Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Автор: Zamirazekenova9 • Декабрь 8, 2022 • Курсовая работа • 8,973 Слов (36 Страниц) • 233 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»
Курстық жұмыс
Пән атауы: «Қазақ әдебиеті 5»
Тақырып: Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Орындаған:ҚтӘ-21 тобының студенті Зекенова Замира
Қабылдаған: Куралканова Б.Ш
_____________________________
Павлодар , 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
1.ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРДЫҢ БІРІ- СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН…………………………………………………………………….4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. “АРҚАНЫҢ КЕРБЕЗ СҰЛУ КӨКШЕТАУЫ” ..........................................9
2.2. ПОЭМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ...................................16
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................28
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өшпейтін мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.
Сұлу Сәкен , сырбаз Сәкен, сырлы Сәкен , сұңқар Сәкен Сейфуллин талантымен де, табиғатымен де ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Күні бүгінге дейін ақынның өз заманындағы тағдыр-талайы, әдебиеттегі орны, шығармаларының көркемдігі, адами тұлғасы туралы зерттеушілер әртүрлі пікірлер қалдырды. Осы аталмыш жұмысымда ақынның поэмаларының негізгі идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап тоқталамын.
Зерттеу нысаны: Сәкен Сейфуллиннің поэмаларын идеялық-көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Сәкен Сейфуллин қоршаған ортаның сұлу табиғатын әсем жырларына өзек еткеніне көз жеткіздік, қазақ халқының ер жүрек батырларын, ел қорғаны болған тұлғаларын жырға қосып, ақын лирикасының негізі-махаббатты әспеттеуде жатқанын аңғардым, соны ашуға тырыстым.
1.Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі–Сәкен Сейфуллин
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы он бесінші қазанда Ақмола уезі, Нілді болысы, бірінші ауылда қазіргі Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Сарыарқаның сағымда даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін еліктірер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.
Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс зауыдындағы орыс-қазақ мектебінен білім алады. 1908-1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916 жылы Омскінің мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.
Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметі қазан төңкерісіне дейін басталған. 1914 жылы Қазан қаласында “Өткен күндер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. “Матбұғат Кәримия” баспасынан басылып шығады. Кітапқа енген өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мазмұны, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, поэтикалық-ақындық қуаты қаламгердің табиғи үздік талантын, азаматтық позициясын, пәлсафалық дүниетанымын анық көрсетіп береді. Сәкен жинағындағы өлеңдер идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Жас ақын өміріндегі, халық тұрмысындағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік, эстетикалық талдау жасайды.
...