Мемлекеттік қызмет
Автор: aknuralmasbek • Октябрь 9, 2018 • Доклад • 657 Слов (3 Страниц) • 566 Просмотры
Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек
Сыбайлас жемқорлық бұл қазіргі таңдағы қоғам дерті десем артық айтпағаным болар еді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері осы дертке қарсы заңдар шығарып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолдан келгенше шаралар жүгізуде. Бірақ, бұл дерт онымен басылар емес. Кеңінен белең алып бара жатқандай. Сыбайлас жемқорлықтың ең жиі бой көрсететін түрі бұл – парақорлық. Парақорлық дертінің алдын алу үшін ел болып күш салуымыз керек деп ойлаймын. Соған орай біріншіден, пара берудің себептерін, пара алу жолдарынының түп-тамырын жою үшін қоғам болып, адам болып белсенділік танытуымыз керек. Яғни, пара беру де , пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана, ақыл- ой қалыптастырумыз қажет. Бүгінде бұл әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.
Енді мынандай сұраққа жауап іздеп көрейікші. Параны кімдер және не үшін алады? Ал оны не үшін береді? Иә, бұл туралы ең бірінші ойымызға оралатыны параны қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп беруге күші жететін адамдар алады деген ой бірден санамызға келеді. Ал оны беретін адмадар мұқтаждықпен, бір нәрсеге жету үшін немесе билікке шығу үшін береді. Оны бас бостандығы үшін беруі де ғажап емес. Солар үшін жақсыз адамдар кейде орындарынан түсіп, қолындағысынан айрылып, тіпті денсаулықтарынан, жақындарынан айрылыуы да мүмкін. Сол пара алып жатқан адамдарыдың оңай ақша – ауыр жаза екенін саналарына тоқыса екен деймін. Дәл солай пара беріп жатқан адамдардың сана түйсігіне билікке парасыз адал еңбекпен, біліммен, күш -жігермен және мұқалмас сабырмен жетуге боланыдығын түсіндіргім келеді. Оның өте ауыр қылмыс екен білсе деймін. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықты ауыр күнә немесе ауыр дерт деп айтқан себебім де осы еді. Әрине , сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс – тіршілгін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын кез – келген дерттің не үшін пайда болғанын, таралу жолын білуіміз және оның кеңінен өріс алып кетуіне жол бермеуіміз керек. Ел болып, халық болып сыбайлас жемқорлық деген аты шулы аурудың алдын алу үшін қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Оған біріншіден қолында билігі бар азаматтарымыз үлгі болуы қажет. Содан кейін әрбір азамат немесе азамтша өзінің конститутциялық құқығын жоғары дәрежеде білуі тиіс. Сонда ғана қолы ұзын яғни қолында билігі бар адамдар пара сұрауға батылы бармайды деп ойалмын. Халық сыбайлас жемқорлықсыз өмір бар екеніне сеніп, адал еңбек мұқалмас күш жігермен еңбек ететіне сенмім зор. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп атам қазақ айтқандай, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы келешекте сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүретініне сенемін. Еліміз 50 елдің қатарына қосылғалы отырғанда осы адами қалыпты жоғалтпай тек әділдікпен, адал еңбекпен жүруге тиіспіз және бұл ел алдындағы адами борышымыз деп білемін.
...