Отчет по практике в «Resident Hotel Almaty»
Автор: айдос дд • Июнь 3, 2019 • Отчет по практике • 8,863 Слов (36 Страниц) • 561 Просмотры
|
[pic 1][pic 2]
КІРІСПЕ
Мен Майрамбаев Нуржау Надирбаевич 2018 жылы 15-қаңтар мен 4-наурыз арлығында тәжірибелік практиканы «Resident Hotel Almaty» мейманханасында өттім. «Resident Hotel Almaty» мейманханасы Алматы қаласының Тахтарова 100-да отналасқан. «Resident» мейманханасы нарықта 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, Алматы қаласында 3 филиалы бар. «Resident Hotel Almaty» мейманханасында 27 бөлме бар, олардың 14-ті эконом класстағы, 3-і екі жатын орынды жартылай люкс бөлмелер, 8-і екі орынды стандарттық орындар, ал қалған 2 орын люкс номерлер.
«Resident Hotel Almaty» мейманханасының әрбір бөлмесінде телевизор, тікелей қалалық телефон, Wi-Fi, желдеткіш орналастырылған. Сонымен қатар мейманханада сауна мен басейн бар. Мейманханасының интерері мен жабдықтарының барлығы еуропалық стандартқа сәйкес келеді.
[pic 3]
1 сурет. «Resident Hotel Almaty» мейманханасының сыртқы көрінісі
Ескерту. «Resident Hotel Almaty» мейманханасының мәліметтер қорынан алынды.
2.1 «Resident Hotel Almaty» мейманханасының шаруашлығының сипаттамасы
Орналастыру қызметтері мейманханалардың немесе тұруға арналған кез-келген басқада кәсіпорын қызметінің өнімі болып табылады. Қонақ үй өнімінің басты ерекшелігі, қонақтың қолданған тауарға, қызметке деген меншік құқығының жоқтығы. Қонақ үй өнімі белгілі бір қызметке қол жетімділікті білдіреді, айырбас мәселелердің жолымен сатып алынады. Қанақ келісімен қонақ үй бөлмесін белгілі уақытта және белгілі бір жерде қолдана алады. Бұл қызметтер индустриясына тән белгі болып табылады, мұндағы артықшылық, қонақ бөлмені қолдану құқығын алу негізінде тұрғын айды иемденумен байланысты емес капиталға қол жеткізеді, соған қоса – қнақ үйдің қосымша қызметтерін қолданады (тамақтану, демалу бөлмелері және т.б.).
«Resident Hotel Almaty» қонақ үйінің орналастыру қызметінің ерекшелігін анықтайтын қызметкерлердің келесідей тән белгілірі ажыратылады:
- өндірістің қызметті тұтынудан ажыратылмайтындығы. Қонақ үй индустриясына тән көп жағдайларда, қызмет көрссетуші мен қызметті пайдаланушы екі жақтың болуы талап етіледі. Бұл іс-әрекет тұтынушының емес, өндірішінің аймағында жүргізіледі. Сонымен бірге, қонақ ұй персоналы тұтынушымен тікелей қатынаста болады. Өндіруші мен тұтынушы қызмет көрсету үрдісіне белсенді қатысуы қажет. Қонақ қонақ үйдің персоналын қызметтің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Сондықтан қонақ үйдің сапасы қызметкерлердің мінез-құлқымен анықталады;
- сақтау мүмкіндігінің жоқтығы. Қызметттің өндірісі пен кеңістікте: егер қызмет (қонақ үй қызметі) белгілі уақыт ішінде сатылмаған болса, әлеуметі табыс болмайды, және оның орны толтырылмайды. Қызметті жинау мүмкін емес, яғни ол белгілі кезеңде нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған;
- сезілмейтіндігі. Материалдық тауарлармен салыстырғанда қызметті көрсетілуіне дейін, оны өлшеу, дәмін көру, сезу, көру және есту мүмкін емес. Қызметті тұтынған адам щны сезбей, адында сақтап қалады;
- сұраныстың ауытқу маусымдығы. Қонақ үй нарығы үшін жыл маусымына қарай сұраныстың ауытқулары тән. Туристтердің көпшілігі жаз айларында дем алады;
- жоғары тіркелген шығындар. Қонақ үйдің пайда мен залалдар бойынша есептері талданған уақытта, өндірістің жоғары тіркелген шығындары мен салыстырмалы төлем өзгермелі шығындары анықталады;
- шығындар жыл сайын жұмсалатындығын айтып өткен жөн, көп жағдай ол жыл бойы қабылданған клиенттердің санына байланысты емес;
- спаның тұрақсыздығы. Қонақжайлылық саласының өзінің өзгеру қасиетімен ерекшеленеді, яғни олардық спасы қызметтің кіммен көрсетілуі және қай жерде көрсетілуіне байланысты болады. Оның өзгеру қасиетінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, қызметтің мұндай түрі бір уақытта көрсетіліп, қабылданады. Сұраныстың уақытша тұрақсыздығы, сұраныс жағары болған кезеңде қызмет көрсету сапасының сақталуын қиындатады. Ол көп жағдайда қызметті көрсететін тұлғаға байланысты. Бір адам сізге әр кезде қызметті әр түрлі көрсетуі мүмкін. Қызметтің сапасыз көрсетілуінің себептері әртүрлі болады. Қызмет сапасының өзгеруі және тұрақсыздық қасиеттері – қонақтың қонақжайлық индустриясына деген наразылығының басты себебі болып табылады;
- қызмет – белгілі уақыт ішінде өтетін үрдіс. Қонақ үйлердің ерекшелігі, өндіріске қатысты мәселелердің жедел түрде шешілуі болып табылады. Заманауи жағдайларда қонақтар қызметтің көрсетілуін талап етеді.
Қонақ үйлердің тұрмыстық және қызмет бөлімдері.
Жақсы бағытта дамыған қонақ үй ісінің, қызмет көрсету саласы, өз кезегінде қонақ үй ғимаратының оң бағытта өзгеруіне өз ықпалын тигізді. Жинақталған тәжірибенің негізінде қонақ үй ғимараты дұрыс қолданыла бастады. Қонақ үй ғимараты 2 қабаттан құралып, сол бір ғимараттың ішінде тұрғын, қызмет көрсету, тазалау және басқа да бөлімдер орналасқан, қазіргі қонақ үй ісінің басты жетістігі, ол – тұрмыстық бөлім мен қызмет бөлімінің айырылуы. Тұррмыстық бөлім көбіне жоғарғы қабаттарда орналасады. Ал бірінші қабаттарда, мейрамханалар , тазалық бөлімдері орналасады. Тұрмыстық бөлім мен қалған бөлімдер арасындағы байланыс вестибюль (холл ) арқылы іске асады.
...