Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи корей тіліндегі неологизмдердің түрлері

Автор:   •  Июнь 6, 2019  •  Курсовая работа  •  7,528 Слов (31 Страниц)  •  718 Просмотры

Страница 1 из 31


КІРІСПЕ

Қазіргі біздің өмір сүретін қоғам үнемі даму үстінде болып,  адам өмірінің барлық салаларында өзгерістер еңгізіледі: ғылымда, техникада, мәдени өмірде.  Неологизмдердің пайда болуы - тілдің жетістігін, адамның білімін толық көлемде көрсетуді және өркениетті дамытуды көрсетеді. Оның үстіне, ең алдымен, көзге көрінбейтін нәрселердің өзі, яғни, құбылыстар мен процестер белгілі бір анықталған ауызша түсініктемені  талап етеді. Лексикалық құрам - бұл тілдік компонентпен қоғамдағы барлық өзгерістерге мобильді және сезімтал болып келеді: кейбір сөздер ескіріп, бірте-бірте пайдаланылмай қалады, нәтижесінде жоғалып кетеді, ал жаңадан пайда болған немесе жаңа мағынаға ие болған басқа сөздер, керісінше, белсенді түрде қолданыла бастайды. Осылайша, жаңа сөздер пайда болады және лексикалық бірліктер тілінде бұрыннан бар және белсенді жұмыс істейтін жаңа мағыналар дамиды. Тілдің лексикалық құрамының байыуы түрлі жолдармен және әрдайым үздіксіз болып тұратын процесс, бірақ кейде бұл процесс әсіресе қарқынды болады. Мысалы, халықаралық қатынастардың қалыптасуы мен нығая түсуі кезінде, мемлекеттің жан-жақты дамуында, бір-бірімен араласуы негізінде оның лексикалық құрамында көбінесе жаңа сөздердің саны көп болады, қазіргі уақытта Корея Республикасында орын алатын лексикалық құрамда жиі кездеседі. Сауда, экономикалық және саяси байланыстардың нәтижесінде, халықтардың мәдени араласуы негізінде шетелдік сөздердің тілдің лексикалық құрамына енуі байқалады. Сондықтан басқа тілден еңген сөздер  әрқашан тілдің лексикалық қорын байытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта корей тілінің лексикалық құрамы үздіксіз өзгеріп толықтырылып отырады, әсіресе лексиканың сөздіктерде анықталмаған және қолданылмайды деп саналған қабаттары бұл процесске осал болып келеді. Сөздердің құрамы өзгереді осыған орай сөздіктердің де құрамы тиісінше өзгеруі керек: кейбір сөздер мүлдем қолданыстан шығады, ал кейбіреулері жаңадан құрылады, осыған қарағанда екіншісінің құрылуы әлдеқайда көп болып келеді.

Қазіргі корей тілінің лексикалық құрамындағы жаңа сөздердің пайда болуы лингвистикалық және экстралингвистикалық тәртіп факторларымен байланысты болады.  Тілдегі жаңа сөздердің пайда болуының экстралингвистикалық себептерін көптеген тіл мамандары зерттеді (М. И. Фомина, М. М. Каплина, А. Г. Лыков, В. Г. Гак Ю,Н. М. Шанский),  бірақ оларды жүйелі қарастыру және талдау мәселесі Қазіргі корей тілінің лексикасында әлі күнге дейін зерттелмеген. Жаңа сөздердің пайда болуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – сөйлеудің дәлдігі мен қысқа мазмұны немесе керісінше.  Жаңа сөздердің пайда болуы үшін маңызды ынталандыру түрі - бұл қоғамдық өмір, әсіресе көркем мәдениет. Кез-келген заманауи қоғамда жаңалық пен сән туралы түсініктер маңызды рөл атқарады, олар тек адам өмірінің ойы мен ойлауында ғана емес, сонымен бірге олар қолданатын тілде де көрінеді. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде Корея - экономикалық және саяси дамудың жоғары деңгейіндегі мемлекет болып табылады, осының салдарынан қазіргі заманғы корей тілінің сөздік қорына әлеуметтік, тарихи, экономикалық, мәдени, идеологиялық және басқа да әлеуметтік факторлардың әсер етуі сөзсіз.

Тілдің жаңа сөздермен белсенді түрде толықтырылуы  оларды дұрыс түсіну және пайдалану проблемасын тудырады. Неологизмдерді аударуға байланысты қиындықтар көбінесе жаңа сөздердің мағынасының ауытқуына, олардың мағынасының уақытқа тәуелділігін және елдегі әлеуметтік-саяси жағдайдың, сондай-ақ сөздерді қолдану саласының өзгеруінен туындайды. Осылайша, тілдегі жаңа сөздердің пайда болуы және олардың пайда болуына әсер ететін факторлар - қызықты әрі маңызды тақырып болып табылады.

Неологизмдерге және оларды аударуға  қатысты орыс және шетел лингвистерімен (Х.М. Шанский, Ж.И.Ракибурская) жазылған көптеген жұмыстарына қарамастан, осы тақырыпқа байланысты осы күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар, және сөздердің осы нақты санатын зерттеуге қатысты шешілмеген мәселелер болып келеді. Ғалымдардың айтуынша,  неологизмдерді зерттеу үдерісінде пайда болатын негізгі қиындықтар мыналар, бұл бір немесе бірнеше сөздің жаңадан шыққандығын жоққа шығарып, өзі сол тілдің құрамына толық еніп, жалпыға ортақ қолданысқа енуі болып табылады. Сондай-ақ сөздің неологизм болып жаңа сөз ретінде көп уақыт қалуының белгілі бір уақытын  белгілеу өте қиын.  Феномен, объект, оқиға немесе іс-әрекет шынымен жаңа болып табылғанға дейін, оның атауы үшін жасалатын сөз, сөзсіз, неологизм деп саналады.

...

Скачать:   txt (107 Kb)   pdf (472.3 Kb)   docx (48.3 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club