Жоғары-төмен.Шаршы. Логикалық тапсырмалар
Автор: 010805650599 • Апрель 9, 2020 • Практическая работа • 303 Слов (2 Страниц) • 1,459 Просмотры
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№4 «Нұр бөбек» тобы «22» қараша, 4-апта
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Жоғары-төмен.Шаршы. Логикалық тапсырмалар.
Мақсаты:таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыру, жоғарыда-төменде ұғымын ұғындыру,Шаршы пішінімен танысу.
Міндеті:
Білімділік: Алған білімдерін жүйелі түрде көрсете білу, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.
Айналадағы заттардың орналасуын ( жоғары-төмен, және пішіндер: шаршы) сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қарым - қатынастарын молайту. Белсенділіктерін, ой - қиялдарын жинақтау қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.
Көрнекілік: доптар, суреттер,ойыншықтар
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық | Жылулық шеңбері. Алақанды ашайық Күннің нұрын шашайық Жүрек жылуын салайық Бір-бірімізге сыйлайық Бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметіміздің тақырыбы: «.Жоғары-төмен..Шаршы» Өткен тақырыпты бір қайталап алайық. «Алыста-жақын» | Тәрбиеші артынын қайталайды Өткен тақырыпты қайталап,есіне түсіреді |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексиялық түзетушілік | 1.Ғажайып сәт"текшелер" -Балалар менің себетімде не барына қараңдаршы(себеттен тікшелерді алып,баларға таратып беремін) 2."Жоғарыда-төменде" ойыны Балалар текшені жоғары,содан кейін төмен лақтырады. 3.логикалық сұрақ. Балалар, біз жоғарыға қалай және де немен көтерілеміз?немесе астына қалай түсеміз? 4.Сұрақ-жауап әдісі: -Сатының жоғарғы жағында кім тұр? -Сатының төменгі жағында кім тұр? -Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек? -Бала сатының төменгі жағында болу үшін не істеу керек? 5.Сөздік жұмыс. Жоғарыда-вверху Төменде-внизу 6.Сергіту сәті. Алға қарай бір қадам, Артқа қарай бір қадам, Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары, төмен қарайық. Орнымызды табайық. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау. Жұлдызшамен әр баланы мадақтау.
| Қызығушылық танытады. Тәрбиеші айтуы бойынша балалар текшені төмен және жоғары лақтырады. жауабын шешеді.
Ұл бала Қыз бала
Жоғары көтерілуі керек. Төмен тусуі керек.
Балалар сөздерді қайталайды.
Балалар ұшатын зат айтылса қлдарын жоғары көтерді,ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.
|
...