Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұқан Сәкен /PhD

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Реферат  •  1,826 Слов (8 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

       Зерттеу жұмысы: 2008 жылғы 8 тамыздағы Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыс

Пән аты:  Қазіргі әлемнің өркениетаралық және мәдениетаралық    қақтығыстары

Орындаған: Қуаныш Аяжан,402топ

Тексерген: Мұқан Сәкен /PhD

Алматы, 2017

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………..………………………………..........3

2008 жылғы 8тамыздағы Ресей мен Грузия арасындағы соғыс.........….............………….....4

Қорытынды……………………………………………………………………………………....7

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………..…8

                                                          КІРІСПЕ

  Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы 2008 жылғы Ресей-Грузия соғысы. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім – қызықты әрі ауқымды тақырып десек те болады.

   Қырғиқабақ соғысының аяқталуы Ресейдің геосаяси картасына түбегейлі өзгерістер алып келді. Яғни, посткеңестік кеңестікте бірнеше жаңа мемлекеттердің тәуелсіздікке қол жеткізуі бұл мемлекеттердің тарихында елеулі оқиғаға айналды. Сол мемлекеттердің бірі- Грузия. Грузия Ресей үшін Кавказ бөлігіндегі аса қолайсыз , қиындық тудыратын әріптесіне айналды. Грузия Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас аса жағымды түрде дами қоймағаны белгілі. Расында, соңғы жылдары Ресейдің оңтүстік шекарасының аймағында орын алған ірі геосаяси және геостратегиялық өзгерістер Ресей Федерациясының Кавказ аймағындағы саяси ұстанымдарының әлсіреулеріне, оның аймақтағы саяси экономикалық және әскери ықпалының төмендеуі, сонымен қатар, әлемдік деңгейде Ресейдің стратегиялық бәсекелесі АҚШ және НАТО құрамындағы өзге мемлекеттердің аймақтағы ықпалының күшеюіне алып келді.

  Әлемдік қауымдастықты өзіне қарата отырып, бүгінгі күнгі саяси сынға түскен Оңтүстік Осетия мен Абхазияның саяси билігі тәуелсіздікке жету жолында жергілікті қауымның қолдауына сүйенгені анық.

  Мен бұл тақырыпты зерттеу кезінде ұстанғам мақсатым 2008 жылғы тамыз айында болған 5 күндік соғыстың халықаралық қатынастар жүйесіне тигізген салдарына сараптама жасау. Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың тым шиеленісіп кетуінің себептерін анықтау үшін екі жақтың да саяси ұстанымдарын бірінші ретте қарастырған жөн. Мұндағы тақырып ашуға арқау болған мемлекеттің сыртқы саясатына етене жақын, мемлекет басшылыры мен саяси қайраткерлердің естеліктеріндегі кейбір аса маңызды деректердің құндылығында шек жоқ.

  Осы тақырыпты ашу мақсатында 5 ғылыми автор жазған мақалаларды тілге тиек еттім. Осы мақалаларды алу нәтижесінде осы тақырыпты ашып көрсетуге және сараптама жасауға тырысамын. Және осы тақырыпты жазу барысында «Ресейдің» Грузияға қарсы әскери қимылын қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап іздедім.

       2008 жылғы 8 тамыздағы Ресей мен Грузия арасындағы соғыс

      Оңтүстік Осетияда 2008 жылы болған халықаралық қатынастар тарихындағы ең елеулі оқиғалардың біріне айналған шиеленісті қақтығыс Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынасқа көптеген өзгеріс алып келді. 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Грузия Цхинвал қаласы бірнеше оңтүстікосетиндік ауылды аймақтарды қарулы қақтығысқа ұшыратты. 2008 жылдың 8 тамызы күні Ресей аймақта болып жатқан жағдайға ресми түрде араласты. Ал 9 тамызда Абхазия ТМД елдерінің арасындағы әскери көмек көрсету жөніндегі келісім шарт негізінде соғысқа араласып кетті.

     Грузияның Оңтүстік Осетияда бастаған операциясы «Чистое поле» деп аталынған болатын. Ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде бейбіт өмір сүріп жатқан жергілікті тұрғындар, бітімгершілік орнатушылар жалпы адамзат зардап шеккенімен қоймай, Цхинвал қаласы толығымен қиратылған еді.Зардап шеккендер еш қорғаусыз әйелдер, жас сәбилер мен қарттар болатын. Ресей Грузияны бейбітшілікке көндіру операцияларын бастап кеткен болатын. Сондықтан бұл жағдайдағы агрессор ретінде тек Грузия танылған еді, алайда кейбір саяси қайраткерлердің пайымдауынша Грузия осы қимылға баруға мәжбүр болды дейді.

...

Скачать:   txt (25.5 Kb)   pdf (245.7 Kb)   docx (308.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club