Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту

Автор:   •  Июнь 7, 2022  •  Курсовая работа  •  7,311 Слов (30 Страниц)  •  287 Просмотры

Страница 1 из 30

Кіріспе

Соңғы жылдары бүкіл әлемде спутниктік навигацияны, цифрлық картографияны, кеңістіктік технологияларды кең ауқымды енгізу мен пайдалануға жылдам көшумен сипатталатын геодезия және картография саласының маңызы бірнеше есе артып келеді. Қазақстан да уақытпен бірге қадам басып келеді. Өйткені Қазақстан өзінің заманауи координаттар жүйесін жасай бастады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өткен ғасырдың ортасында Кеңес ғалымдары құрған СК-42 координаттар жүйесі қолданылады.

Соңғы жылдары геодезия және картография саласының маңызы бірнеше есе артып келеді, яғни жер серіктік навигацияны, цифрлық картографиялауды, геокеңістіктік технологияларды кең ауқымды енгізу мен пайдалануына байланысты бүкіл әлемде бұл саланы жаңарту жылдам көшумен сипатталады. Қазақстан да бір орында тұрмай, уақытпен бірге қадам басып келеді. Алдыңғы жылдан бастап ауқымды жоба – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҰКДИ» (Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы) іске асырыла бастады.[11]

«ҰКДИ» жобасын іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар.

ҰКДИ мақсаттары:

1. Қазақстан Республикасының QTRS (Qazaqstan Terrestrial Reference System) бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату (СК-42 орнына);

2. Қазақстан Республикасының аумағын ашық кеңістік деректерімен қамтамасыз ету;

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістіктік деректерімен алмасуды автоматтандыру.

Бұл дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында координаталар жүйесі туралы жалпы ақпарат сипатталған.

Екінші тарауда қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аумағында координаттардың, биіктіктердің, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ 1942 жылы енгізілген СК-42 жайлы ақпарат жазылған

Үшінші тарауда жаңа QTRS (Qazaqstan Terrestrial Reference System) координат жүйесін орнату туралы арнайы жобаның іске асырылуы жайлы егжей-тегжейлі баяндалған.


1 Координаталар жүйесі

1.1 Координаталар жүйесінің түрлері

Геодезияның барлық бағыттарының дамуы тек жер бетімен ғана емес, сонымен қатар оның бетінен тыс координаттар жүйесін құруға негізделген.

Координаттар жүйесін таңдап, оларды бүкіл қоршаған кеңістікке тарату қажеттілігі Ежелгі Греция мен Рим империясы кезінде пайда болды. Координаталық жүйелерді пайдалану әртүрлі құрылыстарды салу кезінде, бейтаныс жерлерде қозғалу кезінде, теңіз саяхаттарын жасау кезінде бағдарлау қажеттілігінен туындады. Күннің немесе басқа аспан денелерінің көмегімен анықталған күндізгі сызық бағыттаушы координаталық сызық ретінде алынды.

Координаттар жүйесі (КЖ) - координаттар кеңістіктің нүктелерімен қалай байланыстырылуы керектігін сипаттайтын математикалық ережелер жиынтығы.

Басқаша айтқанда, бұл нүктенің немесе объектінің түзу сызықтағы, жазықтықтағы, кеңістіктегі орнын және қозғалысын сандар немесе басқа таңбалар арқылы анықтайтын шарттардың жиынтығы.

Нүктенің орнын анықтайтын сандар жиынтығы осы нүктенің координаталары деп аталады.

Төменде координаталар жүйесінің түрлері қысқаша қарастырылған. Олар: астрономиядағы сфералық координаттар жүйесі, географиялық координаттар жүйесі, геодезиялық координаталар жүйесі

1.1.1 Астрономиядағы сфералық координаттар жүйесі

Ең үлкен бақылау кеңістігі жұлдызды аспан болып табылады. Барлық аспан нысандары бізден әртүрлі қашықтықта орналасқан. Ғарыштағы аспан денелерінің нақты позицияларының орнын, “бақылаушы” деп аталатын, олардың ортасында орналасқан аспан сферасының бетіндегі проекцияларды айтады. Аспанды бақылау олардың координаттарын анықтауды және сфералық координаттар жүйесін енгізуді талап етеді (сурет 1).

...

Скачать:   txt (114.7 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club