Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пальма тәрізділер қатары – Arecales

Автор:   •  Декабрь 14, 2025  •  Реферат  •  1,917 Слов (8 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 8

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Астана халықаралық университеті

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

«Өсімдіктер систематикасы» пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Пальма тәрізділер қатары – Arecales»

Орындаған: Дуйсембаева А.С.

Тексерген: Жаманғара А.Қ

Астана, 2025

Мазмұны

І. Кіріспе..................................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім......................................................................................................4

Географиялық таралуы мен экологиясы.........................................................4

Морфологиялық құрылысы (сабағы, жапырағы, гүл, жеміс).....................5

Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері......................................6

Көбеюі және тұқым биологиясы.........................................................................7

Қорытынды..........................................................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................11

І. Кіріспе

Пальма тәрізділер немесе Пальмоцветные (лат. Arecales) – жабық тұқымды өсімдіктер дүниесіндегі ең көне әрі морфологиялық жағынан ерекше топтардың бірі. Бұл қатарға жататын өсімдіктер Жер бетінде шамамен 145–130 млн жыл бұрын, яғни Бор дәуірінде пайда болғаны палеоботаникалық деректермен дәлелденген. Пальмалар тропиктік және субтропиктік зоналардың флорасының негізін құрайды, олар климат түзілуінде, топырақ эрозиясын тежеуде және экожүйелік тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда әлемде пальма тұқымдасына жататын 260-тан астам туыс (род) және 2 600-ден аса түр (вид) белгілі. Бұл өсімдіктер құрлық бетінде ең ұзақ өмір сүретін, ең биік, ең ірі тұқымды жеміс беретін өсімдіктер қатарына кіреді. Мысалы, Corypha umbraculifera пальмасы гүлденгеннен кейін өліп қалса, Ceroxylon quindiuense 60 метрге дейін өседі, ал Lodoicea maldivica пальмасының жемісі әлемдегі ең ірі тұқым ретінде танылған (салмағы 20 кг-ға дейін).

Пальмалар тек табиғи экожүйелерде ғана емес, адамзат өркениетінде де ерекше орын алады: олардан тағам (кокос, финик, пальма майы), құрылыс материалдары, талшықтар, отын, қағаз және тұрмыстық заттар өндіріледі. Сол себепті пальмалар «тропиктің нан ағашы» деп те аталады.

ІІ. Негізгі бөлім

Жүйелік классификациясы

  1. Дүние – Plantae – Өсімдіктер дүниесі
  2. Бөлім – Magnoliophyta / Angiospermae – Жабық тұқымдылар
  3. Класс – Liliopsida / Monocotyledonae – Дара жарнақтылар
  4. Қатар – Arecales – Пальматәрізділер
  5. Тұқымдас – Arecaceae / Palmae – Пальмалар
  6. Туыс – Phoenix- Финик
  7. Түр –Phoenix dactylifera – Құрма (финик) пальмасы

Географиялық таралуы және экологиясы

Пальма тұқымдасына жататын өсімдіктер негізінен Жер шарының жылы және ылғалды аймақтарында таралған. Олар тек тропиктік ормандарда ғана емес, шөлейтті аймақтарда, теңіз жағалауларында, батпақты сулы-батпақты экожүйелерде және тіпті таулы жерлерде де өседі. Пальмалар әлемнің барлық континенттерінде кездеседі, тек Антарктидада өспейді.

1. Географиялық таралу аймақтары:

Табиғи таралу орталықтары:
– Оңтүстік Америка (Амазония, Анд таулары етегі)
– Африка (Конго ойпаты, Сахараның оңтүстігі, Мадагаскар)
– Оңтүстік-Шығыс Азия (Индонезия, Филиппин, Малай архипелагы)
– Үндістан, Шри-Ланка, Полинезия және Кариб аралдары\

Еуропада таралуы:
Табиғи түрде тек Жерорта теңізінің жылы жерлерінде         (
Chamaerops humilis – Еуропадағы жалғыз жабайы пальма) өседі. Испания, Италия, Грекия, Түркияда мәдени түрде егіледі.

Қазақстанда жағдайы:
Қазақстанның табиғи климаты пальмаларға қолайсыз (қыстың суық болуы себепті). Сондықтан пальмалар тек жылыжайларда, ботаникалық бақтарда және үй жағдайында декоративті түрде өсіріледі (
Washingtonia, Phoenix canariensis, Chamaedorea elegans).

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (255.1 Kb)   docx (221.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club