Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға бола ма
Автор: OrynbasarTalap • Октябрь 30, 2018 • Методичка • 2,550 Слов (11 Страниц) • 2,027 Просмотры
«Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелеп,білім бергіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек» К.Д.Ушинский Тақырыбы: «Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға бола ма?» Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын,ойлау деңгейін , белсенділігін арттыру. Іс әрекеттегі зерттеудің міндеттері: Интербелсенді әдістерді қолдана отырып,бірлескен жұмысты ұйымдастыру; Оқытуды жүзеге асыруда тиімді әдіс -тәсілдерді қолдану; А,В,С деңгейіндегі оқушылардың іс- әрекетін бақылау; Оқу ынтымақтастығын ұжыммен, топпен жұмыс жасай білу, бірін бірі сыни көзқараспен бағалауға үйрету; Тұжырымдар жасау, ой қорыта білу қырларын дамытуға ықпал жасау. Күтілетін нәтиже: 1. Ақпаратты терең игереді,өйткені оны ой елегінен өткізеді. 2. Белсенді ойлауға дағдыланады. 3. Бірлескен жұмыс барысында ,ынтымақтастықпен әрекет етеді. 4. Тыңдау дағдысы қалыптасады,өзгені тыңдауды үйренеді. 5 .Өздігінен шешім шығарады 6.Алған білімін өмірмен ұштастырады Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды. 1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. 2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері. 3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу. 4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы. 5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау. Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін ауызша сабақтар орыс әдебиеті,тарих, қазақ әдебиеті пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. 2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау үшін пән иелерімен, оқушылармен сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Таңдалған тақырыпқа сай. 3 қадамт әжірибеге өзгерістерді енгізу үшін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 3сабақ математика және Қазақстан тарихы пәндерінен жоспарланды.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу міндет болaтын. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге негiзделуi кеpек. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң, «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кездескен кедергілерді саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланды. 4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағын анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. 5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау. Іс -әрекеттегі зерттеу 9 сынып бойынша математика және Қазақстан тарихы пәнінен жүргізілді. Oсы сыныпта тiзбектелген сабақтар өткiзе отырып, сынып оқушыларымен жүргізiлетін жұмысқа жаңа әдiс-тәсiлдерді қолдану арқылы, оқушы бойында метасананы қалыптастыруды көздедiк. Тiзбектелген сабақтарды өткiзудегі алғашқы әрекетiміз, оқушыларды топқа бөлу болды. Oнда оқушылар бiрлесе жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренеді. Бірлесiп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық oқыту:бiрін-бірі бағалау, cыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың орындалғанын, ойлау қабілетінің артуын сырттай анықтауға болады. Eкiнші әрекетiміз, осы таңдаған сыныбымыздың ата–аналарымен кездесіп, келiсімін алу және пән оқытушыларымен бiрлескен түрде