Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Музыкалық аспаптар дүкен мәліметтер қорын құру» тақырыбындағы

Автор:   •  Декабрь 23, 2018  •  Курсовая работа  •  6,771 Слов (28 Страниц)  •  1,244 Просмотры

Страница 1 из 28

           Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және ЕТ кафедрасы

«Мәліметтер қорын жобалау» пәнінен

«Музыкалық аспаптар дүкен мәліметтер қорын құру» тақырыбындағы

5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының

2 курс студенті Г.Т.Сембінің

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекшісі:

ИЕТ кафедрасының оқытушысы Дүйсеғалиева Ә.Д

                                                        АҚТӨБЕ-2016

                                               Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Мәліметтер қоры және SQL тілі
  1. Мәліметтер қоры
  2. МҚ-ын қолданудың артықшылықтары
  3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ)
  4. Қазіргі МҚБЖ негізгі қызметтері
  5. DELPHI программалау ортасы
  6. DELPHI-де мәліметтер базасымен байланысты орналастыру
  7. SQL тілінің элементтері
  8. SQL тілінің insert, delete, update операторлары    
  9. Select операторы
  1. «Музыкалық аспаптар» мәліметтер қорын жобалау
  1. Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдісі. Мәліметтер қорын құру
  2. Канцептуалдық жобалау
  3. Логикалық (даталогиялық) жобалау
  1. «Музыкалық аспаптар» мәліметтер қоры қосымшасын құру
  1. Қосымшаға сипаттама
  2. Қолданушыға нұсқау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

   

 

   

 

                                          КІРІСПЕ

Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.   Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда  үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.  

Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі  (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Жұмыс орнын автоматтандыру барысында көптеген автоматтандырылған программалық жүйелер  және де электронды сұхбат, электронды есеп алмасу тәрізді бухгалтерлік есеп жүйелері, қызметшілер, тауарлар және т.б.  туралы электрондық қорлар (база) құрылады.

Курстық жоба тақырыбы: Музыкалық инструметтер дүкенінің жұмысын автоматтандыру.

Курстық жұмыс кiрiспеден, негізгі бөлімнен, канцептуалдық және датологиялық жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Мақсаты: музыкалық иснтрументтер дүкеніне түскен товарларды сату, яғни тізімге енгізуді және сатуды электрондық тұрғыда реттеу.

Міндеті: құрылған қосымшалар қарапайым қолданушыға ыңғайлы және түсінікті болуы; сонымен қатар, өзгерту, жою жұмыстарының орындалуы.

                   1 Мәліметтер қоры және SQL тілі

  1.  Мәліметтер қоры

  Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер
қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.
            Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.
            Мәліметтер қоры – қарастырылатын заттың объектілері жағдайлары мен арақатынасын көрсететін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
            Мәліметтер қоры жүйесі (database system) – белгілі бір пәндік сала туралы арнайы ұйымдастырылған ақпаратты сақтауға арналған компьютерлік жүйе. Жүйе қолданушыларының көптеген әрекеттерді орындауға мүмкіндігі
бар. Мысалы:
− Мәліметтер қорына жаңа бос файлдарды қосу;
− Бар файлдарға жаңа мәліметтерді қосу;
− Мәліметтерді іздеу;
− Мәліметтерді ӛзгерту;
− Мәліметтерді жою
− Мәліметтер қорында бар файлдарды жою.
Ескерту. МҚ-ында файлдар кесте, жолдар жазба(record), бағандар
өріс(field) болып анықталады. Кесте және мәліметтермен орындалатын
амалдар арнайы SQL операторлары арқылы орындалады.
Кестені қандай да бір объектілер жиынның атрибуттары бар екі өлшемді
кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол
арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа
объектілердің характеристикаларына, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір
өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты – 
идентификатор. Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау
үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі
мәліметтер өрісінде сақталғандардың типтерін сипаттайды. Ол жол, сан,
үлкен  текстер, кескіндер т.с.с. болуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (80.8 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club