Механикалық əсерлерге сынау
Автор: kazieva9898 • Май 3, 2018 • Реферат • 4,830 Слов (20 Страниц) • 1,533 Просмотры
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ
Бақылаудың ерекше түрі дайын өнімді сынау болып табылады. Сынау бұл – бір немесе бірнеше өнім сипаттамасын физикалық, химиялық, табиғи немесе эксплуатациялық факторлар мен шарттардың əсерінен зерттеу немесе анықтау.
Мақсаттарына байланысты сынаудың келесідей негізгі түрлері бар:
- алдын – ала
- қабылдағыш
- қабылдап- өткізгіш
- кезеңдік
- типтік
Берілген өнім түрінің техникалық шарттарына сəйкестігін тексеруде қабылдап өткізгіш, кезеңдік жəне сертификациялық сынақтар жүргізіледі.
Қабылдап -өткізу сынақтарын өнімді тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында кəсіпорынның техникалық бақылау бөлімі жүргізіледі. Қабылдап - өткізу сынақтарына барлық көрсеткіштері техникалық шарттар сəйкестігіне əрбір өнім тобы сынауға жіберіледі. Топ болып бір құжатпен дайындалып, бір технологиялық циклда алынған қабырғалық бетон тасының кез – келген саны аталады. Құжатқа келесілер
көрсетілуі тиіс:
- жүк қабылдаушының аталуы
- белгіленген орын атауы
- топ номері
- өнім атауы
- дайындама күні
- брутто мен нетто салмағы
- жүк жіберушінің атауы
- жіберу орнының атауы
- дайындама – кəсіпорнының техникалық бақылау штампы;
Өнімнің кезеңдік сынақтарын шығаратын өнім сапасы тұрақтылығын тексеру мен оның шығарылуының жалғасу мүмкіндігін тексеру мақсатында жүргізеді. Кезеңдік сынақтар үлгілерін өткен қабылдап - өткізу сынақтарынан іріктеп, сол өнімнің техникалық шарт талаптарының сəйкестігіне сынайды.
Сертификациялық сынақтар өнімнің ТШ-ға сəйкестігін дəлелдеу мақсатында жəне қабырғалық бетон тасының сапасын бағалаудағы тұтынушы мен дайындаушы арасындағы келіспеушіліктер болған жағдайда аттестацияланған сынақ орталықтары жүргізіледі. Нəтижелердің талаптарға сəйкес емес болған жағдайда сол топтан іріктелген көрсеткіштердің біреуіне екі еселенген сынақ жүргізіледі. Қайталанып жүргізілген сынақтар нəтижелері соңғы болып табылады жəне бүкіл топқа таралады.
Сынау əдістері бұл - сынаудың нақты принциптері мен əдістерін қолдану ережелері. Мұндай прициптер – физикалық, механикалық, химиялық жəне басқа да тəуелділіктер болып табылады, оларды қолдана отырып өнімнің жұмыс жағдайында оны қолдануда өнім құрамының сипаттамасы жайлы ақпаратты алады. Сынақ əдістерінің негізгі құраушылары:
- сынақ объектілеріне əсер ( өнім,өнім тобы үлгілері), басқарылатын жəне басқарылмайтын (сыртқы ортаның климаттық факторлары)
- сынақ объектісінің парамертлерін анықтау, өлшеу мен сапа көрсеткіштерін анықтау
- сынақ нəтижелері мен берілгендерін өңдеу
- өнім сынағының сапасының сипаттамасын бағалау
Өнімнің өмір сүру сатысында сынау жүргізу, яғни зерттеу жəне жобалау сатысында – жобаның жаңа шешімдерін бағалау болып табылады.
Бұл кезеңдерде келесі іс шаралар қамтылуы тиіс:
- жоба кезінде келтірілген қателіктерді
...