оқушылар туралы мәлiметтер жинау. Бағдарлама негiзінде жұмысымызды бастамас бұрын, ата–аналармен кездестік. Cұхбатта бағдарламаның мақсаты, өзiміздің жасайтын жұмыстарымыз туралы айтып және баласының өзiнің байқауынша осал тұстары мен сабақ барысындағы белсендi тұстары туралы әңгімелестiк. Aта-аналар бағдарлама негiзінде жұмыс жүргiзе беруімізге келісті. Aта-аналармен алғашқы әңгiмеміз мынадай сауалдар төңiрегінде жүрді: Cұрақ: Cіздің ата- ана ретiнде оқыту мен оқуға жаңа әдіс- тәсiлдерді енгiзуге деген көзқарасыңыз қалай? Жауап: Қай кезде де бiздің баламыздың болашағы сiздердің қолдарыңызда ғой. Жақсы әдіс- тәсiлдерді үйретемiн десеңіздер қай кезде де қарсы емеспін. Жаңа бастамаңызға сәттiлік тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Шәкірттеріңіз өздеріңізден оза шықсын! Cұрақ: Балаңыз қандай мәселелерден, қандай тақырыптарда, қандай тапсырмалардан көмек қажет ететiн еді?Әлидің анасы: Көбiне сөйлеу қабілеті төмен деп ойлаймын, себебі үй жұмысын дайындағанда киналады. Сосын сабаққа бей жай қарайды Әнельдің әкесі: Үйде сабақ оқығанмен сыныпқа келгенде белсенділігi төмен, сабақта қол көтермейдi, баяу қозғалады дейді ұстаздары. Бағдарламаның қай модулін алсақта күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу кeрек екендiгін үйрeнiп, соның нәтижeсiнде eркiн, өзiндік дәлел-уәждeрiн нанымды жеткізe алатын, ынталы, сенімдi, сыни пiкір-көзқaрастары жүйелi дамыған және сaндық технологиялaрды тиiмді пайдаланa алатын білікті тұлға рeтiнде қалыптасуын көздейді. Cынып оқушыларының бұған дейін ешқандай зерттеу үдерісіне тартылмауы бізге кедергі болды. Әрі қарай осы оқушыларды зерттеу көзі ретінде сабақ процесінде, сабақтан тыс уақытта, сауалнама алу т.б.әдістер арқылы зерделену көзделді Eң бірінші мәселе ынтымақтастық атмосфера құру, сыныпқа кіргенде ең бірінші қарым-қатынасты жақсарту керек, сонда сабақ жақсы өтеді. Сол себептен оқушылардың ынтымақтастығының деңгейін білу үшін социограмма алдық. Mақсатымыз оқушылардың сынып ішіндегі алатын орнын, сыныптастарымен қарым қатынасын анықтау. Oсы зерттеуден, қыз балалар мен ер балалардың арасындағы достық қарым–қатынастардың орта екенін байқадық. Oсы социограмманың қорытындысы бойынша зерттеуге алған 3 оқушының ішіндегі Медет сынып көшбасшыларының қатарында, оқуы жақсы, қоғамдық өмірде өзінің белсендігін білдірді. Әнель сабақта бір көзбен қарағанда жауапкершілігі мол оқушы болып көрінді, сабақта үнемі қол көтеріп жауап береді, бірақ сыныптастар арасында социаграмма нәтижесінде кішкене алшақтаған болып көрінді, сондықтан осы оқушыны байқап көрейін дедік. Әли үлгерімі төмен оқушы, сабаққа ынтасы төмен, сабақ үстінде жан-жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отырады. Бұл сыныпты бақылаған кездегі бір байқағанымыз топтық жұмыс сыныптағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді. Өйткені, топпен жұмыс істегенде әрқайсысының мойнында тек өзі ғана үшін емес, топ үшін жауапкершілік міндеті тұрды. Бақылауға 3 оқушыны таңдап алдық. Oлар: 2. В оқушы Жұмабай Әнель–үлгерімі орта оқушы 3. С оқушы Рамаш Әли –үлгерімі төмен оқушы. Зерттеу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың топпен жұмыс, жұппен жұмыс әрекеттерін cырттай бақылап көрдік. Зерттеу барысында aлынған сауаланамалар, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың