Ақпараттық ресурстар ДЖ
Автор: zhoka777 • Сентябрь 10, 2019 • Курсовая работа • 1,787 Слов (8 Страниц) • 515 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
7
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттық ресурстардың пайдалануын ұйымдастыру принциптері мен әдістері
7
1.2 Қазақстанның ақпараттық саясаты 12
1.3 Ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
17
2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
24
2.1 Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жалпы сипаттамасы 24
2.2 Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі
28
2.3 Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ақпараттық ресурстарды пайдалану тиімділігі
34
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
40
3.1 Ақпараттық ресурстарды мемлекеттік басқаруда тиімді пайдаланудың жаңа моделі
40
3.2 Мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарды тиімді пайдаланудың жетілдіру жолдары
47
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55
ҚОСЫМШАЛАР 57
КІРІСПЕ
Тaқыpыптың өзектiлiгi. Ақпараттық және ақпараттық ресурстық жүйелерді заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға негізделген, ақпараттық, есептеуіш, телекоммуникациялық ресурстар мен ашық жүйелердің технологияларын пайдалану негізінде құру және енгізу- бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқару саласындағы ақпараттық ресурстарды тиімді басқарудың қазіргі жағдайы даму үстінде. Үкімет мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету және халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қолға алуда. Ақпараттық ресурстарды тиімді пайдаланудың алғы шарты ретінде «электронды үкімет» жобасын атауға болады. «Электронды үкімет» бағдарламасының арқасында мемлекеттік қызметті алғысы келетін азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ үйде отырып өз қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану- кез-келген мекеменің, ұйымның, органдардың қызмет сапасын жақсартады, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді. Аталған қызметтерді пайдалану үшін азаматтардың компьютерлік және интернетті қолдану сауаттылығы жоғары болуы тиіс. ҚР-сы цифрлық қоғамға енді аяқ басқан мемлекеттердің бірі. Әсіресе, қалаларда ақпараттық ресурстарды тиімді пайдаланудың электронды жүйесі мемлекеттік органдарда қарқынды дамып келеді. Дегенмен, ауылды елді-мекендерде интернет толық қамтылмағандықтан, мемкелеттік басқару саласында ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Кез-келген адамзат қоғамының дамуы материалдық, аспаптық және ақпараттық ресурстарды талап етеді. Қазіргі уақытта ақпараттық ағымдардың теңдесі жоқ өсуімен сипатталатын кезең. Бұл экономика мен әлеуметтік-мәдени салаға да қатысты. Ақпарат көлемінің өсуі өнеркәсіп, сауда, білім беру және т.б. салаларда бақыланып отыр. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар қоғамның барлық салаларында тиімді қызмет етудің алғышарты болып табылады. Ақпараттық ресурстардың саны мен сапасы, XXI ғасырдың кез-келген кезеңінде оларды пайдалану дәрежесі елдің даму деңгейінде және оның әлемдік қоғамдастықтағы мәртебесі шешуші факторларға айналып келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлкекеттік басқару жүйесінде ақпараттық ресурстардың тиімді пайдалануын ұйымдастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық
...