Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылутехника негіздері

Автор:   •  Апрель 20, 2019  •  Реферат  •  3,847 Слов (16 Страниц)  •  1,390 Просмотры

Страница 1 из 16

Жылутехника негіздері

          Мазмұны

1 Кіріспе. Жылу техникасының ғылыми техникалық прогрестегі ролі  

2 Жылу динамикалық процестер, жүйе

3 Жылутехникалық әдістер

4 Жылу динамикалық тепе-теңдік

Жылу техникасы.

Жылу құбылысы табиғат әлемінде және техниканың әртүрлі саласында ең көп таралған жердегі ең басты энергия көзі күн болып саналады. Күн мен жер арасындағы жылу алмасу арқасында біздің планетамызда өмір сүруге ең қолайлы жағдай жасалған. Күн сәулесі мен жылуы әсерінен өсімдік әлемі өсіп және дамиды. Ал өсімдік адам мен жан-жануар үшін тамақ,бұл әрі киім, отын және құрылыс материалы.

Күн мен жер арасындағы жылу алмасу процесі жел мен бұлттың,жауын мен туманның пайда болуын туғызады, тәулік және жыл бойындағы атмосфера температурасы жер шарының әр жеріндегі ауа-райын, климатын анықтайды.

Техникада жылу құбылысы құрылысы күрделі жылу системасында (қазандық қондырғысы, сораптары бар көп километрге созылған бу-су құбырларымен) елеулі роль атқарады.

Қазіргі кездегі өндіріс орнын және транспортты жылу машиналарсыз елестетуге де болмайды. Мысалы, автомобильдегі трактордегі, тепловоздағы, теплоходтағы, танктегі, экскаватордағы поршенді іштен жану қозғалтқышы олардың энергетикалық «жүрегі» болып саналады. Реактивті қозғалтқыштар көмегімен самолеттер мен ракеталар ұшады. Ал электрстанцияларда үлкен бу машиналары (турбиналары) генератор роторларын  қозғалысқа келтіреді.

Металлургия және металл өңдеу өнеркәсіптерінде жылу процесі қара және түсті металл алуда,машина бөлшектерін құюда, оларды өңдеуде аса зор роль атқарады.

Жылу процесі ағаш, тамақ өнімдерін шығаруда,денекерлеу, кесу, металды шынықтыруда оның негізі болып саналады.

Табиғатта жәңе техникада қолданылатын көптеген және әртүрлі жылу процестері жалпы заңдарға бағынады. Бұл заңдарды білу инженерлер мен ғалымдарға әртүрлі маңызы зор мәселелерді шешуде, практикалық есептерді шешуде көмегін тигізеді. Мысалы, бу қондырғыларын жылу электроцтанцияларда есептеу, жылу беру  жүйелерін жобалау т.б.

Жылу теориясын білмей құрылыс материалдарын, пластмассаны шығару, көп жылу беретін ядролық реактордың жұмысын басқару, ракеталарды оларға қойылатын приборлар мен күрделі аппараттарды есептеу мүмкін емес.

Адамның әр қадамы жылу процессімен байланысты, сондықтан жылу заңдылықтарын, жылу қондырғылары мен машиналар құрылысымен жұмыс істеу тәртібімен таныс болуы қажет.

Термодинамикалық жүйе

Табиғаттың көптеген құбылыстарында бір-бірімен әртүрлі байланыста болатын көптеген денелер қатысады. Жылу және жұмыс түрінде өзді-өзді және айнала ортамен энергия алмасатын материалдық денелердің жиынтығы термодинамикалық жүйе дер аталады. Осы термодинамикалық жүйені таңдау өз пайымдауымызға берілген.

Жылу динамикасы жүйенің қарапайым мысалы ретінде поршень мен цилиндрдің астындағы газды алуға болады. Егер жылу динамикалық жүйе сыртқы ортамен ешқандай байланысы болмаса ондай жүйені тұйықталған немесе тұйық жүйе деп атайды. өзінің көптеген бөліктерінде құрамы және физикалық қасиеті бірдей жүйені физикалық біртекті немесе біркелкі жүйе деп атайды. біртекті жылудинамикалық жүйе, егер олардың ішінде оны бөліп тұратын, бөлу беттері болмаса, онда ондай жүйе галогендік жүйе деп аталады (мысалы, мұз, су, газ). Олардың арасында бөлу беттері болса гетерогенді жүйе деп аталады. Гетерогенді жүйе бөлу беттері бір-бірімен араласпайтын, әрқайсысының физикалық қасиеті бір макроскопиялық заттардан тұратын жылудинамикалық жүйені айтады (мұз+су, су+су буы).

Жылудинамикалық тепе-теңдік

Жылудинамикалық жүйеге кіретін барлық заттардың күйі ұзақ уақыт өзгермесе онда жүйенің мұндай күйін жылудинамикалық тепе-теңдік деп атайды. жылудинамикалық тепе-теңдік жүйенің заттарының температуралары               айналадағы ортаның айналадағы ортаның температуралары .

 

   Бақылау сұрақтары

  1. Жылу техникасы нені оқытады?
  2. Жылу техникасының теориялық бөлімдерін атаныз.
  3. Жылу динамикалық жүйе дегеніміз не?
  4. Жылу динамикалық процес дегеніміз не?
  5. Жылу дегеніміз не?
  6. Жұмыс пен жылу арасындағы баламалы принцип туралы не білсіз

  Қолданылған оқулықтар  

  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». -  М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20
  2. Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15
  1. Лариков Н.Н. «Тепдлтехника» - Стройиздат., 1985. – б.4-16
  2. Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41

Газдардың жылусыйымдылығы

 Мазмұны

  1. Газ қоспасының жылусыйымдылығы
  2. Жылусыйымдылықтың түрлері
  3. Адиабат көрсеткіші
  4. Жылусыйымдылықтың газ параметрлерінен тәуелділігі

 

Газ қоспасының жылусыйымдылығы

Дененің температурасын 10С өзгерту үшін, берілетін немесе одан алынатын жылу мөлшерін жылусыйымдылық деп атайды.

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (777.1 Kb)   docx (450.5 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club