Менің даралық ерекшеліктерім
Автор: aibekkalmyrza • Октябрь 17, 2020 • Эссе • 271 Слов (2 Страниц) • 776 Просмотры
Эссе
Жазған: Калмырза Айбек
Тақырып: Менің даралық ерекшеліктерім
Әр тұлғаның өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшелігі, жеке-психологиялық жай-күйі мен айрықша көзге түсетін қадір қасиеті болатыны ешкімге құпия емес. Осындай индивидуалдық құндылықтарды даралық ерекшеліктер дейміз.
Адамдардың дарлық ерекшеліктері оның білімі, пікірі, сенімі, мінез-құлқы, темпераменті секілді айықын көріністерден байқасақ болады. Адам өзінің мінезі жайлы дөп басып айта алмайды. Сондықтан психолог ғалымдарының кеңесі бойынша психолгиялық тест тапсыру арқылы даралық ерекшеліктерге түсінік алсақ болады. Тақырыптан ауытқымай менің даралық ерекшеліктерім тесттер нәтижесі бойынша қандай екендігін анықтайық.
Тезис: психолгиялық тест қорытындысы бойынша менің даралық ерекшеліктерім флегматикпенен сангвиник темпераменттері арасында қалыптасқан. Осы темпераменттер жайлы келесі аргументтерде қарастырайық:
1) Флегматиктік темперамент жағынан сабырлы, қиындықтарға төзімді, сөзім аз, басқа адамдардың критикалық сөздерін мүлде көңілге алмаймын, тұрақты көңіл күйдемін, жұмыс жасағанда өзім жасағанды ұнатамын, өзге адамға деген сенімсіздік жоғары, қатал, фактілерге сүйенгенді құп көремін, ойымды жеткізгенде оны өзімі дәлелдемей басқамен бөліспеймін және де жалқаулығым басым екен.
2) Ал сангвиниктік темперамент жағынан энергияға мол, іс қимылдарды тез жасағанды ұнатамын, тез сөйлеймін, ойыма келгенде тұрақсызбын, бірнәрсеге деген көзқарасымды өзгертуім қиын емес, логикам жақсы дамыған, шешім қабылдағанда ішкі түйсікке мүлдем көңіл бөлмеймін, әр нәрсені логикаға сүйене шешкенді құптаймын, достыққа келгенде өте адалмын, әрдайым көмектескім келіп тұрады, көреалмаушылық қасиетім мүлде жоқ.
Енді өзім байқағаным бойынша даралық ерекшеліктерім жайлы сөз қозғайын. Мен болашақта болатын оқиғалар жайлы көп ойлайстырамын, және де ол ойларым көбіне писимистік жағдайда қалыптасады, осы писимистік ой қалыптаспас үшін қимыл істеуде кері мотивация арқылы шабыт алу арқылы жақсы жетістіктерге жетемін. Тағы бір байқағаным мен өте жалқаумын, кез келген істеу керек жұмысты тек тақалғанда істеймін, осы қасиетіммен күресуім керек.
...