Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын айқындау және жақсарту әдістері бойынша ұсыныстар жасау
Автор: Анасхан Турунтаев • Октябрь 23, 2019 • Дипломная работа • 7,908 Слов (32 Страниц) • 1,103 Просмотры
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Депозит операциялары банктердің депозиттерге немесе белгілі бір кезеңдерге немесе белгілі бір талап бойынша заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартуға бағытталған операциялары болып табылады. Осындай операциялар негізінде коммерциялық банктердің кредиттік ресурстарының басым бөлігі қалыптасады.
Депозиттерді - банктегі клиенттердің белгілі бір талаптарының болуын көрсететін банктік шоттардағы жазбалар ретінде қарастыруымызға болады. Салым дегеніміз бұл - алдын-ала номиналды түрде келісілген сыйақымен оларды қайтару шарттары бойынша бір тұлғаның екінші тұлғаға немесе банкке берген ақшасы.
Негізінен, коммерциялық банктерде жеке тұлғалар, фирмалар, акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпкерлер, коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің қаражаттарын орналастырады. Бұның бірнеше себептері бар: банктік салымдар сенімділігі, салымшылар кез келген уақытта салымдарын қайтара алады және салған салымдарынан артық мөлшерде несие алу мүмкіншілігіне ие болады және бұл салымдар арқылы табыс табатын болады.
Әдетте, ақшалай қаражаттарды банктерге салу инвестор үшін тәуекелі аз болады деп есептеледі, өйткені банктер тартылатын қаражаттардың көлемі, олар тарапынан жүргізілетін операциялар тұрғысынан алғанда әдетте экономикадағы ең тұрақты қаржы-несие институттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, әлемдік тарих та, отандық тарих та, жаппай сипат алған және қиын салдарға алып келген көптеген банкроттық жағдайларды біледі. Түрлі уақыт кезеңдерінде банк салымшыларын қорғау проблемасымен барлық дамыған елдер кезікті. Осынау проблеманың шешімі біздің елімізде де үлкен қиындықтарды туғызуда. Отандық банк жүйесінің әлі де буыны бекімеген, тұрақсыздығымен, кәсібилігінің тапшылығымен және өзге де кемшіліктерімен сипатталады.
Дипломдық жобаның мақсаты – коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын айқындау және жақсарту әдістері бойынша ұсыныстар жасау.
Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер қойылады:
- депозиттің портфельдің теориялық негіздерін айқындау;
- екінші деңгейлі банктердің депозиттік портфеліінің құрылымын талдау;
- «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ-ның депозиттік портфельдерінің талдамасын жасау;
- банктерде оңтайлы депозиттік портфельдер қалыптастыру дістері бойынша ұсыныстар жасау .
Зерттеудің нысаны ретінде - «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері қарастырылады.
Зерттеу пәні – екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатындағы қаржылық көрсеткіштер жиынтығы.
Зерттеудің әдістемелік және ақпараттық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері мен мақалалары және коммерциялық банктердің шоғырландырылған қаржылық есептері мен статистикалық мәліметтерден тұрады.
Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы – Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ -ң депозиттік саясатын бағалау арқылы банк қызметіндегі оның ролін бағалау.
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ
Депозиттік операциялардың нысандары депозиттер, яғни депозиттік операциялардың субъектілері банкке салатын және банк операцияларын жүзеге асырудың қолданыстағы тәртібіне орай белгілі бір уақытқа банктегі есеп-шоттарға шоғырланатын ақшалай қаражаттардың мөлшері болып табылады.
Депозиттік операциялар мына келесі принциптер бойынша ұйымдастырылады:
- Депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табудың жағдайларын жасауы тиіс;
- Банк балансының жедел өтемпаздығын қолдау мақсатында икемді саясат жүргізілуі тиіс;
- Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назарды депозиттік операциялар мен қарыздарды мерзімдері мен сомалар бойынша беру операциялары арасында өзара байланыс пен келісімді қолдайтын жедел салымдарға аудару қажет;
- Депозиттерді тартуға септігін тигізетін банк қызметтерін дамыту шараларын қабылдау қажет.
- Депозиттерді топтастыру
Депозиттік есеп-шоттар әртүрлі болуы мүмкін, және де оларды топтастырудың негізінде салымдардың көздері, олардың мақсаты, табыстылық дәрежесі секілді критерийлер болады; алайда жиі түрде критерий ретінде салымшының тарихы мен салымды алудың формасы бола алады[1].
Салымшылардың категорияларын негізгі ала отырып депозиттерді
- Заңды тұлғалар яғни, кәсіпорындардың, ұйымдардың, өзге банктерді депозиттері;
- Жеке тұлғалардың депозиттері деп топтастыруға болады.
Қаражаттарды алу әдістері бойынша депозиттер:
- талап етілетін (нақты мерзімі жоқ міндеттемелер);
- жедел (білгілі бір мерзімі бар міндеттемелер);
- шартты (алдын-ала келісілген шарттар қолданысқа енген жағдайда алынуға жататын қаражаттар) деп топтастырылады.
Талап етілген депозит - клиенттің банкке алдын-ала хабарлауынсыз кез келген уақытта талап етілуі мүмкін қаражат. Оларға есеп айырысуды жүзеге асыруға немесе ақша қаражатын мақсатты пайдалануға байланысты ағымдағы, есеп айырысу, бюджеттік және басқа да есеп-шоттар жатады. Талап етілген депозиттер ағымдағы есеп айырысуларға арналған. Осы шоттар бойынша операциялардың жиілігіне байланысты олар үшін операциялық шығындар әдетте жедел шоттарға қарағанда жоғары, бірақ банктер бұл шоттар бойынша төмен төлейдіндіктен, бұл ресурстар банк үшін салыстырмалы түрде арзан болып келеді. Сонымен қатар, бұл ресурстардың тұрақтылығы ең нашар бөлігі болып табылады, банктер өтемпаздылықты қолдау үшін анғұрлым жоғары резервке ие болуы тиіс. Сондықтан, банк ресурстарындағы осы қорлардың 30-36% дейінгі үлес салмағы оңтайлы болып саналады. Мұндай есеп шотты ашу туралы бастама есеп айырысуды жүргізу, төлем жасау және банктердің делдалдығы арқылы ақшалай қаражаттарды алу қажеттілігіне байланысты клиенттердің өздерінен келіп шығады. Осы шоттар бойынша қаражаттың қозғалуы (келіп түсу және есептен шығару) қолма-қол ақшамен, чекпен, аударумен, басқа да есеп айырысу құжаттарымен рәсімделуі мімкін. [2]
...