Қарағанды облысы Шет ауданы Сакен Сейфуллин кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» бөбекжайы» КМҚК
Автор: baldauren68 • Июнь 7, 2018 • Статья • 1,602 Слов (7 Страниц) • 933 Просмотры
ОӘЖ 373.2-056.22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жакенова А.Т.
«Қарағанды облысы Шет ауданы Сакен Сейфуллин кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» бөбекжайы» КМҚК
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен білуге және мұғаліммен бірлесе отырып сәйкес ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту ретінде қарастырылады. Оқыту процесі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді де нәтижелі ететін оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз болғанда ең алдымен денсаулық сақтау технологиясы туралы айтылуы керек. Әдебиеттердегі талдау, шолудан байқағанымыз оқу құралдарында осындай ұғым анық көрсетілген, оқу материалы педагогикалық процестің ерекшеліктерімен ұштастырылған.
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірбиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балада денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады.
Қоғамдық тәрбие берудің жалпы формасы болып мектепке дейінгі білім беру мекемелері табылады, себебі балалар уақыттарының 70-80% осы мекемеде өткізеді, сондықтан мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау бойынша іс-шараларды осы мекемелерде өткізген жөн болып есептеледі
Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымның мақсаты – мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымда алған алғашқы қарапайым түсініктері - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа мектеп жасына дейінгі бала мен педагог денсаулығын көздейтін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы арқылы жете алады. Педагог педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, бала, ата-ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын барлық педагогикалық процестің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.
Мектепке дейінгі жас – ерекше маңызды және жауапкершілікті талап ететін кезең, бұл кезеңде организмнің жүйелерінің қызметінде көптеген өзгерістер болып жатады. Мектепке дейінгі баланың ағзасының иілгіштігі және өзгергіштігі (лабильділігі) қоршаған ортаның факторларының әсеріне аса сезімтал болатынын анықтайды.
Баланың денсаулығының жағдайы әлеуметтік-гигиеналық, медико-биологиялық және экологиялық факторлардың әсеріне тікелей байланысты болады.
Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығының жағдайы морфофункционалдық ауытқудың (76%-ға дейін) жиі кездесуімен сипатталады. Оның бастылары тірек-қимыл аппаратының, өкпе және жүрек-тамыр, нерв жүйесінің, ас қорыту органдарының бұзылуы, аллергиялық құбылыстардың болуы болып табылады. [1,2]
Денсаулық сақтау технологиясын пайдаланудың қызметтерін кешенді жүзеге асыру оны сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Ол педагогтың келесі педагогикалық әрекеттерінен тұрады: диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, талдаудан тұрады. [3,4]
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының бала денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге келтірілгендігі, бала денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
...