Менің болашақ кәсібім үшін саясаттанудың маңызы
Автор: yermekov09 • Сентябрь 25, 2020 • Эссе • 587 Слов (3 Страниц) • 14,522 Просмотры
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
«Менің болашақ кәсібім үшін саясаттанудың маңызы»
(эссе)
Орындаған: Ермеков Нұрдәулет
Топ: Стоматология 1-001
Тексерген: Абдрахманова К.Ж.
Қарағанды 2020
Менің болашақ кәсібім үшін саясаттанудың маңызы
Қазіргі жиырма бірінші ғасырда қай саланың маманы болмасын жан-жақты болуы заман талабы. Саясатты білу, түсіну арқылы кез келген адам өзінің білімді, сауатты, толеранттылығын, көзі ашық екенін көрсете алады.
Саясаттану дегеніміз саясат туралы ғылымдардың бірі, қоғамдағы саясатты, билікті және саяси қатынастарды зерттейтін ғылыми білім саласы. Жалпы мағынада саясат – бұл билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік-саяси ұйымымен, белгілі қағидалармен, нормалармен байланысты қоғам және мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуге арналған сала. Қоғамдағы саясаттың рөлі тұлғалардың мүдделерін үйлестіру және теңестіру, жалпы ұжымдық ұмтылыстар мен мақсаттарды анықтау, барлық құқықтық міндеттер және өмір сүру ережелерін әзірлеу, қауымдастықтың барлық субъектілері арасында функциялар мен рөлдерді бөлу және жүзеге асырылатын ережелерді әзірлеу болып табылады.
Саяси реформалар, жаңалықтар және өзгерістер барлық салаға ықпал етеді. Жаңа тағайындалған медицина саласындағы саясаткер менің кәсібім төңірегінде өз өзгерістерін енгізеді.
Әлеуметтікеттік көзқараста, саясат міндетті түрде мемлекеттік билікпен байланысты емес және қоғамдық өмірде ерекшелігі ашық көріне бермейді. Негізінде, барлық жерде бар және кез келген құбылыс немесе әрекет саяси сипатқа ие болады. Олар белгілі бір ұжымның, қауымдастықтың және тағы басқа мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды ұйымдастыруға және жұмылдыруға әсер етеді. Ол тіпті отбасында, ақылды әйелі күйеуін осылай басқарған кезде де кездеседі, сондықтан ол үй иесі болып көрінеді. Сол секілді стоматолог маманына да саясаттанудың маңызы бар. Ол өзінің жұмысын орнын таңдауда немесе жеке емханасын ашатын болса да түбінде бір саясат жатады, лицензия алу үшін де саяси сауаттылық қажет. Пациенттердің құқығын білу, өз құқығын қорғай алу бұның бәрі заңды білумен қатар саясаттың көрінісі.
...