Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Журналистің даралық қасиеті

Автор:   •  Январь 30, 2021  •  Доклад  •  1,463 Слов (6 Страниц)  •  388 Просмотры

Страница 1 из 6

Журналистің даралық қасиеті

               «Мен, сен, ол….»  бұлар жұмыр бастағы естір құлақтарымызбен естіп, кейде тас жарған, кейде бас жарған тумадан орақ тілімізбен айтып келе жатқан қарабайыр қазақтың қара сөздері! Астына мән бермей, түп тамырына жетпей айтқандағы ой алдыңғы. Өзімізден бізді өзгешелейтін  «ойлана алу» жүйемізді іске қосып, сөздерге зер салсақ, бұл сөздердің өзгеде бір мәні барын аңғаруға болады. «Мен» мынаумын, «сен» анаусың, «ол» мынау деп лексикасы мол қазақ тілімізбен сөйлегенде ,қарап тұрсақ, біз тек адамның кім екенін ғана айтып қоймай біз сол адамның екінші бір адамнан ерекшелігін айтады екенбіз. Мен мынауымды сенің анауыңнан даралайды екенбіз.  Мен қарамын, сен ақсың бұл бағанағы мен, сен, ол-дан жасалған сөйлем, біріншінің екіншіден, екіншінің біріншіден өзгешелігі бірінің қара, бірінің ақ болуында екені айқындалып тұр. Бұл жерде бұл сөздер өзгелердің даралығын көрсету мақсатында тұр. Бұл сөздерге қолданар даралықта әркімде бір жатқан жоқ! Жұмыр бас, жұп аяқ, жұп қол бәрімізге берілгенімен әркімнің ойлауында, жүрісімен тұрысында, күлісімен налысында өзгешелік мол! Бірі тумадан көзін сүрткіш келсе, енді бірі тумадан қызыл тілді болып жатады, бұл адамдарға жалпы айтқандағы. Дара адамдар қайда жүрмесін, кім болмасын даралығы бәрібірде білініп тұрады. «Мен мынаған жетемін» деген пенденің бәріне даралық керекті! Өзгеден өзгешелігің болмаса өзіңді өзім деудің керек жоқ-ты. Көптің арасында көзге көрінер дара жандар көгілдір экраннанда көрініп келген, келеді…Журналистика саласында дара болу қалың орман арасында ұзарып өскен ағаш болумен тең! Бұл бақ әркімге қонбаған! Қазақтың бағы бар журналисттері кім? Олардың әріптестерінен ерекшелігі неде? Кімнің даралығы қайталаушылық? Көкейде сан сұрақ!

