Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Картоптың қатар араларына өнім беру культиваторлар

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Лекция  •  1,523 Слов (7 Страниц)  •  725 Просмотры

Страница 1 из 7

7.09.2016

Картоптың қатар араларына өнім беру   культиваторлар

Картоптың қатар аралығын өңдеуде және үстеп коректендіруде КОН-2,8А, КРН-4,2Г, КРН-2Д, КНО-4,2, жүгеріні КРН-4,2 А, КРН-5,6, КРН-8,4, қант қызылшасын КГС-4,8А, УСМК-5,4Б, КРШ-8,1, көкөністі күтіп-баптауда КОР-4,2, КФО-4,2, КНБ-5,4 қолданылады. Аталған культиваторларда өңдеу әдісіне, дақыл түріне, топырақ-климат жағдайына, себу әдісіне және өсімдік өсу мерзіміне байланысты әртүрлі жұмыс органдары қолданылады.

Отауыш табандар (ұстара) арамшөптерді кесуге және қатараралық топырақты 6 см дейін тереңдікке қопсытуға арналған.

Тірекке бір жақты жазық кесуші ұстара 3 бекітілген, онда өсімдіктерді топырақпен басып қалудан сақтандыратын тік жақ орнатылған. Ұстаралар оң және сол жақты болып бөлінеді. Ұстаралардың алым ені 85,120,165 және 250мм. Ұстараның жақ жазықтығына орналастыру бұрышы γ = 28... 320. Ұстара жүзі арамшөп тамырын қияды, ал топырақ оның жұмыс бетімен қозғалғанда ұсатылады. Әмбебап жебе тәрізді табан (34 ә сурет) арамшөптерді кесіп және топырақты 12см тереңдікке дейін қопсытады. Табан алым ені 220 ....385мм. Ұсату бұрышы ε =28...300, 2γ= 600 және 650. Қашау тәрізді табан (34в сурет) қатараралықты 16см тереңдікке дейін қопсытуға арналған. Тіректің алға иілген тұмсығының ені 20мм үшкірленген қашаумен бітеді. Мұндай табан қатты және күшті тығыздалған топыраққа да жақсы кіреді, деформациялайды, топырақты жақсы қопсытып және оның ылғалды төменгі қабатын танап бетіне шығармайды.

Қоректендіргіш пышақ қатараралықты қопсыту және тыңайтқышты 16см тереңдікке дейін сіңіру үшін қолданылады. Ол қашау тәрізді табан және құйғыдан/ойыңқыдан/воронкадан 4 тұрады.

 а – біржақты жазық кесуші табан, ә – әмбебап жебе тәрізді табан, в – қашау тәрізді қопсытқыш табан, г – коректендіргіш пышақ, д – қайырма табан, е – түптегіш корпус, ж – тор бетті қайырмалы түптегіш корпус, з – арық салғыш, и – инелі дискілер батареясы, ж – отауыш тырма звеносы, л – калқан-үйшік , м – БРУ-0,7 ротациялық тырмасының секциясы, н – саңылау тілгіш, о – отауыш ротор, п – отауыш диск, 1 – тірек, 2 – жақ, 3 – жүзі, 4 – воронка, 5 – қайырмашылық, 6 – наральник, 7 – қайырма, 8 – қанат, 9 – ойық, 10 – рамка, 11,24 және 27 дискілер, 12 және 22 – тістер, 13 және 29 кронштейн, 14 – серіппе, 15 – цилиндрлік барабан, 16 – конустық барабан, 17,23,25-28 – кіндіктер, 18 – ұстағыш, 19 және 26 – пышақтар, 20 – қалқан, 21 – қопсытқыш. 1 – брус-рама, 2 – кронштейн, 3 – жоғарғы буын, 4 – беріліс, 5 – реттеуіш, 6 – тыңайтқыш себетін аппарат, 7 – автотіркеуіштің құлпы, 8 – басқыш, 9 – бөлшегіш плита, 10 – жұмысшы орган, 11 және 12 – ұстағыштар, 13 – тыңайтқыш өткізгіш, 14 – грядиль, 15 – қайрақша/брусок, 16 және 18 – доңғалақтар, 17 – төменгі буын.

Табан-қайырмашық картоп және басқа дақылдарының қатараралығын өңдеуде пайдаланылады. Тірекке 1 қисық бетті қыры өткір қайралған қайырмашық 5 бекітілген. Оң және сол жақты табан-қайырмашықты қатар орта сызығының екі жағын 25-27 см қашықтықта орналастырады. Қайырмашықтар арамшөптерді кесіп, топырақты 6 см тереңдікке дейін қопсытады, қатараралықтағы топырақты қорғау аймағына ысырады.

Түптеуіш корпус қатар бойы жал жасауға, қарық түбіндегі арамшөптерді топырақпен жабуға арналған. Топырақ тірекке наральник 6 және қозғалмалы қанатты 8 екі жақты қайырманың жұмыс бетіне көтеріліп қопсытылады да қанаттармен өсімдік қатарына ысырылады. Ойықтар 9 қанаттарды биіктетуге мүмкіншілік береді, демек түптеуішпен жасалған топырақ жалының биіктігін реттеуге болады.

Тор бетті қайырмалы түптеуіштің наральнигі жебе табан тәрізді жасалған (34 ж сурет). Қайырма мен наральник арасынан топырақ қарықша түбіне түседі. Қайырма саусақтары қарықша және жал қабырғасын қопсытады. Тор бетті қайырмаларды ылғалы аз аймақтарда қолданылады. Түптеуіштің өңдеу тереңдігі 16 см, жал биіктігі 25 см-ге дейін жетеді.

Қарықша кескіш-арық жасағыш (34з сурет) тереңдігі 20 см суландыру қарықшасын жасап, отамалы дакылдардың қатараралықтарын өңдеуде және минералдық тыңайтқыш енгізуде қолданылады. Ол тіректен 1, наральниктен 7, екі жақты қайырмадан 7, қанаттардан 8 және тыңайтқыш енгізетін воронкадан 4 тұрады. Қанаттардың 8 орналасу биіктігін реттеуге болады.

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (110.3 Kb)   docx (751.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club