Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері. Типтердің атын өзгерту. Құрылымдар. Біріктірулер

Автор:   •  Сентябрь 28, 2020  •  Лекция  •  2,431 Слов (10 Страниц)  •  760 Просмотры

Страница 1 из 10

Дәріс 3.

Дәріс түрі: Мәселелік дәріс

Дәріс тақырыбы: Қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері. Типтердің атын өзгерту. Құрылымдар. Біріктірулер.

Өрнектер және меншіктеу. Си тілінің операциялары .Си тілінің операторлары. Шартты оператор

Дәріс мақсаты: С++ тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды үйрену, тілдің  негізгі операторлар түрлерін білу, тармақталған құрылымды алгоритмдерді программалауды білу

Дәріс жоспары

  • Өрнектер
  • Операциялар
  • Си тілінің операторлары.
  • Шартты оператор

   Өрнектер

            Түрлі айнымалылардың,  тұрақтылар  мен операция символдарының қандай да болмасын бір жинақ түрінде жазылуы өрнек деп аталады. Си тілінде өрнек соңына нүктелі үтір (;) символы қойылып жазылады. Осы түрде жазылған өрнек не функция оператор делінеді. Мысалы, операторлар:

           Z= (3* x+y +5);

           y= sin (x);

           Сипаттаманың соңына  да нүктелі үтір қойылып жазылады, сондықтан ол да оператор .

Мысалы: float  y,  z;  сипаттамасы – оператор. Бір символдық оператор мәні бір не бірнеше  қатарларда жазылуы мүмкін, тек онда пайдаланатын символдар саны байтпен көрсетілген аралықтан  аспаса болғаны.

            Функция  да  С және С++ тілдерінде түрлі ұғымды  білдіреді.

           Мысалы:

 

  1. блок басында сипатталатын айнымалы;
  2. программа ішінде орындалатын  блок;
  3. арнайы ат беріліп , кітапханада мәнін есептейтін ішкі программа бойынша жазылып сақталған функция, ( мысалы, sin(), sgrt(),  т.б.).

Мысалдар:

int radius (x);  -тип, функция аты және аргумент

{  

   операторлар – құрама оператор – функция

}

float x,y   - тип, айнымалылар аттары. Сипаттамаға  

                   сәйкес   x,  y   айнымалыларының мәндері  үшін алты мәндік  ондық цифрлар 

                   алынады.  

Y=sin (6.5)+3; -  оператор; , sin() функциясының мәні үшін   арнайы стандартты   кітапхана  шақырылып, мәні автоматты түрде есептеледі.

   (Си тілінде тригонометриялық функциялардың мәндері радиан арқылы өлшенеді ).  

         Мұндағы  ескеретін жайт : соңғы өрнек – оператор. Оның соңына қойылған  қойылатын     нүктені үтір алып тасталған кезде қалған бөлігі (y=sin (6.5)+ 3) функция , ал sin () –осы  функция ішіндегі стандартты функция . sin (6.5)- өрнегі функцияны шақыру деп аталады.

         

Операциялар

      Си, С++ тілдерінде пайдаланылатын негізгі операциялар арифметикалық, қатыс, логикалық, меншіктеу, биттік және шарт.

      Арифметикалық операциялар

Операция

Айнымалы типтері

Қосу  (+)

int,char,float

Азайту (-)

int,char,float

Көбейту (*)

int,char,float

Бөлу (/)

int,float

Қалдық (%)

int

      Егер операндтар бір типті болса, алдыңғы үш операция басқа алгоритмдік тілдердегі операциялар сияқты пайдаланылады.

      Бүтін  типті  айнымалылардың  мәндерін  бөлу (/) операциясының  нәтижесі  де  бүтін типті (int) бірақ  ерекшелігі - бұл  операция  нәтижесінде  бөліндінің  тек  бүтін  бөлігі  шығарылады  да,  қалдық  алынып  тасталады. Мысалы, 17/3=5; -17/3=-5.  сондықтан программада кездескен бөлшектермен амал істеу кезінде оларды  float типі арқылы сипаттау керек. Мысалы,

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (147 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club