             Қаншама кезеңнен бері ақпаратпен сусындатып келген, қызығы мен шыжығы мол, ауқымды сала журналистикаға қызықпағандар некен саяқ. Біреулер журналист болып шоу жасаймын, атақ жинаймын деп, енді бірі елдің қамы үшін бәрін жасаймын деп өзіндік арман қойып, адасып арлана жүре, еңбектеніп терлене жүре, бұрыс ойласада дұрыс келіп, қызмет етіп жатқандар бір тесікке үймелеп кіріп -шығып жатқан үйіршіл құмырсқалар іспеттес. Осы күнге дейін журналистиканың теңізінде жүзгендер қаншама! Сол жүзген қаншамасының саусақпен санарлығы ғана халық жадында сақталып, өзіне дүйім жұртты қарата алды! Бұл журналисттің даралығы нәтижесі. Иә, нағыз журналисттер аз! Әр жазғанын, әр айтқанын халық асыға күтетін, «бүгін, не айтар екен, қай тақырыпты қозғар екен ..» деп хабарын аңсатқан журналисттер қатарына қазақтың біртуар азаматы Бейсен Құранбекті алдыңғы шепке жібере отыра айтып кетуге болады деп санаймын! Өзінің пешенесіне жазылған тағдыр жолының көп бөлігін осы салаға арнаған тележүргізуші Бейсен Құранбектің бағын ашып, даралығының қалыптасуға себеп болған «Айтуға оңай» бағдарламасын қазіргі таңда білмейтін қазақ жоқ! Бес күндік жалғанда артқа із қалдырып, өмірден абыроймен кетуде көрінгенге бұйырмаған бақыт қой! Не құдырет тарттатыны аянсыз, барлық халық Бейсен ағаның әр сөзін қармаққа ілгендей іліп,  көкейлеріне түйіп отыратын. Бұл,Бейсекеңнің көзі тірісінде айқын көрініп сезілмеседе, бұл фәниден кеткеннен кейін анық білінді. Бейсендей тарланынан айырылған халықтың әр тамған жасы журналист Бейсеннің жинақтап, еңбекпен терген мандай терлерінің нәтижесі болғандай! Қаншама халық жоқтап, жай ғана жаназасының өзінде мыңдаған адам ақ көңілімен келіп, қазасына көндіге алмай аңсап дел сәл күйге енді! Өзінің кетуімен мол қазақты қайғырта алған журналисттің арманы болмас! Бейсен Құранбек несімен елді өзінен баурай алды деп ойлансам,жауабы қарапайымдылығымен баураған екен ғой! Өзінің айтуға оңайына белген әр кейіпкерімен сыр шертісе отыра, ішіндегісін біліп, көмек беріп, өзің сол кейіпкердің орнына қойып қиындықтың шешімін таба білді. Бейсен аға тек эфир жүргізген жоқ, ол сол эфир арқылы көрерменге мейірім мен жанашырлықтың дәнін себе білді .Әрбір эфирінде сан қилы тағдыр, сан алуан кейіпкер, сан алуан әңгіме көтерілді соның бәрін халыққа эмоциямен әсерлі жеткізе білді, ол көрермен көңілін өз торына түсіре білді.  Өз кейіпкерлерімен тең дәрежеге ене білуі Бейсекеңнің даралығы еді! Сол себептіде халық оны жақсы көрді ,қарапайымдылы үшін, өзге үшін өзінен артық уайымдай алатыны үшін құрметтеді. Бейсенді Бейсен еткені дәл осы қасиеттері! Бөрі- арығын білдірмес дегендей қаншама қиын ортада жүріп,қайғылы жайттармен арпалыса жүре, әр кейіпкердің ішкі ауруын өзіне судай сіңіріп алған журналисттің есімі ел есінде мәңгі сақталатыны хақ! Журналистиканың соның ішінде қазақ журналистикасында Бейсен ағаның орыны ең биікте! Журналистикада бұдан бөлек өз көзімізбен көріп, жанымыз денемізде бар кезде сезіп, қарап аңғарып жүрген, қазіргі таңда өзінің даралығын қалыптастыра алғандардың қатарына КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» ток-шоуының тележүргізушісі Дина Төлепбергенде бар! Он жылдан астам тарихы бар бұл бағдарлама сан алуан өзгеріске ұшыраған, бірақ соған қарамастан қайтпас қайсар мінезінің арқасында Дина Төлепберген осыншама жылдан кейін барша халық назарын өзіне аңғарта алды. Бағдарламасы шоу деген атына сай! Әр эфирінде сан алуан шоу болып жатады. Динаны ерекшелеп даралайтын қасиеттері эфирге алатын тақырыптарының еркіндігі мен қазақ халқы қабылдай алмайтын мәселелерді өткір тілде қозғай білуі! Өз эфирлерінде келген қонақтарды сұрақ астына ала отыра, арасында сөзбен астарлап келемеждеп, кейде мақтап алып алатын ерекшелігі