Шет тілін оқыту үрдісінде инновациялық жоба әдісін қолдану
Автор: dasha14516 • Май 11, 2021 • Курсовая работа • 7,200 Слов (29 Страниц) • 1,017 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология факультеті
[pic 1]
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шет тілін оқыту үрдісінде инновациялық жоба әдісін қолдану
Орындаған: ИЯ-23 тобының студенті Таубай Д.Ш
Тексерген: аға оқытушы, магистр Насимуллина А.Б
Орал қаласы, 2020ж.
Мазмұны
бет.
І. Кіріспе ...................................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Ағылшын тіліне оқыту технологияларының теориясы мен тәсілдері
1.1. Ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері .............. 6
1.2. Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте-
месі .............................................................................................................................. 15
1.3. Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың маңызы .................................................................................................. 20
ІІ тарау. Шетел тілін мектептерде инновациялық технологияларды интенсифтендіру
2.1. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу............................................................................................. 25
2.2. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде инновациялық жоба әдісін қолдану ......... 28
ІІІ. ІС-ТӘЖИРЕБЕЛІК БӨЛІМ
Қорытынды .............................................................................................................. 33
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................... 36
3
І. Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы онжылдықта инновациялық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа инновациялық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың инновациялық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында, Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған Қазақстан – 2030 стратегиясында, Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.
Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу -танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым - қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете
4
алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым - қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және инновациялық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше инновациялық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Инновациялық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиісті. Соңғы жылдары инновациялық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді.
...