Тахеометриялық журналын өңдеу; теодолиттік жүрістің планын сызу
Автор: Дилдора Абдулхаева • Апрель 27, 2021 • Практическая работа • 1,598 Слов (7 Страниц) • 1,280 Просмотры
[pic 1]
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Тахеометриялық журналын өңдеу; теодолиттік жүрістің планын сызу»
Орындаған:
2- бригада
Бригадир: Абдулхаева Дилдора
Қатысушылар: Зейнолла Айбар
Кенжебаева Алина
Джалгасбаева Акжаркын
Арыстанова Шамшигуль
Серик Алимхан
Серикбай Дарина
Кадиркеева Айдана
Ергенбек Толеубай
Тексерген: Муратова А.
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
Мазмұны:
- Тахеометриялық түсіріс деген не және маңызы.
- Рельефті және ситуацияны суретке түсіру. Крок.
- Тахеометрлік журнал.
- Тахеометрлік суретке түсіру нәтижелерін журналға түсіру.
- Топографиялық план құру.
- Қорытынды.
Тахеометриялық түсіріс – жер бедері қимасы 0,5 — 2,0 м кезінде, әдетте 1:500 — 1:5000 масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің пландық және биіктік негізін геодезиялық тірек жүйесі пункттерін тірек ететін теодолиттік және нивелирлік жүрістер құрады. Егжей-тегжейлі түсіру теодолиттік жүріс пункттері арасында жүргізілетін тахеометриялық жүрістер нүктелерінен жасалады. Рейкалық нүктелердің пландық орны және биіктіктері стансадан полярлық әдіспен анықталады. Қазіргі кезде автоматты және электронды тахеометрлер бар, олар горизонталь арақашықтық пен биікайырымдарды тікелей өлшеуге мүмкіндік береді. Егжей-тегжейлі түсіру кезінде әрбір стансада абрис жүргізіледі, онда стансалар, рейкалық нүктелердің нөмірлері, алқаптардың контурлары, жергілікті заттар және атаулары көрсетіледі. Өлшеулердің сандық нәтижелері тахеометриялық журналда жазылады. Стансаларда алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша камералық жолмен түсірілген жергілікті жердің топографиялық планы жасалады. Тахеометр автоматтарды қолданғанда жергілікті жердің топографиялық планы тікелей стансада жасалады.
Тахеометрия грек тілінен аударғанда жылдам өлшеу деген мағынаны білдіреді. Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, ситуация мен рельеф горизрнтальдар арқылы планға түсіріледі (біркелкі биіктіктер сызықтары). Геодезиялық негіздеу пунктіне қарағандағы нүктенің жер бетіндегі алып тұрған орнын білу үшін бақылау пунктінен үш санақ жүргізеді: дальнометр (алысты өлшегіш) арқылы; теодолиттегі горизонталь және вертикаль дөңгелектер арқылы; осылар арқылы нүктенің кеңістіктегі полярлық координаталарын табуға болады, атап айтқанда, түзудің, оның горизонталь созбасының және ауытқуының дирекция бұрыштарын анықтауға болады. Нүктенің пландағы орнын анықтау үшін горизонталь бұрышпен арақашықтығын, ал биіктік орнын білу үшін – арақашықтық пен вертикаль бұрышты өлшеп алу қажет. Әрі қарай бұл нүктелерді рейкалық нүктелер деп немесе пикеттер деп айтамыз. Теодолиттік жүріс төбелері уақытша белгілермен таңбаланады да, пикеттер бекітілмейді. Тахеометрлік суретке түсіру мен қатар нүктені нивелирлеу де, жүргізіліп, нәтижелері схемаға жазылып отырады (57 - сурет). Теодолиттік жүріс түзулеріне нүктелердің ауытқулары жазылып отырады. Нүктенің номері алымына, белгісі бөліміне жазылады. Тахеометрлік суретке түсірудің жалпы схемасы 58 – суретте көрсетілген.
[pic 2]
1.сурет- Рельеф
І,ІІ – суреттеме негіздегі нүктелер D – пикеттің нүктеге дейінгі арақашықтық, β – горизонталь бұрыш, ν – вертикаль бұрыш, ί – аспаптың биіктігі, υ – визирлеу биіктігі.
[pic 3]
2.сурет-Ситуация
Тахеометрлік суретке түсіруде ситуацияның характерлік нүктелерінің орны анықталынып алынады, солар арқылы берілген масштаб дәлдігімен ситуацияның контуры салынады. Тірек және рейкалық нүктелердің саны ССРО Құрылыс комитетінің инструкциясы СН-212-62 немесе басқа кейінгі басылымдары арқылы анықталынады. Нүктелер санын былай жобалап та анықтауға болады. Пландағы нүктелердің арасы 2 – 3 см болуға тиіс, яғни әртүрлі масшатбтар арқылы олардың шын мәнісіндегі арақашықтықтарын біліп алуға болады. Мысалы, 1:1000 масштабтағы пикеттік нүктелердің арасы 20-30 м болады. Суретке түсіру масштабы, рельефтің қимасы, учаскелердің қиылысуы және т.с.с. көптеген фактрларға орай нүктелердің арасы да әртүрлі болады. 5 таблицада станциямен пикеттің және пикеттердің өзара арақашықтықтары көрсетілген. Өлшеу нәтижелері тахеометрлік журналға (6-таблица) толтырылып, қосымша крок жұмысы жүргізіледі. Крок грек тілінен аударғанда, «сурет нобайы» дегенді білдіреді
...