АБЖ, АБЖ–ғы әсерлер, басқарылатын объектілердің қасиеті, кері байланыстар, АБЖ жіктемелері. АБЖ алуан түрі. АРТ–ң негізгі есептер. Диффере
Автор: teleuova_gulnur • Октябрь 28, 2020 • Доклад • 3,358 Слов (14 Страниц) • 570 Просмотры
Негізгі түсініктемелері. (АБЖ, АБЖ–ғы әсерлер, басқарылатын объектілердің қасиеті, кері байланыстар, АБЖ жіктемелері. АБЖ алуан түрі. АРТ–ң негізгі есептер. Дифференциялдық теңдеулер, өтпелі және беріліс функциялары, жиіліктік сипаттамалары).
Басқару деп қандай–да бір үрдісті жүзеге асыруға бағытталған әсерлердің жиынтығын немесе нақты бір мақсатқа жету үрдістерінің тобын айтамыз.
Басқару техникалық жүйелер, тірі ағзалар және әлеуметтік жүйелер (экономикалық, әкімшілік, әскери) үшін қажет. Мұнда техникалық жүйелерді басқару қарастырылады.
Автоматты деп тікелей адамның қатысуымен жүзеге асырылатын басқаруды айтамыз.
Автоматты басқару жүйесі деп қандай да бір үрдісті жүзеге асыру үшін арналған құрылылардың жиынтығын немесе тікелей адамның қатысуысыз үрдістер тобын айтамыз.
Мұндай жүйелерде адам тек қана алдыңғы қосу импульстік бере алады. Көп жағдайларда осы бастапқы импульстің өзі де автоматтың құрылғыларымен беріледі.
Автоматты әсердің басқару жүйелеріндегі әсерлер. Типтік әрекеттер Δt
Әсер деп автоматты басқару жүйесін басқарғыш деп атайды.
Келесі түрдегі әсерлер болады; беруші, басқарушы, қоздырушы.
Беруші деп басқарылатын шаманың өзгеруінің қажетті заңдылығын анықтайтын жүйеге енгізілетін әсерді айтамыз. Беруші әсер ретінде қандай да бір физикалық шама қолданылады (электр кернеуі, ауа қысым, механикалық орын ауыстыру және т.б.).
Басқарушы деп бақарылатын шаманың берілген заңдылық бойынша өзгеруін қамтамасыз ететін әсерді айтамыз. Басқарушы әсер жүйеде беруші әсердің көмегімен түрленеді (құрылады).
Қоздырушы әсер деп басқарылатын шаманың берілген өзгеру заңдылығын бұзатын әсерді айтамыз. Қоздырушы әсерлерге басқару обектісінің жүктемесі; ішкі жағдайлардың өзгеруі (температура, қысым, ылғалдылық және басқалар), жүйенің жеке элементтерінің қасиеті уақыт бойынша өзгеруі.
Үрдістің жүрісіне тез әсер ететін қоздырушы әсер негізгі қоздырушы әсер немесе негізгі қозу деп аталады.
Үрдістің жүруіне жай (әлсіз) әсер ететін қоздырушы әсерлер екінші дәрежедегі әсерлер деп аталады, оларды ескеру қиын. Мысалы тұрақты ток электр қозғалтқышының өзгермейтін айналу жылдамдығын ұстап тұру жүйесінде басқарушы әсер болып қозғалтқыш якорына қосылған кернеу болып табылады, негізгі әсер болып валға түскен жүктеменің өзгеруі, ал екінші дәрежедегі әсерлерге – электрлі және магнитті тізбектің кедергілерінің өзгеруі жатады.
Бірлік секіріс және баспалдақты әсер . Мұндай түрдегі әсерлерге немесе жүктеме нобросы қосылу немесе кернеу және т.б. әсерлер сәйкес келеді.
Математикалық бірліктік келесі түрде беріледі (өрнектеледі):
0 үшін t < 0;[pic 1]
f(t) = (1.1)
1 үшін t ≥ 0.
Сатылы әсер
0 үшін t < 0;[pic 2]
f(t) =
А үшін t ≥ 0.
Мұндай заңдылық бойынша өзгеретін әсер t >0 болған кезде болмайды және t[pic 3][pic 4]боғанда тұрақты мәнін сақтап қалады (1.1, сурет, [pic 5] және [pic 6]).
...