Теңіз кен орны
Автор: esaa29 • Март 13, 2019 • Курсовая работа • 9,533 Слов (39 Страниц) • 1,787 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3
1.1. Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 3
1.2. Тектоника 6
1.3. Стратиграфия 11
1.4. Кен орнының мұнайлылығы, сулылығы 18
1.5 Кен орнының көмірсутегі қорлары 21
2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Игерудің ағымдағы жағдайы…………………………………………………
2.2. Кен орынды игеру әдісін таңдау
2.3. Таңдалған әдісті негіздеу
2.4. Есептеу бөлімі
2.5. Қолданылатын жабдықтар мен қондырғылар
2.6. Кен орынды игеру кезіндегі еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны сақтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Теңіз кен орны 1979 жылы ашылған. 1981 жылы Т-1 Теңіз ұңғымасы сынақ кезінде алғашқы мұнайын берді. Бұл 1,25 млрд. тонна алынған көмірсутекті шикізат қорының кен орнын өндіруге жол ашты. Қазіргі таңда ″Теңізшевройл″ біріккен кәсіпорыны кен орнының операторы осы жылы жазылатын өңдеу Жобасында соңғы баға мен қайта есептеуді жүргізуде.
″ Теңізшевройл″ БК 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен ″Шеврон″ корпорациясы арасындағы меморандумға қол қоюдың нәтежиесінде құрылды. Қазіргі таңда біріккен кәсіпорынның қатысушылары болып ″Шеврон-Тексако″ корпорациясынан басқа ҚР атынан ″Қазмұнай″ ҰМК, “Эксон-Мобил, Лук-Арко компаниялары табылады.
Теңіз кен орны мұнай қорының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы бірегей кен орны болып табылады. Өйткені бұл кен орнында күкіртті сутек пен көмірқышқыл газының қоспаларының флюид қабатындағы мөлшері ауытқулы болғандықтан, мұнай кәсіпшілігінің құрылысы мен құрал жабдықтарының жоғарғы эксплуатациялық беріктілігін қамтамасыз етуге жоғары талаптар қойылады.
Осы бітіру жұмысында ұңғыма өнімін жинау мен дайындаудың мәселелері қарастырылады. Теңіз кен орны үшін жинау жүйесі технологиялық процесстің арнайы талаптарына сәйкес жобаланған және газды қайта өңдеу зауытының технологиясымен өте тығыз байланысты.
Теңіз кен орнының жер қойнауын игеруші 1993 жылы 2 сәуірде берілген «Мұнай мен газды барлау және игеру лицензиясы» және 1995 – 2032 жж. аралығында Геология министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану» мен ҚР – ның «Жер қойнауын қорғаудың» №16 келісімі негізінде құрылған «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.
1993 жылдың 6 сәуірінен бастап, «Теңізшевройл» ЖШС кен орынды пайдалануды жүзеге асыруға кірісті. Кеніштің өндірілетін мұнай қоры 750 млн.тоннадан 1,125 млрд тоннаға дейінгі шамада бағаланып отыр, болжамды геологиялық қорының көлемі 3,133 млрд.тоннаны құрайды. 1,8 триллион текше метрден астам ілеспе газымен бірге Теңіз аса ірі кен орындарының бірі ретінде игерудің жоғары нәтижелілігі мен өндірудің ерекше түрлілігімен пайдаланылу үстінде.
Курстык жобанын максаты
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Кен орны жайлы жалпы мәліметтер
Теңіз кен орны Каспий теңізі маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және әкімшілігі бойынша Атырау облысы, Ембі ауданы, Қаратон округіне бағынады. Ол Каспий теңізінің акваториясынан тікелей қашықтықта (15-30 км) Атырау облысының шөлді жазық даласында орналасқан. ТШО БК аумағы 400-ге жуық жерді алып жатыр.
ТШО біріккен кәсіпорнының қызметінің қандай-да бір мөлшердегі әсер етуіне тап болатын жақын елді мекендері болып Қаратон поселкесі (кен орнынан солтүстүкке қарай 35 км) және Сарықамыс поселкесі ( оңтүстік батыс бағытында 25 км) табылады.
...