"La Dolce Vita" кондитерлік дүкені
Автор: gulnurkabylan • Октябрь 31, 2018 • Реферат • 2,300 Слов (10 Страниц) • 4,186 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекеттік басқара,бизнес және құқық факультеті
Экономика кафедрасы
"Start up жобаларының экономикалық негіздемелері" пәні бойынша
БИЗНЕС ЖОСПАР
Тақырыбы: "La Dolce Vita" кондитерлік дүкені
[pic 1]
Тексерген: аға оқытушы
Ещанова Р.С.
ПАВЛОДАР 2018
Мазмұны
1 | Жобаның резюмесі |
1.1 | Жобаны тағайындау |
1.2 | Инвестициалардың бағыттары және көздері |
1.3 | Мемлекеттік деңгейде жобаны қолдау |
2 | Өнім |
2.1 | Өнімді өндіру технологиясы және перспективасы |
3 | Нарықты талдау және зерттеу |
3.1 | Саланың жағдайының сипаттамасы |
3.2 | Бәсекелестер және баға |
4 | Маркетинг жоспары |
4.1 | Бағыттары, міндеттері мен шешімдері |
4.2 | Тауарларды сатуға және жылжытуға жәрдемдесу |
5 | Қаржылық жоспар |
5.1 | Жалпы инвестициялық шығындарды есептеу |
5.2 | Кәсіпорынның негізгі капиталға инвестициялары |
5.3 | Кәсіпорынның айналым капиталына инвестициялары |
5.4 | HR-ресурстардың инвестицияларын есептеу |
5.5 | Кезең шығындарын есептеу |
5.6 | Шығындар құрылымын есептеу және оның тиімділігі |
5.7 | Өткізілетін өнімнің бағасын есептеу |
5.8 | Қаржылық жоспар |
5.9 | Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері |
6 | Инвестициялардың тәуекелі және кепілі |
7 | Әлуметтік бөлім |
1 Жобаның резюмесі
Тәттісіз ешқандай адам өмір сүре алмайды. Бірақ сол тәттінің пайдасынан зияны көбірек. Кейде сол зиянына қарамай өзімізді ұстай алмай, тәттіні мөлшерінен артық қабылдап қоямыз. Cоның кесірінен денсаулығымызға көптеген зиян келтіреміз. Сонымен қатар қазіргі заманда көптеген адамдарда семіздік ауруы кең етек алып келеді. Сол семіздік ауруы тек қана артық салмақ қосып қоймай, қант диабеті ауруына әкеліп соғады. Қант диабетіне шалдыққан адамдарға мүлдем қант қосылған тағамдар жеуге болмайды. Ол адамдар үшін артық 1 г қант мөлшері қайғылы жағдайлар әкеліп соғуы мүмкін. Бірақ, кез-келген мәселенің шешімі бар.
Жобаның мәні - 500 мыңнан астам тұрғыны бар қаладағы өз кондитерлік дүкенін ашу. Бұл бизнес-жоспардың мақсаты инвестициялық жобаның тиімділігі мен кірістілігін негіздеу болып табылады. Кондитерлік өнімдер 100 шаршы метр жалға алынған үй-жайларда орналасады. онда кондитерлік цех пен 20 келушіге арналған бөлме бар.
Жобаның артықшылығы: Дайындалатын тағам құрамына артық мөлшерде қант қосылмайды. Соған қарамастан тағам тәтті, әрі дәмді болады және аз калориялы болады. Ең бір артықшылығы қант диабетіне шалдыққан адамдардың ағзасындағы қант мөлшерін көбейтпей керісінше қалыпқа келтіреді.
Жобаның бастапқы капиталы 4 000 000 теңгені құрайды.Бизнес жоспардың есептік мерзімі - 5 жыл. Кондитерлік өнімдердің күтілетін айналым табысы 15 555 420 теңге. Сатылымдардың табыстылығы 54,75% құрайды. Инвестициялардың оралуы 2 жыл 1 айға есептеледі.
[pic 2]
1.1 Жобаны тағайындау
Қанттан жасалған тағамдардын зиянын азайтып, қант диабетіне шалдыққан адамдарға көмектесу болып табылады. Сонымен қатар өз салмағын бір қалыпта ұстағысы келген адамдарға көмектесу болып табылады.
Қандай аудиторияға арналған? Диабетке шалдыққан адамдар, артық салмақтан арылғысы келетін немесе дене бітімін бір қалыпты ұстағысы келетін және кез-келген адамдар тобына арналған.
...