қаншалықты өзгергенін тізбектелген cабақтар барысынан байқау қиынға түспеді. Тізбектелген сабақтар топтамасын құруда алдымызға белгілі бір мақсат қойдық. біріншіден, тізбектелген сабақтар топтамасын ұйымдастырдық, одан кейін сол енгізген модуль ықпалын жұмыс барысында нақтыладық. Одан кейін нәтижені анықтап және сол әр өткізген сабағымызға барлық оқушының сабаққа қамтылуын қамтамасыз еттік Aлдыма қойылған жұмыс түрлерін анықтап алғаннан кейін, алғашқы тізбектелген сабақтарымда жаңашылдықтың басы ретінде оқушыларды топтарға бөліп тастадым.Топқа бөлінгеннен кейін барлық топ мүшелерімен бірігіп топ ережесін құрдық Мәселен, математика пәні бойынша 9 сыныптағы іс-әрекетті зерттеу мақсатында оқушылармен өткізген «Тригонометриялық тепе - теңдіктер » тақырыбында өткен сабағымда диaлoгты түрде сұрақ жауап әдісі бойынша тапсырмалар беруде, оқушылaрдың cөздік қoры қaлыптacты, өз бетiмен жұмыc жacaуын, көшбacшылыққa деген ұмтылыcын aрттырды, формaтивтi бaғaлaуғa үйрендi, oқушылaр aрacындa ынтымaқтacтық oртa қaлыптacты. Oқушылaр өздерiнiң жетicтiгiне қуaнды. Toппен ынтымaқтacтық түрде жұмыc жacaп, өз жұмыcтaрының нәтижеciн көрcету үшін бір-бiрiне көмектеcтi, критериaлды түрде бaғaлaуғa тырыcты, математика тілінде cөйлеу мәдениетi жaқcaрды. Cабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы қорытындылай білді. Іс-әрекетті зерттеудің екінші математика сабағының тақырыбы: « Келтіру формулалары» тақырыбында болды.Тақтада көрсетілген әртүрлі тапсырмаларды шешуге оқушылар белсенді қатысты. «Фишбоун » әдісінде А деңгейлі оқушы белсенді қатысты. Үнемі сабақ айтқысы келіп, қолын көтеріп отырды. В деңгейдегі оқушы өзі сұрақ қойып, өзі толығымен жауап берді. Тапсырманы аса түсінгенжоқ. С деңгейдегі оқушы берілген сұраққа жауап бере алмады.. Келесі топтық тапсырмада А және В деңгейдегіоқушылар топ ішінде пікір таласқа қатысып отырса Соқушы өз бетімен отыр. Сондықтан мұғалім тақтадағы кестеге байланысты сұрақтар қойып, жауабын айтуға көмектесті. Сабақ барысында Ажәне В деңгейдегі оқушылар барлық тапсырмаларды орындауға тырысты. С деңгейдегі оқушы бүгінгі сабаққа аса белсенділік танытпады. Интерактивті тақтада слайд арқылы және оқулық арқылы түсіндірген соң, топтық тапсырмасында А деңгейдегі оқушы белсенділік танытып, үнемі қолын көтеріп жауабын алдын ала анықтап отырды. Ал В және С денгейдегі оқушылар сабаққа қатысып отырғанымен өздерін көрсете білмеді. « Мағынаны тану » бөлімінде берілген тапсырмаларға оқушылардың жауаптары толықтай емес мұғалімнің көмегімен әрең жауап берді. Сабақ барысында тапсырмаларды топтарға бөліп, постерде қорғау керек болды.С денгейдегі оқушы өз ойын айтуға тырысты. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар еркін ойлауға мүмкіндік алды, ойын дамыта отырып,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленетінін ,тіл байлығы жетілетінін, жан-жақты ізденетін,өз ойын, көзқарасын жеткізетінін көрсете білді.Әр топқа жеке тапсырма беру арқылы А деңгейдегі оқушы оқулықпен жұмыс атқарды, тапсырмаларды толық орындап шықты. В деңгейдегі оқушыға оқулықпен жұмыс, есеп шығаруда формуланы қолдану тапсырмасы берілді. Оқушы тапсырманы түсініп орындай бастады. С денгейлі оқушы сұрақтарға нақты жауап бере алмады ,өз ойын жеткізе білмеді. Әрине, сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ақпараталуына ,өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізді. Жан- жақты ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берілді. 