Мемлекеттік қызмет саласындағы HR-ды жаңғырту
Автор: Сиди Куан • Июнь 6, 2024 • Курсовая работа • 4,575 Слов (19 Страниц) • 79 Просмотры
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және құқық факультеті
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы
Серикова Аида
«Мемлекеттік қызмет саласындағы HR-ды жаңғырту»
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Білім беру бағдарламасы: «6В04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Ақтөбе, 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе................................................................................................................4
- Әдебиеттерге шолу...........................................................................................6
- Зерттеу әдістемесі.............................................................................................8
- Талдау және зерттеу нәтижелері....................................................................10
Қорытынды......................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................23
Қосымшалар.....................................................................................................25
Белгілер мен қысқартулар
- HR- Human resources
- ҚР МҚІА- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
- HRM- Human resources management
- HRStat- АҚШ HR жетілу моделін бағалау құралы
- АҚШ- Америка Құрама штаттары
- OPM- Office of Personnel Management
- NBI- «nouveau bonus point indicateur» (жаңа бонустық көрсеткіш нүктесі)
- MAF- Management Accountability Frame-work
Кіріспе
Негізінен "Адами капитал" және "адами ресурс" ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Адами капитал- бұл адамның білімі, оның коммуникативті қабілеттері, өз қызметінде қолдана алатын сапалы кәсіби дағдылары, ал адами ресурс- бұл өнімділікті, еңбек тиімділігін арттыру үшін пайдалануға болатын адамдардың әлеуеті. [1, Ұлттық аударма бюросы,2019] Осы позициядан бастап, HR менеджері тек персоналды басқаратын маман ғана емес, бұл Адами ресурстармен жұмыс істейтін, ең алдымен жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үшін әлеуетін тиімді пайдаланатын маман. Ол дұрыс мамандарды табады, қызметкерлерді ынталандырады, тиісті баға береді. Осыған байланысты мемлекеттік аппаратта басшылық лауазымдарды атқаратындар да болашақта белгілі бір дәрежеде HR- менеджер болуға тиіс екенін атап өткен жөн.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде және Еуропа елдерімен салыстыру негізінде HR басқаруды бағалауда инновацияларды енгізу болып табылады. Онын нақты міндеттері:
- HR басқару туралы жалпы ақпаратты ҚР-на енгізу;
- Мемлекеттік қызметтегі персоналды бағалаудың шетелдік тәжірибесін іске асыру;
- Мемлекеттік қызметтегі HR басқарудағы бағалау жүйесінің жаңалықтарын зерттеу;
Персонал менеджерінің міндеті- мамандықтағы қажетті және өзекті өзгерістерді болжау және дайындау. Сол себепті мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ең өзекті тақырыптарының бірі болып табылады.
Дүние жүзіндегі үкіметтер бірқатар халықаралық дағдарыстар мен тұрақсыз саяси жағдайға байланысты мемлекеттік аппараттың тиімділігіне өсіп келе жатқан сын-қатерлерге тап болуда. Сонымен қатар, елдегі қоғамдық-саяси оқиғалар, әсіресе 2022 жылғы қаңтарда, ағымдағы жылы инфляцияның жоғары деңгейі, қоғамның наразылық көңіл-күйінің өсуі, билік органдарына сенімсіздігі мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың НR-қызметтерінің жұмысын іске асыру қажеттілігін нығайтты. Біздің еліміздің мемлекеттік аппаратына тапқыр, жауапты, шешуші мемлекеттік қызметшілер қажет, олар шешудің инновациялық әдістерін ұсына алады және персоналды басқару жөніндегі менеджерлердің міндеті әрбір маман үшін өсуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды.
...