Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін ғылыми өңдеу
Автор: Aikot00 • Апрель 21, 2022 • Лекция • 2,017 Слов (9 Страниц) • 800 Просмотры
Лекция № 10
Тақырып: Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін ғылыми өңдеу.
Лекция жоспары:
1. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу.
2. Дайындық жұмыстары.
3. Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін ғылыми өңдеу.
Жергілікті жердің жер бедерсіз тек ситауациясын бейнелеп план жасау жұмыстары жергілікті жердің теодолиттік түсірісі деп аталады.
Теодолиттік түсіріс ірі масштабты түсіріс түрлеріне жатады, оның масштабы 1:5000 және одан да ірі болады. Теодолиттік түсіріс жүргізуде бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (рулеткалар) және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолиттік түсіріс геологиялық барлауда, құрылыста т.с.с. пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі. Теодолиттік түсірісте жоспарлы түсіріс негіздеуі ретінде әдетте теодолиттік жүрістердің нүктелері қолданылады.
1. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу.
Теодолиттік жүрістер сынық сызықтар түрінде болады. Мұнда горизонтальдық бұрыштарды техникалық теодолиттермен өлшейді, ал қабырғалардың ұзындығын өлшеуіш лента, рулеткалармен немесе оптикалық қашықтық-өлшеуіштермен өлшейді. Дәльдігі бойынша теодолиттік жүрістер 1:3000, 1:2000 және 1:1000 болып бөлінеді. Теоолиттік жүрістер жергілікті жердің егжей-тегжейлігін түсіру мен қатар инженерлік геодезиялық жұмыстардың басқа да түрлеріне геодезиялық негіздеу болып табылады. Теодолиттік жүрістерді жоспарлы мемлекеттік геодезиялық желінің және жиілендіру желінің пункттерінен дамытады.
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған түрлерге бөлінеді. Тұйықталған теодолиттік түсіріс әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады (сурет 1 б). Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс (сурет 1, а). Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады (сурет 1, в).
Теодолиттік жүрістердің пішіні түсірілетін аумақтың сипатына тәуелді. Мысалы, ұзына бойы созылған нысандар (жолдар, құбырлар т.б.) орналасқан жергілікті жерді түсіру үшін тұйықталмаған жүрістерді қолданады. Елді мекендер, құрылыс учаскелерін түсіргенде тұйықталған жүрісті (полигон) қолданады. Қажетті жағдайда полигонның ішінде диагональдық жүрістерді салады, олар торапты нүктелерді қалыптастырады (сурет 1, б). Бір жағы байланыстырылған жүріс төмен дәльдікті талап ететін нысандарды түсірген кезде ғана рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда бұл қабырғаның ұзындығы масштабы 1:2000 түсірісте 300 метрден, ал масштабы 1:1000 түсірісте 200 метрден аспауы тиіс.
[pic 1]
Сурет 1 Теодолиттік жүрістер: а – тұйықталмаған жүріс; б – тұйықталған жүріс;
в – бір жағы байланыстырылған жүріс (висячий ход).
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және камеральдық (өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу) жұмыстарынан тұрады.
2. Дайындық жұмыстары.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәльдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды (пландарды, карталарды және профильдерді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тіреу жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаттарын жазып алады. Геодезиялық құрал-саймандарды тексеріп өлшеу жұмыстарына дайындайды.
Осы материалдардың негізінде теодолиттік жүрістерді жоспарлайды. Геодезиялық пункттер арасындағы теодолиттік жүрістердің ұзындығы түсірістің масштабына, жүрістердің қабылдаған дәльдігіне және жергілікті жердің топографиялық жағдайына негізденіп таңдалады. Сонымен бірге ол ұзындықтар орнаталыған шамалардан аспауы тиіс (1 кесте).
Жоспарланған теодолиттік жүрістер схемасына сәйкес дала жұмыстардың алдын ала жобасын құрастырады. Бұл жобада орындалатын жұмыстарға күнтізбелік (календарлық) жоспары және сметасы, қажетті орындаушылар саны мен көліктің есебі, керек аспаптар, құрал-жабдықтар және материалдардың тізімі болу керек. Теодолиттік түсірісті орындау үшін теодолит, болатты лента немесе оптикалық қышықтық-өлшеуіш, рулетка, эклиметр, эккер керек (Эклиметр вертикальдық бұрышты өлшеуге арналған қарапайым аспап; эккер (экер) – жергілікті жерде тік бұрыштарды түрғызуға арналған аспап)
...