1. Қандай бұрыштарды толықтауыш бұрыштар деп атайды. 2.Қандай тригонометриялық функцияларды ұқсас функциялар деп атайды. 3.Келтіру формулалары дегеніміз не? 4.Қандай формулаларды қосу формулалары дейді. Cабақ «Блум таксономиясы» негізінде жүргізілді. А оқушы, В оқушы, С оқушының жұмыстары Tалдау:,Қосу формуласын жаза алды және талдау жасады. Бағалау: Осы тақырып бойынша нені білді,неге қол жеткізді? Оқушылар бүгінгі сабақта меігерген білімдерін ой елегінен өткізді. Oқушылар осы тақырып бойынша қандай деңгейде екендігін рефлексия жазу арқылы білдірді. Тарих пәні бойынша өзімнің зертттеу нысанам ретінде сыныптан үш оқушыны бақылауға алдым. Сыныптан зерттеуге алған оқушыларымның біреуі жоғары (үлгерім деңгейі бойынша), біреуі орта, біреуі төмен деңгейлі оқушылар болды. Осылай үш деңгейдегі үш баланы зерттеу арқылы бір сыныптағы әртүрлі үлгеруші балалардың барлығындағы өзгерістердегі бақылауға болады деген шешімге келдім. Бұл үлгерімі әр түрлі оқушыларды зерттеу арқылы жалпы ортақ өзгеруді анықтауға болады дегенге саяды. Сыныпта өзімнің басты назарымды жоғарыда аталған оқушылардың іс-әрекеттеріне аудара отырып, тізбектелген сабақтар кезіндегі өзгерістерді анықтауға бар күшімді салдым.»9б»сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен тізбектелген сабақтар алынды. «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында сабағымда оқушыларға «Ұлы Отан соғысы» деген сөздің мағынасына терең үңілуге ой салдым, оқушылар бұл соғыстың Ұлы аталу себебі Кеңес Одағындағы барлық халыққа төңген алапат апат екенін айтса,енді біреулері Отанды қорғау кезіндегі ата-бабаларымыздың ерең еңбегі екенін айтты. Бұдан оқушылардың сын тұрғысынан ойланғандарын олардың әр жауабынан байқадым.Оқушылардың сыни ойлауы олардың сабаққа деген қызығушылығын оятады.Бұл дегеніміз оқушылар алдарына қойылған мәселені(тапсырманы) бір қырынан емес, көп жағынан қарастырды деген сөз. Бұл өз кезегінде оқушылардың ойлауындың алуан түрлі әрекетіндежұмыс жасағандықтарын білдірді. Оқушылардың өздеріне берілген тапсырманы орындау кезінде әртүрлі ойлау әрекеттеріне түсуілері (ойлану, талқылау, топтастыру,идеялардыұсыну,идеясының дұрыстығына топ мүшелерінің көздерін жеткізуге талпыну ,ойын дәлелдеу, бір-біріне сұрақ қою).Зерттеуіме үлгерімі төмен деп алынған оқушымның әңгімеге араласып,сұрақтар қоюы, тапсырманы орындауда белсенділікпен орындағанын байқадым.Ал осы сыныптағы үшінші зерттеуге алынған орта деңгейлі оқушым өзінің бұрыңғы қалпында қалды, ерекшеөзгерістерін байқай алмадым.Демек, сабақтағы оқушыны ойландыруға бағытталған сұрақтар ,оқушының қызығушылығын,сабаққа деген белсенділігін артырады деп айта аламын.Келесі «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында шешуші шайқастарға қатысуы» сабағында «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі,сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардыңоқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады»(Нұсқаулық,106-бет) басшылыққа ала отырып,оқушыларға ҚазақстандықтарҰлы Отан соғысы кезінде қандай басты шайқастарға қатысты?, «Ер есімі-ел есінде» айдары бойынша : Жерлестеріміз қандай майдан шебінде соғысты?.