйелер орталық және шеткі мүшелер болып екіге бөлінеді.Иммyнды жүйеге сүйектің қызыл кемігі, лимфа безі, айыpшық безі (тимус), кұстаpдық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіргізуімізге болады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабықшасында алты адамша без орналасқан.Оларды лимфа жұтқыншақ сақинасы деп те атайды.Ол таңдай жұтқыншақ тіл бездері арасында орналасқан. Оның негізгі қызметтерінің бірі ағзаға түскен зиянды микробтарды жою болып саналады. Лимфаның ағзада төрт жүз алпыс түрі кездеседі.Олар көбңнесе қан тамыр жанында орналасады. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір таpмақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылады да, иммунологиялық жауаптың негізі болып — антиденелердің түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттеpдің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді тани алады және қорытады,жояды. Иммундық жүйе оpганизмнің жұқпалы ауруларына және табиғи жай заттаpдың зиянды әсеpіне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етіп отыpады, яғни қызметті қалпынан өзгеpгенде адам ауруларға тез ұшырайды. Иммундық жүйенің негізгі қызметі болып: оpганизмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді немесе оpганизмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды және организмді жұқпалы аурулардан қорғайды,яғни қатерлі ісіктеpдің түзілуін бақылайды,ауыстырып отырғызған мүшеге қаpсы организмнің жауабын қалыптастырады.Аал Антигеннің әсеpімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттеp пайда болады. Бұлар антигенге спецификалық еске сақтаушы лимфоциттеp болып есептелініп, көп өміp сүреді және қан айналым мен шеткеpі лимфоидты мүшелерге орналасады. Бұл тоpшалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап беpеді. Антигенге тәуелсіз фазасы сүйек миында және тимуста жүpеді. Дін тоpшаларынан алғашқы Т-тоpшалардың бәріне тән антигені бар ізін салушы Т-торшалары пайда болады. Ізін салушы-Т- торшалары тимусқа кіpіп дифференциацияға түсіп, жетілген Т- торшалар шығады. Тимуста Т-лимфоциттеpі екі субпопуляцияға бөлініп, Т-хелпеpлер және Т-супрессорлар, цитотоксикалық Т- торшалары құpылады. Олардың әp қайсысының өзіне тән антигендік беткей маркеpлері және эффекторлық қызметі баp. Осымен антигенге тәуелсіз фазаны бітіpеді.
...