Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын табу
Автор: ulmek • Апрель 16, 2018 • Курсовая работа • 2,239 Слов (9 Страниц) • 1,746 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................................2
Геодезия пәні және жалпы түсініктер..............................................................................2
№1 Есептік - графикалық жұмыс.....................................................................................3
1-тапсырма. Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын табу.................3
Теодолиттік жүріс координаталарының ведомстволарын есептеу..........................4
2-тапсырма. Координата шаршыларын салу және теодолит жүрісінің нүктелерін белгілеу...............................................................................................................................7
3-тапсырма. Теодолит жүріс нүктесін орта белгілеуді есептеу................................9
4-тапсырма. Тахеометрлік суретке түсіріс журналын өңдеу..................................10
5-тапсырма. Тахеометрлік сурет нүктесін анықтау және топопланды салу.........13
Қорытынды.......................................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................................16
№ 1. ЕСЕПТІК - ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Нүктелер координаталар ведомостерін есептеу және теодолиттік суреттің топографиялық планын жасау. Тахеометрлік журналды өңдеу және тахеометрлік суретін құрау.
"Топографиялық план құру" бойынша есептік - графикалық жұмыстарын орындаған кезде студенттер топографиялық картамен есептер шығарған кезде алған білімдерін пайдалана отырып, іздерінің геодезиялық өлшем нәтижелеріне математикалық өңдеулер жүргізіп, оларды графика түрінде жеткізе білу жөнінде алған практикалық жұмыстарын одна әрі толықтыра түсулері керек.
Координаталық және тахеометрік ведомостарды өңдеу, топопландарын сызу.
Жер беті учаскілерін жазықтықта кішірейтілген көлемде көрсетуді план деп атайды. Әдетте топографиялық пландар: 1:5000,1:2000,1:1000 және масштабтары бойынша жасалады. Олар негізінен бас план, техникалық проектілер жасаған кезде және де құрылысын әртүрлі инженерлік салаларының жұмыс чертеждері жасар кезде пайдаланылады. Өзінің мазмұны жағынан олар негізгі және арнаулы топографиялық карталарға бөлінеді.
Негізгі топографиялық карталар - халық шаруашылығының көп салаларының негізгі сұраныстарын комплекс түрде қанағаттандыру үшін жасалған универсал бпғыттағы жалпы географиялық пландар. Ал арнаулы топографиялық карталар халық шаруашылығының белгілі бір саласының белгілі бір мақсаттарын орындау үшін жасалады.
Белгіленген құрылыс объектісін орналастыру үшін оптимальды түрде проект шешімін қабылдау барысында сол жердің табиғи және әлеуметтік - экономикалық жағдайларын анықтауға инженер - құрылысшыларға топографиялық карта көп мағлұмат береді.
Белгілі бір участкесінің 1:1000 масштабы бойынша топографиялық планын жасау үшін әрбір 0,5 м сайын жер рельефін горизонталь сызықтармен бөле отырып суретке түсіру негізі жасалған. Теодолиттің тұйық сызықтың бес айналыс нүктесі бар. Жүріс бойынша оң жақта жатқан бұрыштар 21-30 теодолит арқылы қабылдау әдісі бойынша 30 секундттық дәлдікпен өлшенеді. Сызықтар тура және кері бағытта салыстырмалы қателігі 1/2000 аспайтындай етіп 20 метрлік болат лента арқылы өлшенеді. Теодолит жүрісінің нүктелері сызықтың ортасы бойынша геометриялық нивелирлеу арқылы анықталады. Жер участкесінің суреті теодолиттік және тахеометрлік өлшеулер арқылы түсірілген.
Далада істелген жұмыс нәтижелерін өңдеу үшін мынандай рет бойынша есептеу және графикалық жұмыстар жасау керек.
1. Тапсырма. Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын табу.
Барлық студенттер үшін, координата ведомостерін толтырған кезде, теодолит жүріс нүктелерінің нөмерлері мен саны, жүріс бойынша жақта жатқан бұрыштар және сызықтың ұзындықтары бірдей болып беріледі. 1-2 сызықтың алғашқы дирекция бұрыышн және бірінші нүктенің координаталарын Х, Ү вариант бойынша оқытушы өзі береді.
...