Дискретті вариациялық қатар. Аралық вариациялық қатар
Автор: aimagambet.aida • Февраль 16, 2022 • Реферат • 394 Слов (2 Страниц) • 357 Просмотры
Реферат
Тақырып: Дискретті вариациялық қатар. Аралық вариациялық қатар.
Жоспар
1.Биостатистика негіздері
2.Дискретті вариациялық қатар
3. Аралық вариациялық қатар
1.Биостатистика негіздері
Биостатистика – медициналық-биологиялық мәліметтерді талдау үшін статистикалық әдістерді қолдану туралы білімдер саласы. Биостатистиканың негізгі ұғымдарына жиынтық ұғымын жатқызуға болады. Ал, жиынтық дегеніміз – белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы. Биостатистикада жиынтықтың екі түрі бар: 1) Бас жиынтық; 2)Таңдамалы жиынтық.
Бас жиынтық дегеніміз – сандық немесе сапалық белгілерге ие болатын барлық біртектес объектілердің жиыны. Ал таңдама сол бас жиынтықтан зерттеу үшін таңдап алынған бір бөлік болып табылады. Жалпы, мысал келтіретін болсақ, Ақтөбе қаласындағы барлық емханаларды алсақ, бұл бас жиынтық, ал әрбір емхананы жеке алсақ, яғни бұл таңдамалы жиынтық болып келеді.
Таңдамалы жиынтықты бас жиынтықтан таңдап алудың бірнеше әдістері бар. Сол әдістер арқылы ғана таңдап алынған таңдамалы жиынтық репрезентативті қасиетке ие болады.
Жалпы, бас жиынтықтың бағасын беру үшін сандық сипаттамалардан таңдама ортасы, дисперсия, орташа квадраттық ауытқуды жатқызуға болады. Яғни, бұлар нүктелік баға. Ал, аралық баға ретінде сенім аралығын аламыз. Егер, бас жиынтықтың барлық объектілері бізге қолжетімді болса, онда бас жиынтықтың орташасын, дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқуын есептеу мүмкін болады. Бірақ, көп жағдайда бас жиынтықтың барлық объектілері қолжетімді болмайды. Сол кезде репрезентативті қасиетке ие таңдамалы жиынтыққа зерттеу жұмысы жүргізіліп, бас жиынтықтың параметрлерін бағалауға болады.
...