өзіне халыққа жол ашып берді! Өз басым Дина Төлепбергенді батыл журналисттер қатарына жатқызамын, кейде бір тілімен билікті шағып алады! Танымал тұлғаларменде эфир жасап, қатесін көрсе көрдім деп, өзінен биіктегілердің биіктігіне қарамастан өзін еркін ұстай алады! Бірақ,кейде тым ерсі тақырыптар қозғап кететіні халық арасында наразылық тудыртып жатады! Бұлда айлалы журналисттің қармаққа ілген құрты ғой! Өз кезегінде Дина өзінің эфирінің өтуі үшін барынша шоу жасауға, қазақ менталитетіне жат тақырыптарды козғап өзіне көрермен санын арттыру қамын жасап жатыр, бірде атың шықпаса жер өрте деп болмайтын әңгімені қозғайды деп даттағың келеді, кейде болар бала жасынан деп жаңа тақырыптарда алғаш әкеліп жатқанына қарап мақтағың келеді, біз қалай қабылдап, қабылдамасақта бұл журналисттің дара екенін халық өзі мойындаған! Дәл осы «Астарлы ақиқат» ток-шоуының менің тіліммен айтқандағы ресейлік оригинал нұсқалы «Мужское-женское» шоуының жүргізушілерініңде даралықтары дәл Динанікіндей! Бірақ осы шоудың тізгіншілері Александр Гордон мен Юлия Барановская ең бір сұрапыл ерекшелігі олардың шоуды өздерінің жасай алуында, яғни, келіп отырған кейіпкерді даттап, кінәлап, эфир үстінде айқайлап, өштесіп отырған қонақтардың өштігін одан әрі арттырып, соңын төбелеске дейін әкеле алуы адамдық тұрғыда дұрыс емес әрекет болғанымен, шоу жасау алу жағынан қарағанда ең жоғары баға берерлік әрекет! Бұдан бөлен Гордонның Ресейлік билікке тиісіп, мемлекеттерінде заң әлсіз екенін тікелей эфирде айтып, мемлекеттік қызметкерді эфирінен қуып жіберу үлкен батылдық әрі тұрып қол шапалақтарлық әрекет, әттең бізгеде осындай эфирде жұлып жер қасқырдай отыра алатын,сөздерін нысанаға атқан жебедей қадайтын азулы журналисттер артықтық етпес еді! Бағдарлама тақырыптары өте ерсілеу болғанымен, шоуды көру баршаға қызық! Ресейде халық асыға күтетін, рейтингі жоғары бағдарлама! Көрші Ресеймен сөйлер тіліміздің бір екеніненбе, екі көзім сол жақтың шоуларына көзім түсе береді. Ресейлік тағы бір рейтингі жоғары,көрермен мол бағдарламаның бірі Андрей Малахов жүргізетін «Прямой эфир» бағдарламасы! Андрей Малаховтың журналисттік ерекшелігі өз алған тақырыбын,көтерген мәселесін соңына дейін апара алуында! Келген кейіпкерін аш қасқырдай жұлып,  барды бар, жоқты жоқ деп айта алатын Андрей Малаховтың эфиріне келгендерге кейде «соры бе елі екен» деп еріксіз айтып кетесің! Эфир өте жақсы тізгіндейді! Көрерменді өзіне баурап алады. Нағыз бір өзінің даралығы айқын көрінетін журналист дәл осы Малахов! Малаховтан бөлек Максим Галкиндіде өзіндік журналисттік даралығы барлар қатарында енгізуге болады. Балаларға арналған «Лучше всех» көңілді бағдарламасы ресейлік барша халықтың ең сүйікті бағдарламасы айналғалы біршама жылдың жүзі болды! Максим Галкиннің ерекшелігі өзінің эфиріне келген кішкентай көрермендермен балаша ойнап, күлкімен шоу жасай алуы! Орда бұзар ересек адам болсада әр эфирде екі езуі екі құлағына жетердей, қарқыл күлкісімен бал бөбек балалармен сұхбаттары еріксіз сүйсіндерді. Балаларға қоятын сұрақтарыда ерекше,жай сұрақ болғанымен астарлап қойылады,түбінде бір мән жатады! Сол бағдарламасына келген балалардың энергиясын алып, сол жерде отырғандарға шуақша шашатындай эфиріне көре отыра күлкімен жас ұзартып аласың! Максим Галкиннің бұл эфирі тек ресейлік қана емес сондай-ақ өзгеде шетелдік мемлекет тұрғындарының сүйіп қарайтын бағдарламасы! Бұдан бөлек өз еліміздеде қаншама дарынды журналисттер бар, мәселен, көркем тілді Нартай Аралбайұлы, тосыннан қойған сұрағы ойландырып жіберетін Дана Нұржігіт, Нұртілеу Иманғалиұлы, Нұртөре Жүсіп және тағы басқалары!

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (69.4 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club