Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жарнама тіліндегі терминдердің қолданысы

Автор:   •  Декабрь 10, 2023  •  Доклад  •  396 Слов (2 Страниц)  •  40 Просмотры

Страница 1 из 2

Жарнама тіліндегі терминдердің қолданысы

Адамзаттың  өркениетті өмірінде жарнаманың қоғамдық қызметі айрықша мәнге ие.  Жарнама тілі – ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетумен бірге өзге елдің мәдениетін тасымалдайтын, жеке адамның сән индустриясы мен тауар айналымы саласындағы ақпараттарды алу мүмкіндігін қалыптастыратын құрал. Десек те қазіргі қазақ жарнамаларының атқаратын қызметтері де, тілдік тазалығы мен стилі де жұртшылық тарапынан да, тілші ғалымдар тарапынан да сынға ұшырап жүргені анық. Жарнама қазіргі таңда қолданыс ауқымына сәйкес әлеуметтік өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан радио, теледидар, газет - журналдар сынды БАҚ - тан бөлек, көшелер мен ғимараттардың маңдайшаларынан да қазақ тілінде берілген жарнамаларды көптеп ұшырастырамыз. Қазіргі уақытта көшеге шыға қалсаңыз міндетті түрде сыртқы жарнамаларды көзіңіздің шалмауы мүмкін емес. Бір өкініштісі, әсіресе қазақ тіліндегі жарнамалардағы орфографиялық, стилистикалық қателердің көп болуы. Жарнама құрылымына назар салу арқылы дұрыс аударма жасалмағанын аңғара аламыз. Осындай типтегі жарнамаларда қате кеткен кезде берілген сөйлемнің де мағынасы өзгеріп, адамға түсініксіз болады. Жекеменшік нысандардың атаулары мен сыртқы жарнамалары орыс тілінен мемлекеттік тілге сөзбе-сөз, шала - шарпы аударылып, мағынасы өзгерген сөз тіркестері мен грамматикалық қателер өріп жүр. Кейбір нысандар мүлдем қазақ әріптерін қолданбайды. Яғни, заң талаптарына сай жазылмайды. Сонымен қатар, ең басты мәселе – аударма. Екіншіден, сөздер мен терминдерді дұрыс қолданбау мәселесі де өзекті болып тұр. 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған «Жарнама туралы» Заңда «Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар» деген заңдық күші бар норма қарастырылған. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады, жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Десе де, аталған нормалардың бүгінде сақталып жатқандығы шамалы. Мәселен, бір ғана "Ламинирование" терминінің қазақша жазылуында "ламинаттау", "ламинациялау", "ламинаттану" сынды баламалар жасалып, ала - құлалық өріс алған. Осы іспеттес, кабель сөзі кәбіл, пленка сөзі үлдір деген сипаттағы қате аудармалар жиі ұшырасады. Сондай - ақ жарнама мәтіндерінен тіл шұбарлануының да белгілері көптеп кездеседі.

...

Скачать:   txt (5.8 Kb)   pdf (57.6 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club