Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығыстық-ағартушылық бағдардағы ақын-жазушылар щығармашылығының өзінідік ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 5, 2022  •  Творческая работа  •  260 Слов (2 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 2

3-лекция  тақырыбы:Шығыстық-ағартушылық бағдардағы ақын-жазушылар щығармашылығының өзінідік ерекшеліктері

Ихласбек Марлан КЯ 20-1

   Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейінгі дәуірде азды-көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан ақын-жазушылардан Ақмолда, Әбубәкір, Нұржан, Мәшһүр Жүсіп, Шәді, Мақыш,Мұса сияқтылар мұсылманша, ескіше оқыған, діни тәлім-тәрбие алғандар еді. Бұлардың кейбірі Бұхара, Ташкент, кейбірі Уфа, Қазанда, кейбірі Орынбор, Троицкіде мектеп, медресе бітірген, Кейбірі Мекеге барып қайтқан молда, қажылар болатын да, ал көбі ел арасында молда, қажы болып жүрген діни көзқарастаға адамдар еді.

   Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері нəр алған шығыстың озық үлгілі əдебиетінен үйреніп қана қоймай, шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға негіздеп өздері де шығармаларжазды. Сөйтіп нəзирашылдық дəстүрді дамытты. Шығыстың классикалық əдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы ақын-жазушылар. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына тірек болған қазақ поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет Яссауи, Рабғузи, Ахмет Жүйнеки жəне т.б. шығармашылықтары, əдебиеттегі діни сарындар. Бұл бағыттағы ақындардың бір тобына тəн ерекшелік– қиссашылдық, кітаби сюжеттерге еліктеушілік. Жалпы алғанда, діни-ағартушы ақындар өз дəрежесінде қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін биікке көтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына елеулі үлес қосты.

  Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шəді Жəңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, Мəулекей Жұмашев жəне т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс, ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нəзирашылдықты дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан аударып, өз бетінше жазған шығарма-дастандарын мынадай топтарға бөлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар: “Зарқұм”, “Мəлікаджар”, “Кербаланың шөлінде”, “Сал-Сал”, “Мұхамед-Ханафия”, “Сүлеймен пайғамбар”, “Жұм-Жұма”; Қиял-ғажайып ертегі іспетті қиссалар: “Шəкір-Шəкірат”, Сейфіл-Мəлік – Бəдіғұл-Жамал”, “Шаһмарал”, “Абушахма”; Ғашықтық қиссалар: “Жүсіп-Зылиқа”, “Таһир-Зухра”,“Лəйлі-Мəжнүн”, Мұңлық-Зарлық”, “Боз жігіт”; Батырлық қиссалар: “Рүстем-Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһрам” т.б.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (57.6 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club