Республикамыздағы жарнаманың даму жағдайы
Автор: Syrymbet Zhumabekov • Март 25, 2018 • Курсовая работа • 9,277 Слов (38 Страниц) • 822 Просмотры
МАЗМҰНЫ
KIPICПE 3
I - ТАРАУ. КИНО МЕН ТЕЛЕВИЗИЯ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЖАРНАМАНЬҢ MӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 5
- Жарнаманың түрлері және олардың ерекшеліктері 5
- Жарнаманың тауар сатудағы рөлі 14
II - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЬҢ АУДИОВИЗУАЛДЬҚ САЛАСЫНДА ЖАРНАМАНЫ ҚОЛДАНУ 33
- Республикамыздағы жарнаманың даму жағдайы 33
- Шет елдерінің жарнама үстемдігі 49
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMІ 58
ҚОСЫМШАЛАР
KIPICПE
Жарнама тауардың қаржы көзіне айналып, жылдам әрі жемісті болып ,аз уақытта белгілі бір фирма немесе ірі сауда орталығына айналуға ықпалы зор. Бұл нағыз тұтынушының көңілін аударып, кажеттіліктерін туындататын, тауардың өндірісі көзіне айналуына себепкер болған, фирмалық мекемелердің іскерлігі мен пайдалы жақтарын аңғартады.
Жарнама нарықтық экономиканың қажетті бір бөлшегі болып табылады. Жарнаманың жемісті болуына әрқашанда үлкен көңіл бөлінген. Ірі өндірісі орындары мен сауда орталықтарының бәсекелестігі күшеюіне байланысты, экономиканың мамандырылған бір бөлшегіне айналды.
Дуние жузінде жарнамалық индустрия термині кеңінен тараған.
Жарнаманың маңыздылығы қайта өңдеу заңдылығында байқалады, яғни экономикада, тауар мен қызмет көрсету сапасы кажеттіліктен тыс орындалса да жарнама тұтынушылардың альтернативті таңдауын камтамасыз етеді. Ал өндіріс орындарында екі жаққа да ыңғайлы бәсекелестікті тудырады.
Жарнамамен өндіріс орындары немесе фирмалар тана емес, сонымен қатар кайырымдылық қоры, мұражай, діни орталықтар тағы сол сияқты сауда бәсекелестігіне жатпайтын мекемелер адамдардың көңілін өзіне аудару үшін ,маркетингтің осы бip түрін қолданылады. Жарнама өзінің көптеген жан-жақтылығымен байқалады.
Дегенмен, оның негізгі мақсаты тұтынушының көңілін өзіне аударып, жарнама берушіге пайда әкелу.Жарнама нарықта ақпарат көзі, әрі тұтынушымен байланысқа түсетіндіктен фирмалардың маркетингінің ажырамас бір бөлігіне айналған.
айналған.
Жарнама мекемелермен басты үш нәрсеге сүйенеді:
1.Жарнама агенттіктері
2.Жарнама тасушыларға яғни, жарнама ұйымының басты мақсатына,тауардын кызмет көрсету сапасына тауар белгішелері.
Заманға сай жарнаманың пайда болуы,ғылыми ұйымдастырылған кезең. Маркетолог,дизайнер,сценарист, режиссер,фотограф, стилист,психолог және социолог маман иелері осы турғыда қызмет аткарады.
Жақсы жарнамалык ұйым жарнама ыкпалына коцш белш капа коймай, сонымен катар нарыктьщ ©су багасымен де санасады. Жарнамалык уйымдарга тыгырыкка члрелмес ушш жан-жакты болганы дурыс.
- ТАРАУ. КИНО МЕН ТЕЛЕВИЗИЯ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЖАРНАМАНЫҢ, МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
- ЖАРНАМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЬҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды керсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған арқылы әрекеттер. " Жарнама" латын тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare) ғымын сипаттайды.
АКШ Маркетинг Ассоцияциясының анықтамасы бойынша, жарнама дегеніміз тауарды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуға арналған кез-келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды еске ала отырып, анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, әлуетті тұтынушылардың назарларын жарнамалау обьектісіне аудару үшін орындалатын ақылы кызметтер деп анықталған.
Жарнама ерекшеліктері :
- қоғамдық сипаттама алады;
- үгіттеуге қаражат кабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
- мәнерлік - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
- иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
Жарнаманың атқаратын кызметтері.
Нарықтағы жарнама бернесі келесідей:
1.Экономикалық бернесі - сұранысты қалыптастыру, өнімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы "сату - алу" үдерісін тездетеді;
- Ақпараттық бернесі - тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді.
- Коммуникациялық бернесі - маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалнама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама нарығымен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз етеді.
- Бақылау бернесі - нарықтағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
- Түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұгымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;
- Сұранысты басқару бернесі - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
Жарнаманың жоғарыда айтылған көптеген бернесі оның әмбебап сипатын көрсетеді және оның жеке түрлерін бөліп талдауды қажет етеді. Жарнаманың түрлерін айыруда көптеген белгілер қолданылады.
Оның бірнешеуі 14-ші кестеде көрсетілген.
Жарнама түрлерінің негізгі белгілері:
...