Балдың пайдасы мен емдік қасиеті
Автор: yersinovna13 • Ноябрь 6, 2020 • Реферат • 3,575 Слов (15 Страниц) • 771 Просмотры
Аңдатпа
Менің жұмысымның тақырыбы: «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті». Жобамда ара балының пайдасы мен емдік қасиетін зерттеу арқылы өнім алу. Зерттеу жұмысының мақсаты: Ара балының адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Бал арасының пайдасы мен емдік қасиетін зерттеп, ара балының кеңінен таралған ауруларға ем қолдану тәсілдерін көрсету. Жұмыстың өзектілігі: Жоба барысында балды күнделікті өмірде жиі қолданып қана қоймай, оңың көптеген пайдасын, емдік қасиетін зерттейтін боламыз.Зерттеу жұмысында талдау, бақылау, қолдану әдістері пайдалынады. Зерттеудің болжамы: Балдың пайдасы мен емдік қасиетін анықтап, ем болатын ауруларға қолдану әдісін насихаттау.
[pic 1]
Жоба жетекшісінің пікірі
Тасбулатов Жәнібек қоршаған ортаны танып білуге өте құштар. Ол табиғаттағы түрлі құбылыстарға, өсімдіктер мен жәндіктерге, олардың адамға тигізетін зияндылықтары мен пайдаларын білу үшін қызығушылықпен ізденіс жасайды. Өзінің алғашқы шағын ізденіс жұмысын ара балы,оның түрлері,пайдасы мен емдік қасиеті туралы мәліметтер жинаудан бастады. Оқушы «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп,болашаққа арналған нақты жоспар құрып отыр. Осындай шығармашыл ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.
Пікір жазған: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Магзумова А.Е
[pic 2]
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................3
- ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Балдың шығу тарихы...........................................................................................4
- Балдың түрлері..................................................................................................4-5
- Балдың құрамы..................................................................................................5-6
- Балдың жасалу жолдары...................................................................................6-7
- Балдың пайдасы.................................................................................................7-8
- Балдың емдік қасиеті.......................................................................................8-11
- ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
- Балдан шәрбат дайындау...................................................................................12
- Сауалнама жүргізу.........................................................................................13-14
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................16
[pic 3]
Кіріспе
Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен,оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп, адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Сондықтан да, табиғаттың біз білмес қырларын білу үшін, жан-жақты зерттеуді ұйғардым. Мені, әсіресе , ара балының пайдасы мен емдік қасиеті қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» деп алдым. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында балдың түрлері, олардың адамзатқа пайдасы мен емдік қасиеті жайында мәліметтер жиналды. Ара балының құрамы және балдан жасалатын денсаулыққа пайдалы шәрбат туралы қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты: Ара балының адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Бал арасының пайдасы мен емдік қасиетін зерттеп, ара балының кеңінен таралған ауруларға ем қолдану тәсілдерін көрсету.
Міндеттері:
1. Балдың шығу тарихын, түрлерін, құрамын жасалу жолдарын зерттеу;
2. Балдың пайдасы мен емдік қасиетін көрсету;
3. Бал арасынан емдік шәрбат дайындау.
Зерттеудің өзектілігі: Жоба барысында балды күнделікті өмірде жиі қолданып қана қоймай, оңың көптеген пайдасын, емдік қасиетін зерттейтін боламыз.
Зерттеу жаңашылдығы: Зерттеу жұмысында балдан ауруларға ем болатын шәрбат дайындау тәсілдерін ашып көрсету.
...