Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы

Автор:   •  Ноябрь 2, 2022  •  Реферат  •  348 Слов (2 Страниц)  •  4,525 Просмотры

Страница 1 из 2

Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

3-4 апталардан БӨЖ

Пән: Қазақстан тарихы

Орындаған: Хазир Алтынбек ҒИЖ-11

Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы

  • Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Бұл тауардың құны әрдайым жоғары болған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданың дамуының арқасынде бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады.
  • Көптеген елдер дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Осы жолдың бойында түрлі халықтар , мәдениет өкілдері жиналғандықтан, ғылымның дамуы да болды. Әсіресе музыканың даму байқалады.
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы көптеген қалалар б.з.б V- б.з.XVII ғасырлар бойы түрлі мемлекеттердің экономикалық тірегі болған. Осы қалалар үшін тарихта көптеген соғыстар болған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте зор

Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы

  • Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi.Алтын Ордаға көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.
  • Көптеген әдеби шығармалар, шежірелер, күйлер секілді көптеген жаңашылдықтар болды. Мәдениет пен ғылым алға өрбіді, ал қалалар сауда, архитектуралық жетістіктер мен өнерлердің түрлері арқылы гүлдене бастайды.
  • Алтын Орданың жеткен жетістіктері болашақ мемлекеттердің, этностар қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Қазақ хандығының рухани өмірі мен

идеологиясындағы А. Яссауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі

  • 1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі.
  • Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған.
  • Талай ғасырлар бойы осы қала сауда, ғылым, өнер орталығы болған. Еліміз үшін маңызы зор қалалардың бірі. Қазіргі таңда Түркістан- барлық түркілердің рухани астанасы болып саналады.

Назарларыңызға рақмет

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (85.5 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club