Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топографиялық план құрастыру үшін теодолиттік түсіріс жұмыстар кешеніне және теодолитпен жұмыс жасау тәртібіне, сонымен қатар топографи

Автор:   •  Ноябрь 8, 2023  •  Реферат  •  1,406 Слов (6 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі

        əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

            Факультеті   «География және табиғатты пайдалану»

               Кафедрасы «География, жерге орналастыру, кадастр»

     

       СӨЖ

Тақырыбы: Топографиялық план құрастыру үшін теодолиттік түсіріс жұмыстар кешеніне  және теодолитпен жұмыс жасау тәртібіне, сонымен қатар топографиялық план құрастырудың тәсілдеріне сипаттама беру

                                                       Орындаған: Турдалиева Асел Дастанқызы

                                                       Тексерген: Дуйсенбай Салават Маратович

                                              Алматы 2023 ж

                       

                                               ЖОСПАР

Кіріспе..........................................................................................................3

Негізгі бөлім................................................................................................4

1. Топографиялық план құрастыру үшін теодолиттік түсіріс жұмыстары

2. Топографиялық план құрастырудың тәсілдері

Қорытынды................................................................................................7

Пайданылған әдебиеттер.........................................................................8


                                               Кіріспе

План – жергілікті жер бетінің шектеулі аумағының бедері мен контурларын горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп, жердің қисықтығын ескермей кескінделуі. Ол ірі масштабтағы карта.

Қолдану аясына қарай, пландар контурлық және топографиялық деп екіге бөлінеді. Контурлық пландар мен карталарда ситуацияны шартты белгілермен бейнелейді, яғни жергілікті жердегі заттардың (жол, құрылыс нысандары, егістік, жайылым, орман) горизонталь проекцияларының тек контурлары – жиектері бейнеленеді. Ал топографиялық карталар мен пландарда ситуациядан басқа тағы жергілікті жердің бедерін бейнелейді. Теміржол, шоссе, канал, трасса, су құбырлары және т.б. құрылыс нысандарын жобалау кезінде жергілікті жердің вертикаль қимасы немесе профилі міндетті түрде болу керек. Жергілікті жердің профилі – берілген бағытта Жер бетінің вертикаль жазықтықта кішірейтіліп бейнеленген кескін түріндегі сызбасы. Ереже бойынша жергілікті жердің қимасы АВС...G қисық сызығын береді. Профильде ол сынық сызық аbс…g ретінде салынады, ал деңгейлік бетті түзу сызықпен бейнелейді. Нақты және көрнекі болу үшін вертикаль қималарды (биіктіктер мен өсімшелер) горизонталь қималарға (нүктелер арасындағы арақашықтық) қарағанда үлкенірек етіп жасайды.

Планның біздің халық шаруашылығымыздың қай саласында болсын атқаратын рөлі зор. Жерге байланыста ғылыми және практикалық жұмыстар ең алдымен карта арқылы сол территорияны жете зерттеу қажет, яғни зерттеу объектісін белгілеп, жүретін маршруттарды, жолдарды, т.б. қағаз бетіне (планға) түсіру керек. Жергілікті жердің территориямын зерттеп, көптеген жаңалықтар енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады.

Планның негізгі ерекшеліктері:

  • жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынады;
  • план бетінде тік бұрышы координаталық тордың кескіні ғана болады;
  • жердің дөңестігі ескерілмейді;
  • кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болады.

Жер бетін топографиялық планға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдәкті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман-геодезистер жасайды. Планның мазмұны толық, түсінікті, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық пландағы шартты белгілер масштабты (контурлық), масштабтан тыс және түсіндерме шартты белгілер болып өзара бөлінеді.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (129.3 Kb)   docx (196.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club