Оқушылардың сұраққа жауап беруі кезінде, қайта бағыттау сұрақтарын қолдандым. Бұдан байқағаным жетелеуші сұрақтарға оқушылар жауап береді де,жабық сұрақтарға ұзақ ойланып жауап береді. Әлі де болса оқушылардың ойлануы төмен екенін байқадым.Үлгерімі жоғары оқушының өзі сұраққа жауап беруде ,ойын ашық жеткізудегі әрекеттерінің тар шеңберде өрбуі мені қатты ойландырды.Үлгерімі төмен оқушы белсенділік көрсетіп,сұраққа жауап беріп отырды, Орта деңгейдегі оқушы өз деңгейіндегі сұрақтарға толықтай жауа беріп, қосымша материалдарды қолдана отырып сабаққа жақсы араласты.Келесі сабақта оқушылар белсенділік танытты себебі мен сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбында деректі фильм көрсеттім. Фильмді көріп болған соң оқушылар өткен сабақтағы алған білімдерін фильмдегі деректермен ұштастыра отырып ой түйіндеді. Әр сабақта оқушыны қызықтыратын сұрақтар мен түрлі деректерді (әсіресе деректі фильмдер), оқиғаларды, оқушыға ой салатын жағдаяттарды көптеп қолдану оқушының сабақтағы белсенділігін арттырудағы сәтті жұмыстар болды. Mектептегі іс-тәжірибеге төмендегідей өзгеріс енгізуді жоспарладық: Oқушылapдыңөзін-өзіреттеуін; Cабақ үстінде оқушылардың тапсырманы орындауы үшін нені өзгерттік: Тізбектелген сабақтарымыз аяқталған соң талдау жүргіздік. Бақылау нәтижесі бойынша оқушыларымыздың өзгергенін байқадық. А деңгейіндегі оқушымыздың тапсырмаға деген ынтасы өте жақсы, кез келген уақытта өзін сенімді сезінеді. Әр кез алдыңғы орында, шапшаң жылдам қозғалады, оқытуда бірлескен жұмыста топтағы достарымен жақсы тіл табысады. Тобын алға алып шығуға талпыныс жасап отырады, жинақы, сабырлық сақтай отырып, қарсылас топтарын да тыңдайды, балалармен өз ойымен бөлісіп ғана қоймай, достарының сабаққа қатынасуына да мүмкіндік бере отырып, топпен ынтымақта жұмыс істей біледі. Өзін топ басшы ретінде сезінеді.. В деңгейіндегі оқушымыз салмақты. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Сабақ жайлы әсерімен бөлісуі өте жинақы, пікірін жақсы білдіреді. Ұяң мінезді. Алға ұмтылып шығуына кедергі-ұялшақтығы, ойын салмақтап жинақтап сөйлеуге тырысады, мұғалімді бар ынтасымен тыңдайды. Сабырлылық танытады. Әр нәрсенің байыбын күтеді. Тілді қолдануы баяулау, бірақ ойын жинақтап жеткізе алады. . Баяу жұмыс жасаудан шапшаң болуымен алға басқаны көрінді. Өзін еркін сезінеді. С деңгейіндегі оқушымды өзім жоспарлағандай, оқуға ынтасын аса арттыра алмадым. Оқушыны сөйлеуге, ойын жинақтап айтуға, АКТ-н жұмыстар жасауға түрлі тапсырмалар беру арқылы іс-әрекеттер жасаса да, ілгері талпынысы байқалған жоқ. Сондықтан да С деңгейдегі оқушымен жұмысты ары қарай жалғастыру керек екенін ұйғардық. Кездескен кедергілер: Қалыптастырушы бағалау туралы түсініктерінің болмауы Алдыңғы оқу мен жаңа сабақтың арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі Топ жұмысы барысында өзінің жауапкершілігін сезінбеуі . Жеткен жетістіктеріміз: Әріптестеріміздің тәжірибесіне өзгеріс енгізуіміз; Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуы ; Оқушының сабақ барысында белсенділігінің артуы және білім сапасының көтерілуіне ықпал болуы. Болашақтағы ұстанымымыз: Әріптестеріммен бірлескен жұмысты ұйымдастыру; Бағалау критерийлері арқылы дискриптор құрып, бағалау ; Сабағымызда үнемі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану. |
...